Тереңкөл орта жалпы білім беретін
мектебі
7-сынып
Шалудың негізгі
түрлері
(ашық сабақ)
Өткізген: Кадырова
А.Ж.
2014-2015 оқу
жылы
Күні: 11.03.15
Тақырыбы: Шалудың негізгі
түрлері
Мақсаты:
Білімділік: Ілмек бізбен тоқу
технологиясымен таныстыру, орындалу әдістерін
үйрету
Дамытушылық: Ілмек бізбен жұмыс істеу
дағдыларын, шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелілік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке,
өз бетінше жұмыстануға,
әдемілікке, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Сабақ
типі: Аралас
сабақ.
Сабақтың
түрі: Түсіндірмелік теориялық,
сарамандық.
Әдіс
–тәсілдері: Іздену, түсіндіру, сұрақ –
жауап, оқушымен жұмыс, көрсету.
Пәнаралық
байланыс: Математика, химия,
бейнелеу.
Сабақ
барысы: І.Ұйымдастыру
кезеңі.
а)оқушыларды
түгендеу
ә)сынып тазалығына назар
аудару
б)оқушының сабаққа дайындығын
тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру. Гүл астында жасырылған
сұрақтарға жауап береді.
-
Ілмек біздің шығу тарихы туралы не
білесің?
-
Тоқуға арналған ілмек біздерді қандай
материалдардан жасайды?
-
Ілмек біздер қалай ажыратылады?
-
Іліп тоқу неліктен ер адамдардың кәсібі
саналған?
-
Ілмек бізді қолда қалай ұстау
керек?
ІІІ. Жаңа тақырыпты
түсіндіру.
Бірінші шалуды кім және қашан ойлап тапқанын
ешкім білмейді. Бірақ таңғажайып шалу біздің дәуірімізден бұрын
пайда болған.
Египетте мазарлардың бірінен баланың тоқылған
аяқкиімін тапқан. Археологтар оған 4 мың болғанын анықтаған. Ал
келесі бір мазардан тоқылған шұлықты тапқан, бір қызығы үлкен
бармағы бөлек тоқылған. Ол кездегі киетін аяқкиімге ыңғайлы
екен.
Ең қызығы тоқу алғашында ер адамдардың кәсібі
болған. Онымен аңшылар, балықшылар айналысқан. Олар торлар мен
аулар тоқыған. Уақыт өте келе бұл іспен әйелдер айналыса бастаған.
Климаты қатаң аймақтарда әйелдер үй ішіндегілерге түрлі жылы киідер
тоқыған.
Ал оңтүстік аймақтарда күн көзінен қорғану үшін
түрлі қолшатыр, шляпа, шәлі, қолғаптар тоқыған.
Қазіргі кезде тоқыма адамның
«хоббиына» айналған. Егер қазіргі сән үлгісіне салып өзің тоқып
кисең өте әдемі көрінеді. Оның үстіне дайын бұйымдарға қарағанда ол
өте арзаңға түседі. Ілмек бізбен түрлі жиде, көйлек, сөмке, шұлық,
жайма және пәтер интерьерлерін тоқуға
болады.
Ілмекбізбен тоқудың тағы бір
ерекшелігі басында тоқылған бұйымды тарқатып – сол иірімжіпті
қайтіп бірнеше рет қолдануға болады. Тоқылған заттың сапасы
иірімжіпке байланысты. Алуан түрлі иірімжіптер бар. Жіпті де
бұйымға қарап таңдау керек.
Зығыр-Салыстырмалы алғанда берік
иірімжіп.
Жоғары температурада отырмайды, жылдам
кебеді.
Мақта
иірімжібі - Қолмен тоқуда баяғыдан
қолданып келе жатқан иірімжіптің ең кең тараған
түрі
Мохер - Ұзын, үлпек талшықты жүн
иірімжібі. Мохерден жеңіл, жылы бұйымдар тоқуға
болады.
Жүн
иірімжібі -
Бұл табиғи материал. Қырқылған
қой жүнінен алынады.
Ангор -
Ангор жүнін ангор тұқымдас
ешкілерден алады. Біріншіден қымбат, екіншіден
созылмайды.
Кашемир
- Өте жеңіл, жылы, жұмсақ
иірімжіп. Бірақ үйкеліске өте шыдамсыз, түйіршіктеліп дөңгелектер
пайда болды.
Вискоз- Өте жеңіл, жылы, жұмсақ
иірімжіп. Бірақ үйкеліске өте шыдамсыз, түйіршіктеліп дөңгелектер
пайда болды
Басында ілмек біздер ілмексіз
тегіс таяқшалар болған. Қазіргі кезде ілмек біздер әртүрлі
материалдан жасалады: болат, алюминий, сүйек, пластмасса, ағаш.
Диметрлері 1-8мм дейін. Қалыңдықта болады. тоқу үшін ілмекбіздің
басына назар аударған жөн. Егер басы үшкір болса тоқу барысында
саусақты жаралайды. Егер жаңа ілмекбіздің басы бұдырлау болса, ұсақ
егеумен егеу керек.
Ілмекбізді ирімжіптің жуандығына қарай таңдайды.
Қанша жіп жуан болса ілмекбізде сонша жуан болуы керек. Егер жіп
жіңішке болса, ілмекбізде жіңішке болуы керек.
Ілмекбізбен іліп тоқудың
негізгі элементтері:
1.Бос шалу
2.Шалмасыз бағанша
3.Шалмалы бағанша
Ілмекбізді қалам сияқты оң қолға ұстайды. Сұқ
саусақ шамалы алдыға шығып ілмекбізде жатады. Жіп алақан ішімен
саусақтар арасымен өтеді.
Шалманың пайда болуы.
1-бос шалу, 2- бос шалу тізбек.
Бос
шалу тізбегі бұйымын төмендегі
шешін құрайды. Тоқуды бұрғанда, яғни бір қатардан екінші қатарға
өткенде, өрнек тоқығанда қолданылады.
Шалмасыз
бағанша-беті тегіс шығу үшін көптеген
өрнектерде қолданылады. Ілмекбізді тізбек ілмегіне кіргізіп,
жұмысшы жіпті іліп алып, тізбек ілмегі арқылы тартып шығарады.
Ілмекбізде екі ілмек пайда болады. Жұмысшы жіпті іліп алып, енді
екі ілмектен тартып шығарады. (сурет)
Шалмалы
бағанша – Ілмекбізге шалма тастап,
бізді тізбек ілмегіне өткізіп жұмысшы жіпті іліп, тізбектің ілмегі
арқылы тартады. Ілмек біздегі ілмек пен шалуды жұмысшы жіпті
ілмекбізге тастап, оны ілмек және шалма арқылы тартып шығарып
байлайды. Содан жұмысшы жіпті ілмек біздегі екі ілмек арқылы тартып
шығарады.
Қауіпсіздік
ережесі.
Жұмыс орнын ұйымдастыру. Ілмек
бізбен тоқығанда сақталған қауіпсіздік
ережесі:
1.Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы
керек.
2.Орындық арқасына сүйеніп, тік отыру
керек.
3.Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп
отырады.
4.Ілмекбіздің ұы қауіпсіз, шектелген болуы
крек.
5.тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда
иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда
қолды жуу қажет.
6.Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтарды жәшікке
жинап салу керек.
7.Ілмек бізді қорабымен алып
жүру қажет.
Сарамандық жұмыс:
Қажетті
құрал-жабдықтар: ілмек біз, иірімжіп,
қайшы
Технологиялық карта «Гүл
тоқу»
|
1
|
6 бос шалу жасаймыз
|
2
|
Тізбектің екі ұшын біріктіреміз. Гүл ортасы
пайда болды.
|
3
|
4 бос шалу жасап аламыз
|
4
|
Екі үстемелі бағана
тоқимыз.
|
5
|
Дәл осылай тағы екі қатар тоқып
аламыз
|
6
|
Гүлдің бір күлтесін аяқтау үшін 4 бос шалма
жасап алып, гүлдің ортасына біріктіреміз
|
7
|
Дәл осылай гүлдің қалған үш күлтесін
дайындаймыз. Гүліміз дайын.
|
Қорытынды
Білемін
|
Үйрендім
|
Білгім келеді
|
|
|
|