Материалдар / Ашық сабақ "Сапар мен парта" 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Сапар мен парта" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың барлығы орындай алады: мысал авторымен танысып, тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашып, негізгі идеясын түсінеді. Оқушылардың көбісі орындай алады:мысалдың мазмұнын жете ұғынып, әр мүлікті күтіп ұстау керектігін түсінеді. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
525
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы

Адырбек Сопыбеков . Сапар мен Парта

Сынып: 2

Қатысқан оқушылар саны:17

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.5.1-өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

2.2.2.1-мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу

2.3.3.1-шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет,каллиграмма,аппликация,фотосуреттер арқылы ұсыну

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: мысал авторымен танысып, тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашып, негізгі идеясын түсінеді.

Оқушылардың көбісі орындай алады:мысалдың мазмұнын жете ұғынып, әр мүлікті күтіп ұстау керектігін түсінеді.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істейді.

Бағалау критерийлері

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Құндылықтарды дамыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Пән аралық байланыс

Дүниетану, қазақ тіліжәне өмірмен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба,таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Оқушылардың өздігінен топпен мәтіннің негізгі ойын анықтау арқылы жүзеге асыруы.Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.


Сабақ барысы

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушы іс - әрекеті

Ұйымдастыру.

Сыныппен сәлемдесу

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап.

Таңдай арайлап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Сабағымызды бастаймыз.

Топқа бөлу

Кәмпиттер арқылы топқа бөлу.

Психологиялық дайындық

«Ақ тілек. Әсем күлкі».
- Көңіл – күйлеріңіз қалай?
- Керемет! (Қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
- Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)
- Ынтаңыз ше?
- Ғажап! (Қолдарын көтереді).
- Ендеше бастайық!

Бүгінгі көңіл-күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңіздерші.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ыстық орындық әдісі.

-Мәтін кім туралы?

-Жабақтың атасының аты кім ?

-Жабақ нені түсінбеді?

-1 аптада неше күн бар? Апта күндерін ата?

-Аптаның қасиетті күні қай күн?

Формативті бағалау

(Оқушылар өздерін бағдаршамның түстері арқылы бағалау)

Қызығушылықты ояту.Жұмбақ шешу

Үстінде есігі

Өзі орындық, әрі үстел,

Оқушылар бесігі.

(Парта)



Ой дамыту.

2 – тапсырма. Негізгі ойды анықта,түйін.  (суреттер көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу)

Айқындық сұрақтар

  • Бұл суреттен не көріп, өздеріңізге не түйіп отырсыздар?

  • Балалар, осы суретте көргендеріңіз шындық деп ойлайсыз ба?

  • Бұл қандай балалардың ісі? Бұлардың істері дұрыс па?

  • Бұл суреттердің бүгінгі сабаққа қатысы қандай деп ойлайсыздар?



Жаңа сабақ

А. Сопыбековтың Сапар мен парта мысалы.

3 тапсырма – «Артық болмас білгенің»

Адырбек Сопыбеков 1937 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, Кеңес ауылында туған.Ақынның балаларға арналған Көзілдірік, Айға сапар, Көктем жыры, Базарлық т.б. шығармалары бар.

Оқулықпен жұмыс.

Тізбектеп оқу.

Рөлге бөліп оқу.



4- тапсырма. "Серпілген сауал " ойыны

1.Өлеңнің мысалға жататынын неден аңғаруға болады?

2. Парта Сапарға неге ренжіді?

3. Сапардың өз кінәсін мойындаған жерін тауып оқы.

4. Сенің өміріңде осыған ұқсас жағдайлар болды ма?

5. Сапардың орнында болсаң не істер едің?

6. Сенің өзіңмен – өзің сөйлескен кезің болды ма? Қай сәтте, қашан болды?

7. Партаның өз – өзінен ішкі сезімін білдіру үшін сөйлеген жерін тауып оқы.

Мұндай сөйлесуді монолог дейміз.

Сергіту сәті.

Кәне,қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Дәптермен жұмыс.

Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен -өзі сөйлескен сөзін монолог дейді.



5- тапсырма. «Ойлан, топтас, талқыла».

1 –топ. Партаны адам кейпіне келтіріп, суретін салып, әңгімелеу.

2 топ. Тақырыпқа байланысты ереже құрастыру.

• Мектеп мүлкін күтіп ұста 
• Партаны сызба
• Партаны бүлдірме
• Орындықты шайқама
• Кабинет есігін қатты жаппа
• Партаны күтіп ұста
• Әр бейсенбіде партаны тазалап сүрт

3 топ Ой толғау жазу: Сапарға хат жазу.

Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялайды.

Өз жұмыстарын «Автор» орындығында отырып оқиды.

Жинақтау.

6 – тапсырма. «Сен маған, мен саған»

- Сапар мен парта мысалынан не түйдік?

Бұл мысалдың бізге үйретері не?

Мұғалім сөзі:

Мысалдардың сендерге тәлім – тәрбиесі, ғибраты өте зор. Міне осындай мысалдарды оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсы істі бойымызға сіңіруді үйренуіміз керек.



Бағалау. «Менің түйгенім»

Мені мазалағаны …

Маған ой салғаны …

Мысалға қосатын ойың …

Міне, балалар, сендер бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді ортаға салдыңдар.

Берілген бағалау бетшесіне топ басшысы топтағы оқушылардың бағасын қояды.



Рефлексия

Жетістік жолақшасын толтыру.

Үй тапсырмаы

Мәтінмен жұмыс

Сұраққа жауап

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Shape1

Shape2

Shape3

Shape4

Shape5

Shape6

Shape7

Shape8

Мен үшін сабақ қызықты өтті.Барлық тапсырмаларды орындадым.

Shape9

Маған ұнады.Келесі сабақта бұданда жақсы ат салысып отырамын.

Shape10

Әлі де оқу және өз ойымды айтып үйрену керек.

Бағалау

Үйге тапсырма

Мысалға сүйене отырып, ойдан монолог құрастыру



Мұғалімдермен сәлемдеседі











Кәмпиттер арқылы топқа бөлінеді







Көңіл – күйлерін көрсетеді

















Өткен сабақты қорытындылайды





















Суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.













А. Сопыбеков өмірбаянын бейнетаспадан көрсету.













Ашық және жабық сұрақтарға жауап береді















Сергіту сәтіне арналған жинақ.





















Топ болып берілген тапсырмаларды орындайды

















Мысалдан не түсінгендерін айтады.











Мысалдан өзін не мазалағанын, не ой салғанын және өзінің қосатын ойын жазады





«Жетістік баспалдағымен» өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс.





Стикерге сабақтан алған әсерін жазады.



Смайлик арқылы бағаланады.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!