Материалдар / Ашық сабақ "Сандық сәуле" 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Сандық сәуле" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
1180
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пән: математика Мектеп: №75 орта мектебі

Арал ауданы,Қарашалаң ауылы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Сандар мен цифрлар


Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

А.Т.Ермагамбетова

Сынып: 1 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы


Сандық сәуле.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдар-ламасына сілтеме)


1.1.1.1.** натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.

1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасу қалпын анықтау.


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Сандық сауледе натурал сандардың орнын біледі.

Көптеген оқушылар:

10 көлемінде сандарды тура және кері санайды, натурал сандар қатарындағы орнын табады.

Кейбір оқушылар:

Сандық сауледе рет-ретімен орналасуын түсінеді. Алдыңғы сан мен келесі санның орнын біледі.

Бағалау критерийлері:


10 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсініп, тура және кері бағытта санайды.
Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.

Сандық сәуледе белгіленген нүктелердің бір- біріне қатысты орнын анықтап, ретімен орналастырады.


Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз:

Сандық сәуледегі алдыңғы санды, келесі санды, сандар қатарын ажырата алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сандық сәуле, алдыңғы сан, келесі сан.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Бұлар қандай сандар?

-Алдыңғы және кейінгі сандарды таба аласың ба?

-Қанша сан түсіп қалды?

Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, жауапкершілік,

қарым-қатынас дағдылары, өмір бойы білім алу дағдыларын

қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек –әр футболкадағы номерлерді бояйды.

Дүниетану- жемістің суретін салады.

АКТ қолдану дағдылары

«Домино» суреттері


Бастапқы білім

Заттарды санауды, сандарды салыстыруды біледі.


Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы 3 мин





1 минут





1 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Ширату. «Паровоз» әдісі.

Шарты:1- ден 10-ға дейінгі сандар таратылады. Сандардың орналасу ретімен паровоздың вагондарына мінеді. Вагондар-ды ретімен санайды және кері санайды.

Кері байланыс: «Сұрақтар тізбегі» әдісі

-Нешеге дейін санадық?

-Қандай сандарды анықтадық?

Тура, кері санай аламыз ба?

Топқа бөлу: вагондардың түстеріне қарай бөлінеді.

Жасыл - «Сиқырлы сан»

Сары - «Дарынды сан»

Қызыл - «Киелі сан»


Сандар жазылған парақшалар,

суреттер.


Сабақтың ортасы

5 мин

























1 минут









5 минут

















1 минут







4 минут






















1 минут





4 минут




1 минут






4 минут




1 минут
















3 минут

М.К. Ұ. «Кір жаятын жіп» әдісі.

Кір қыстырғыштың көмегімен жіптің бойына натурал сандар ілінеді. Жіптің бойындағы сандарды кірқыстырғыштың көмегімен ретімен орналастырады, алдыңғы және келесі сандардың орнын анықтап, тура және кері санайды.





Сандар сандық сәуледе ретімен тұрады,әр санның өз орны болады.


Кері байланыс:«Ашық микрофон» әдісі.

-Сандарды тура және кері сана.

-5 санынан кейін келесі сан қандайсан?

-8 санының алдыңғы санын ата.

Бағалау: Жарайсың! Керемет!


Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сен санның сандық сәуледегі орнын табуды үйренесің.

Топтық жұмыс.Топ мүшелері өзара сайланады. Капитан топ мүшелерін сайлайды. Спикер баяндайды. Бақылаушы топ мүшелерінің іс-әрекетін бақылайды. Уақыт сақшысы уақытты белгілейді.

«Адасқан сандар» әдісі.

Сандық сәуледе сандардың орнын анықтайды.

Сандарды ретімен орналастырады.


1-топ -түсіп қалған сандарды табу.

2-топ - қанша сан түсіп қалғанын және қандай сандар екенін табу.

3-топ–2 және 5 сандары үшін алдыңғы және келесі сандарды ата.


Дескриптор:

- сандық сәуледе сандардың орнын біледі;

- сандардың реттілігін тауып, дұрыс орналастырады.


Кері байланыс:«Ақылды доп»

- 2 санынан кейінгі келетін санды ата.

- 9 санының алдында қандай сан бар?

- 5 мен 8 санының арасында қанша сан жоқ?

Бағалау: «Жұлдызшалар» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.


Жұптық жұмыс.

Шығарып көр. «Аюға көмектес» әдісі.

Құмырадағы сандарды тура және кері санайды.

Жұптар аю, құмыра суреттері арқылы жұптасады. Дұрыс қойылмаған бал құмыраларын бірінші құмырадан жетінші құмыраға дейін немесе кері ретпен жетінші құмырадан бірінші құмыраға дейін орналастыруы керек.



Дескриптор:

-Сандардың орнын анықтайды.

-Барлық қүмыраны ретімен орналастырады.

Кері байланыс: «Дәмді бал» әдісі.

-Сандар ретімен орналастырылды ма?

-Аю бал құмыраларын дұрыс қойған ба?

-7 санының алдыңғы саны қандай сан?

Бағалау:басбармақпен жұптар бірін- бірі бағалайды.


Жұптық жұмыс. «Жұптас, ойлан, бөліс!»

Шарты: Қолдарына таратылып берілген доминолардағы нүктелер санына қарап алдыңғы және келесі санды анықтайды.

Кері байланыс: «Сиқырлы таяқша»

- Екінші доминода неше нүкте бар?

-Бесінші доминодан кейін келесі қандай домино тұрады?

Бағалау: смайлик арқылы бағалайды.


Жеке жұмыс. «Сиқырлы бояу» әдісі.

Әрбір футболкаға сандарды ретімен жазып, екінші футболканы бояйды.

Кері байланыс: «Сиқырлы көзілдірік»

-Нешінші футболканы боядың?

-3 санынан кейін келетін сан қандай сан?

-1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура кері сана.

Бағалау: «Табыс баспалдағы» әдісі бойынша бағалайды.

Жасыл түс-түсіндім.

Сары түс-орташа түсіндім.

Қызыл түс-мүлде түсінбедім.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

Сандық сәулеге белгілеңіз:

-2санының оң жағындағы санды;

-5 санының сол жағындағы санды;

-8 бен 10 сандарының арасындағы санды.





Дескриптор:Білім алушы

-сандық сәулеге 2 санының оң жағындағы санды белгілейді және жазады;

-сандық сәулеге 5 санының сол жағындағы санды белгілейді және жазады;

-сандық сәулеге 8 бен 10 сандарының арасындағы санды белгілейді және жазады;


Сараланған тапсырма:«Орындап көр» әдісі.

1.Әрбір ағаштың астындағы сан қанша болса, сонша жемістің суретін сал.





2.Түсіп қалғансандарды жаз.



3.1-ден 10-ға дейінгі сандарды сандық сәулеге орналастыр.


Жіп, кірқыс-тырғыш,

сандар жазылған парақшалар

















Рисунок 15

















Сандық сәуле сызылған парақшалар,жүлдызша лар, домино, текше














Суреттер


















Рисунок 25













Суреттер, қарындаш




















Сандық сәуле сызылған парақшалар

Сабақтың соңы

5 мин

3 мин













2мин

Рефлексия: «Кім жылдам?» әдісі.

Оқушылардан сабақ тақырыбына сай сұрақтарға жауап беру талап етіледі.

Сандық сәуле бойындағы сандарды тура, кері сана.

-Бүгінгі сабақ бойынша нені меңгердіңдер?

-Сандық сәуледе сандар қалай орналасады?

-5,6,7 сандары үшін алдыңғы сандарды атаңдар.

-3,8,9 сандары үшін келесі сандарды атаңдар.

-Биыл неше жасқа толдың?

-Келер жылы неше жасқа толасың?

Оқушылар сабақ соңында қолдарындағы стикерлерді сабақты «Жақсы түсіндім» дегендері жасыл вагонға, енді «Түсініп келемін» дегендері сары вагонға,«Түсінбедім» деген қызыл вагонға жапсырады.


Жасыл – жақсы түсіндім

Сары – түсініп келемін

Қызыл - түсінбедім



Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау –оқушылардың материалды меңгер

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!