Материалдар / ашық сабақ. Сан есімді қайталау. 6 - сынып

ашық сабақ. Сан есімді қайталау. 6 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1/ білімділік: оқушылардың «Сан есім» тарауы бойынша алған білімдерін жинақтау, тиянақтау; 2/ дамытушылық: ойлау белсенділігін дамыту, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, талдау машықтарын жетілдіру; 3/ тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, зейінділікке тәрбиелеу, сауатты жазуға үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
571
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталауМұғалімнің аты-жөні: Еламанова Р.М.Күні: 6.12.2017 ж
СЫНЫП: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты:

1/ білімділік: оқушылардың «Сан есім» тарауы бойынша алған білімдерін жинақтау, тиянақтау;2/ дамытушылық: ойлау белсенділігін дамыту, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, талдау машықтарын жетілдіру;3/ тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, зейінділікке тәрбиелеу, сауатты жазуға үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Берілген қосымша тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді. Өз ойларын еркін білдіреді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийіЖеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
РесурстарОқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдерСұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.



Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақытСабақ барысы :Мұғалімнің әс - әрекетіОқушының әс – әрекеті
Басталуы5 минутСәлемдесу. Топқа бөлемін : «Қима қағаздағы» сандар арқылы екі топқа бөлінеді. Берілген сан есімдер: бесінші, он төрт, жетеу, жиырма шақты, бір, алты-алтыдан, екі бүтін оннан бес, елулерде, онға жуық, мыңдап.Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

1-топқа дара сан есімдерді, 2-топқа күрделі сан есімдерді алған оқушылар отырады.
Үй тапсырмасын сұрау: 7 минут





  • «Балмұздақ таяқшасы» әдісі арқылы сан есімнен өткенді пысықтау


  • «Отбасы – шағын мемлекет» жазып келген жұмыстарын тыңдап, ішіндегі сан есімдерді мағынасына қарай талдау.
  • Балмұздақ таяқшасын суырған адам жазылған оқушыға тақырыпқа байланысты сұрақ қояды.

    Әр топтан екі оқушы жұмысын таныстырады.



    Сабақтың ортасы 16 минут

    1-тапсырмаМәтінде берілген сан есімдерді ретімен орналастыр.

    Жыл төрт мезгілге бөлінген. Міне, қыс мезгілі де келіп жетті. Жылдың төрттен бір бөлігі қысқа тиесілі. Қыс мезгілінің бірінші айы мерекеге толы. 1 желтоқсан – Тұңғыш Елбасы күні болса, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Анам екеуміз мейрамда нағашыларымызға қонаққа бардық. Қонаққа он шақты адам келді. Олар екі-екіден жұптасып алған. Мереке өте қызықты өтті.

    2-тапсырма «Жазбаша дөңгелек үстел» /Раундробин/ әдісі

    1 – топқа: Тәуелсіздік – ел мұраты2 – топқа: Біздің Елбасы

    3-тапсырма«ПОПС формуласы» бойынша сан есімнің атқарар қызметі үлкен екенін дәлелдеңдер.1.Менің ойымша..........2.Мен оны былай түсінемін......3.Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын.............4.Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім .......

    Екі топ бірлесе отырып берілген тақырыпқа өз ойларын жазады. Белгі берілген уақытта жұмыстарын алмастырып, ойларын жалғастыру керек. Соңында жұмыс тыңдалады.



































    Балалар топта жұмыстана отырып, берілген сөйлемдерді аяқтайды.
    Аяқталуы Сабақты бекіту7 минут «Сан есім» - сатылай кешенді талдау жасауСан есімЕрежесі – сан есім дегеніміз - заттың санын, ретін білдіретін сөздер

    Сұрақтары – қанша? неше? нешінші? нешеу?...

    Құрамына қарай – дара, күрделіДара сан есім бір түбірден тұратын негізгі не туынды сан есім – он, отызыншы;Күрделі сан есім екі не одан да көп түбірдің тіркесуінен, қосарлануынан, қайталануынан жасалған сан есім – оннан бес, бес-алты, екі-екіден

    Тұлғасына қарай – негізгі, туындыНегізгі сан есім түбір сан есімнен құралады – бес, жиырмаТуынды сан есім – жұрнақ арқылы жасалады – ондаған, жүздеген

    Мағынасына қарай – есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, топтау, бөлшектік




    Үйге тапсырма
    «Менің өмірбаяным». Сан есімдерді қатыстыра отырып, өмірбаяндарын жазады.Әр оқушы өз өмірбаяндарын жазады.

    Бағалау

    5 минут
    «Білім қоржыны» кері байланыс

    Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жапсырады.


    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ