Ашық сабақ Сап және оның элементтері. Саптық тұрыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Сап және оның элементтері. Саптық тұрыс

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдермен әдіс алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

Саптық дайындық

Педагогтің аты-жөні

Дилдабекв Н

Күні:

Сынып: 10 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сап және оның элементтері. Саптық тұрыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Сап және оның элементтері. Алдын-ала және орындауға берілетін пәрмендер. Сапқа тұрғанға дейінгі және саптағы сарбаздың міндеттері Саптық тұрыс. «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Реттел!», «Тоқтат!», «Бас киімдеріңді (киімді) ШЕШ!», «Бас киімдеріңді (бас киімді) КИ!» пәрмендерін орындауды уйрету.

Сабақтың мақсаты




      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру сәті

Оқушыларды түгендеу, амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы

20 мин.

САП ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУ.

Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі орналасуы.

Қатар – қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап.

Машиналар желісі - машиналардың біреуі екіншісінің қасында бір сызық бойында орналасуы.

Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының аттары өзгермейді.

Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.

Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.

Аралық – маңдайшеп бойынша әскери қызметшілердің, бөлімшелердің, бөлімдердің арсындағы аралық.

Арақашықтық – түкпір жаққа қарай әскери қызметшілердің бөлімшелердің, бөлімдердің арасындағы аралық.

Сап ені – қапталдар арасындағы қашықтық.

Саптың ұзындығы – саптың бірінші қатарынан саптың соңғы қатарына дейінгі аралық.

Екі қатарлы сап – бір қатардағы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта орналасқан сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.

Лек - әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.

Жазылма сап – бөлімшелер маңдайшеп бойынша бір сызықтың бойында бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.

Жорық сабы – бөлімше леккке немесе бөлімшелер лектерде бір-бірінің артында белгіленген арақашықтықта орналасқан сап.

Бағыттаушы – көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші.

Тұйықтаушы – лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші.

Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер.

Сапты басқару дауыспен, белгілермен командир беретін пәрмендермен және бұйрық берумен жүзеге асырылады.

Пәрмендер алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; пәрмендер тек орындалатын ғана болуы да мүмкін.

Алдын ала берілетінпәрмендер - саптағылар командирдің олардан қандай әрекеттерді талап етіп тұрғанын түсінуі үшін нық, қатты, және созылмалы дауыспен беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша оны шұғыл және нақты орындау қажет. Пәрмендер берілгенде, саптағы әскери қызметшілер саптық тұрысты қабылдайды, ал саптан тыс болса, бастық жаққа бұрылады да, саптық тұрысты қабылдайды. Мысалы: «Автоматтарды-КЕУДЕГЕ», «Взвод-ТОҚТА», «Қатардағы жауынгер …. ай-НАЛ» және т. б.

Қабылдауды жою немесе орындауды тоқтату үшін: «Тоқтат»пәрмені беріледі.

Сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттері.

Әскери қызметші:

- өзінің қаруының, жеке қорғаныс құралдарының, бекініс құрал-саймандарының, нысанды киімдерінің және жабдығының жарамдылығын тексеруге;

- нысанды киімдерін ұқыпты реттеуге, жабдықтарды дұрыс киюге және жөндеуге, анықталған кемшіліктерді жою үшін жолдасына көмектесуге;

- саптағы өз орнын білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға, қозғалыс кезінде түзелімді, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауға, қауіпсіздік талаптарын орындауға, саптан рұқсатсыз шықпауға;

- сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге, темекі тартпауға, командирдің бұйрықтары мен пәрмендеріне ықыласпен назар аударуға, жылдам және нақты, басқаларға бөгет жасамастан орындауға;

- бұйрықтарды, пәрмендерді бұрмаламай, қатты және нақты өткізуге міндетті.




Сабақтың соңы

5 мин.

Үй тапсырмасы:93- 101 бет

- Сап элеметтерін атаңдар.

- Сапты басқару қалай орындалады?

- Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері қандай?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2021
758
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі