Ашық сабақ "Салт- дәстүрім - қазынам"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Салт- дәстүрім - қазынам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ технология сабағынан қыз балаларға арналған, сайыс сабақ. Сабақ салт- дәстүрімізді дәріптеу, құрметтеу мақсатында құрылған, қазіргі заман талабына сай үштілділік қамтылған.Нәтижесінде тіл мәдениетін білетін, ұлттық сана -сезімі ұшқыр азамат тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Салт- дәстүрім - қазынам.

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың жан- жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын, салт- дәстүр, мақал- мәтелдер туралы білімдерін сынау, ұлттық салт- дәстүр, әдет- ғұрыпты оқушылар бойына дарыту.

Дамытушылық : оқушылардың икемділік, шеберлігін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: тіл мәдениетіне, ұлттық сана- сезімге, әдемілік пен әсемдікке,салт- дәстүрімізді дәріптеп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, бесік,тұсаукесер жабдықтары, конверт, нөмірлер.

Мұғалім:

Танысқысыңыз келсе , қазақ жұртымен,

Салт- дәстүрі, тарихы, әдет- ғұрпымен.

Нағыз қазақ қалада емес, далада,

Танылатын ұлттық мінез құлқымен.

Жақсы дәстүр- сақтар елдің елдігін,

Екендігін түсінесің сен бүгін.

Танытады қалпыменен қонақ жай ,

Нағыз қазақ жүрегінің кеңдігін.

Оқушылар бүгінгі тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орайластырып отырған сабағымыздың тақырыбы: «Салт- дәстүрім -- қазынам» деп аталады.

Негізгі мақсатым- оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру,ұлтымыздың дәстүрінен үлгі алу, оқушылырды ұлттық салт- дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.


Жол сілтеген биікке ұстаздарым,

Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын.

Әділдікті ең алға мақсат еткен,

Таныстырайын әділқазы алқаларын.

-Әділқазы алқаларымен таныстырамын.

Сайыстың бағдарламасы:

  1. «Сәлем - сөздің атасы» .

  2. « Сен білесің бе?»

  3. «Мақал- сөздің мәйегі»

  4. «Бәйге»

  5. Салт- дәстүрге сұрақ- жауап.

  6. Салт- дәстүрден көрініс.

Сонымен әр топтпн 1 оқушы мына қоржыннан сандық белгісі бар асықты алып, топтың реттік нөмерін анықтайды.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Өнер қуып сайыскерлер өтсе деймін,

Бір басына өнері жетсе деймін.

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.

І. «Сәлем- сөздің атасы» әр топ өздерінің атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстырады. 5 ұпайға дейін бағаланады.

  • « Бәйшешек» тобы,

  • «Раушан гүлі» тобы

  • «Қызғалдақ» тобы

ІІ. «Сен білесің бе?» Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

(Конвертте қойылған сұрақтарға нақты жауап береміз)

  • Киіз үйдің құрылысын атап бер.( Шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық.)

  • Домбыраның құрылысын атап бер.( Бас, құлақ, мойын, тиек, шанақ ойығы, түйме, пернелері.)

  • Ұршықтың құрылысын атап бер.(Сабы, қаңғалақ, мұрындық)

ІІІ. «Мақал- сөздің мәйегі» сайысында берілген мақалдың жартысын толықтырып, мағынасын ашып береміз. Толық жауап үшін 5 үпай.

Shape1

2. Бар 1. Ас тасыса қатығы төгілер,

( Ашу тасыса ақыл төгілер.)

2. Алты жыл аш жүрсең де,

(Ата салтыңды ұмытпа.)

3. Өнер іздеген өсер

(Өсек іздеген өшер.)


















Shape2

2. Бар 1. Ынтымақ- көптің батасы.

(Нан- тағамның атасы.)

2. Салт-дәстүрге адал болған арымас,

( Арам болған жарымас.)

3. Өнерлінің қолы алтын.

(Өлеңшінің сөзі алтын.)















Shape3

1. Еңбек -өнер өрісі,

(Өнер- өмір жемісі.)

2. Арпа, бидай ас екен,

(Алтын, күміс тас екен.)

3. Ата- салтын сақтамағанды,

(Елі мақтамайды. )











ІV. «Бәйге» Бұл бөлімнің шарты әрбір оқылған сұрақтарға тез және дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.Барлығы 10 ұпай. Сайысқа топтың барлық мүшелері қатысады.

І-топ үшін

  1. Қалыңдықтың бас киімі- сәукеле.

  2. Шұға ненің атауы?- мата

  3. Бір асым – ет.

  4. Керегеге жабылатын киіз- туырлық.

  5. Мәсінің сыңары- кебіс.

  6. Қыз жасауы - сандық

  7. Үш биді ата- Төле би,Әтеке би, Қазыбек би.

  8. Түйенің пірі- Ойсылқара

  9. Қозы етінен дайындалатын қуырдақ - сірне қуырдақ.

  10. Пэчворктың аудармасы- құрақ.

ІІ- топ үшін

  1. Қыз баланың сыбағасы- құйымшақ

  2. Киіз төсеніш- сырмақ (текемет)

  3. Бір үзім- нан

  4. Мауыты дегеніміз не?- қымбат мата

  5. Үш арсызды ата- ұйқы күлкі, тамақ

  6. Сиырдың пірі- Зеңгі баба

  7. Жүн сабауға арналған тері- тулақ

  8. Шаңыраққа не бекітіледі?- уық

  9. Ерлердің бас киімі-тұмақ.

10.Аң етінен дайындалатын қуырдақтың түрі- манас қуырдақ.

ІІІ- топ үшін

  1. Қыздардың бас киімі- тақия

  2. Дастарқанға берілетін тілек- бата

  3. Бір елі- қазы

  4. Ұлдың жасауы- ер

  5. Киіз үйдің қабырғасы- кереге

  6. Барша ненің атауы?- қымбат мата

  7. Жылқының пірі- Қамбар ата

  8. Шаңыраққа жабылатын киіз- түндік

  9. Үш қуатты ата- ақыл, жүрек, тіл

  10. Вышивканың аудармасы- кесте

V. Салт- дәстүрге сұрақ- жауап.

Берілген анаграмманы дұрыс шешсеңіздер, салт- дәстүрлердің атауы шығады.


  • ТАҢҒЫБАС - БАСТАҢҒЫ

  • ШАЛУ БАНҚҰР - ҚҰРБАН ШАЛУ

  • ДЕХАНАШІЛ - ШІЛДЕХАНА.

VІ. Салт- дәстүрден көрініс.

Ата салтым, асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.


Әр топ төмендегі салт- дәстүрге көрініс көрсетеді. Ұпаймен бағаланады .

  • Бесікке салу

  • Тұсау кесер

  • Еттен табақ тарту

Бесікке салу

Шілдехана өткеннен кейін , баланың әке- шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен аналардың бірі әкеліп сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесікті жын шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаны баптап салады. Баланы жатқызып бөлейді. Қолбау, белбеу, аяқбаумен тартып байлап қояды. Тілектерін айта отырып, алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады, көз тимесін деп , тұмар тағады, ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.

Тұсау кесер.

Тұсау кесу- сәби қаз тұрғаннан кейін тез жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін деп, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл бала осы адамға тартсын деген тілекпен туған рәсім.

Қаз- қаз балам, қаз балам

Қадамыңды бас балам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін , - деп тілек айтады.

Еттен табақ тарту.

«Ас- адамның арқауы»беп бекер айтпаған. Үйіне алыстан қонақ келсе алдымен қой сойып, қонақ асы жасаған халықпыз. Қонаққа еттен табақ тарту- ұлттық салтымыздың бірі.

Бас табақ- бас, жамбас салынады. Басты мал арнайы сойылған қонақтың ең жасы үлкені немесе оның ұсынуы бойынша басқа бір белді кісі ұстайды.

Сый табақ- сый табаққа да бас, жамбас салынады, сыйлы қонақтың алдына қойылады.

Орта таба-.асық жілік, кейде жамбас та түседі.

Құдағайлар табағы- құдағайлар табағында жамбас немесе асық жілік пен сүбе болады.

Аяқ таба-.еттің басқа мүшелерінен жасалып, ауыл адамдарына қойылады.

Қыздар табағы- қыздар табағына жүрек, бүйрек, жағы мен тіл салынады.

Күйеу таба-. күйеу табаққа бір сан жілік пен төс аслынады.

Келін табақ(беташар табағы)-келін табаққа ұлтабар және жүрек салынады.


Сонымен оқушылар, бүгінгі дәстүрімізді құрметтеудегі сайысымыз өз мәресіне жетті. Сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Ұпайы көп топтың оқушыларына «Ең үздік топ» жүлдесі ұсынылады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.03.2018
1582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі