Материалдар / Ашық сабақ "Салыстыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Салыстыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Салыстыру" Мектепалды даярлық тобы балаларына қызықты математика пәнінен өткізуге арналған. Заттар тобын салыстырады және көлеміне қарай ажыратады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Шілде 2022
623
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Түркістан облысы

Шардара қаласы

«Балбөбек» бөбекжай балабақшасы

Тухсанбаева

Ботагөз

Сейдахмедова



Білім беру саласы: «Таным»

Білім бөлімі:«Қарапайым математика»

Тақырыбы: «Салыстыру»

Мақсаты: Заттар тобын салыстырады және көлеміне қарай ажыратады.

Сабақты өткізу әдісі: Құрылымдалған ойын түсіндіру, сұрақ-жауап, ғажайып сәтті қорыту.

Көрнекі құралдар: Суреттер, ойыншық аю, үлестірмелі материалдар.

Қызығушылықтарын ояту кезеңі.

-Қане балалар, шаттық шеңберге тұрайық.

-Бүгін біздің сабағымызға қонақ апайлар келіп отыр, алдымен сәлемдесіп алайық.

Шаттық шеңбері:

Бәріміз енді тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы-жақсы сөздерді

Қонақтарға сыйлайық.

-Жарайсыңдар балалар!

-Менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

-Қане балалар, жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.

-Жүрек

-Аспанымыз ашық болсын!

-Ауырмайық!

-Нанымыз көп болсын!

-Бейбітшілік болсын!

-Балабақша гүлдене берсін!

-Ата-анамыз аман болсын!

-Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен қуанышпен бастайық.

-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?

-Төрт мезгіл бар

-Дұрыс айтасыңдар!

-Ал енді атап шығайықшы

-Көктем, жаз , күз, қыс

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі?

-Жарайсыңдар балалар өте ақылды екенсіңдер.

Балалар , бүгінгі оқу-қызметімізде «Таным» саласы бойынша математика бөлімінде «Салыстыру» тақырыбында өтеміз.

Ғажайып сәт: «Аю»

-Балалар, мен балабақшаға келе жатып, жолда мына аюды кездестірдім.

(ойыншықтар аюды көрсетеді)

Қолында өзімен хат ала келіпті.Мен хатты оқып беремін, сендер мұқият тыңдаңдар!

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Мен орманда келе жатып адасып қалдым.Сендер менің өз үйімді табуға көмектесесіңдер менің сендерге арналған сыйлықтарым бар!

-Балалар, аюға көмектесесіңдер ме?

-Аюға көмектесу үшін біз бірнеше тапсырманы орындауымыз керек.

1-тапсырма:

Құрылымдалған ойын;

«Көлеміне қарай ажырат»

Шарты: Қояндардың көлеміне қарай сәбіздерді ажыратып қояндарға береміз.

-Балалар тапсырманы орындайды.

Сергіту сәті

Ақ қоян-ау ақ қоян

Торға сені сап қоям

Тілімді егер алмасаң

Ап деп сені жеп қоям

Музыкалық әуенге ырғақты қимыл жасау.

2-тапсырма: «Заттар тобын салыстыру»

Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын.

Шарты: балаларды кезекпен шақырып ойыншықтарды салыстыру.

Шығармашылық жұмыс:

Балаларды екі топқа бөлу:

1-топ Трактордың дөңгелегін қима-қағаздардан құрастыру.

2-топ: Үлкен-кіші суреттерді бір-біріне сәйкестендіру.

Рефлексифтік әрекет

Қорытынды сұрақтар

Балалар сендер тапсырманы орындай отырып аюдың үйіне барар жолды көрсетіңдер!

Балалар сұрақтарға жауап береді.

-Балалар сендер нені білдіңдер?

-Балалар аюға қалай көмектестіңдер?

-Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу ісәрекетке өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп-көп рахмет!

Күтілетін нәтиже:

Меңгеруі: Заттарды салыстырды, көлемін ажыратты.

Нені білді: көлеміне қарай ажыратуды білді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!