Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Ашық сабақ. "Шақтарды қаталау"
Материал туралы қысқаша түсінік
Етістіктің шақтарын қайталауға арналған ашық сабақ жоспары. Топқа бөліну арқылы жүргізіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
537
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пәні: | Қазақ тілі | Пән мұғалімі: Оңғарбаева Г.Ж. | ||
Сыныбы: | 7 сынып | Күні: 22 ақпан, 2017 жыл | ||
Сабақтың тақырыбы: | Етістіктің шақтарын қайталау (ашық сабақ) | |||
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: Оқушылар өтілген етістіктің шақтарын еске түсіріп, олардың жасалу жолдарын есте сақтау.Дамытушылық: оқушылардың білімдерін шыңдау, сөздік қорын көбейту, ойын дамыту, пәнге қызығушылығын ояту.Танымдық: Таным қабілетін шыңдау, оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру; | |||
Күтілетін нәтиже: | ||||
Технология, әдіс, стратегиялар | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар | Уақыты |
І.Ұйымдастыру кезеңі | – Оқушылармен амандасу.–Түгендеу, оқушылар назарын сабаққа аудару. | 2 минут | ||
ІІ. Үй жұмысы | Үй жұмысы тексеріліп, қосымша сұрақтар қойылады. | 5 минут | ||
Топқа бөлу | Шақтардың түрлеріне байланысты сөйлемдер арқылы топқа бөлу.I топ: «Етістіктің шақтары»;II топ: «Осы шақ»;III топ: «Келер шақ»;IV топ: «Өткен шақ». | Қағаз қиындылары | 3 минут | |
III. Жаттығулар жұмысы | 140 -жаттығу.Сөйлемдер қай шақта тұрғанын анықтау. Етістіктерінің қалай жасалып тұрғанын айту. | 1-сөйлем:Бастайды – ауыспалы осы шақ.Тұлғасына қарай: негізгі; Құрамына қарай: дара; Мағынасына қарай: болымды, сабақты. Түбірі: бас, -та – етістік тудырушы жұрнақ, -й – көсемше, -ды – жіктік жалғауы.Жалғап кетеді – ауыспалы осы шақ.Тұлғасына қарай: туынды; Құрамына қарай: күрделі; Мағынасына қарай: болымды, сабақты. Түбірі: жал, кет; -ға – барыс септігі, -п – көсемше; -е – көсемше, -ді – жіктік жалғауы.2-сөйлем:Көп еді – жедел өткен шақ.Тұлғасына қарай: туынды; Құрамына қарай: күрделі; Мағынасына қарай: болымды, салт. Түбірі: көп, е; -ді – жедел өткен шақ.3-сөйлем: Айта берді – жедел өткен шақ.Тұлғасына қарай: туынды; Құрамына қарай: күрделі; Мағынасына қарай: болымды, сабақты. Түбірі: айт, бер; -а – көсемше; -ді – жедел өткен шақ.Тыңдай бердім – жедел өткен шақ.Тұлғасына қарай: туынды; Құрамына қарай: күрделі; Мағынасына қарай: болымды, сабақты. Түбірі: тыңда, бер; -й – көсемше; -ді – жедел өткен шақ, -м – жіктік жалғауы.4-сөйлем:Тыңдайсың – ауыспалы осы шақ.Тұлғасына қарай: негізгі; Құрамына қарай: туынды; Мағынасына қарай: болымды, сабақты. Түбірі: тыңда; -й –көсемше, -сың – жіктік жалғауы.5-сөйлем:Ұмытып қалыппын – бұрынғы өткен шақ.Тұлғасына қарай: туынды; Құрамына қарай: күрделі; Мағынасына қарай: болымды, сабақты. Түбірі: ұмыт, қалып, -ып – көсемше, -пын – жіктік жалғауы.6-сөйлем:Елестейді – ауыспалы осы шақ.Тұлғасына қарай: негізгі; Құрамына қарай: дара; Мағынасына қарай: болымды, салт. Түбірі: елес, -те – етістік тудырушы жұрнақ, -й – көсемше, -ді – жіктік жалғауы. | Тақта, дәптер | 10 минут |
«Сәйкестендіру тесті» | Әр топқа бес-бестен әртүрлі сөйлем беріледі. Сол сөйлемдерді сәйкесінше шақтарын табу. | «Етістіктің шақтары» тобына:Біраз оқушы жазғы демалыс кезінде тауға сеурендеуге шықты. (жедел өткен шақ)Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізер. (болжалды келер шақ) Мұғалім мектепте бір топ балаларға есеп үйретіп тұр. (нақ осы шақ) Құстар ұяларын тастап, жылы жаққа кетпекші. (мақсатты келер шақ)Өлеңді мен есейгенде жазамын. (ауыспалы келер шақ) «Осы шақ» тобына:Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ. (мақсатты келер шақ)Әйел бұршақтай бораған оқ астында жатыр. (нақ осы шақ)Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын берді. (жедел өткен шақ)Семіздікті қой ғана көтерер. (болжалды келер шақ)Үйіріле соққан ақ түтіктен ат құлағы көрінбейтін. (ауыспалы өткен шақ) «Келер шақ» тобына:Ауылдың шетінде үлкен сай жатыр. (нақ осы шақ)Біз өткен аптада мұражайға бардық. (жедел өткен шақ)Нұрсұлу ертең жарысқа қатыспақ.(мақсатты келер шақ)Анаға қарап қыз өсер. (болжалды келер шақ)Мен жазда ауылға барып, әжеме көмектесетінмін. (бұрынғы өткен шақ) «Өткен шақ» тобына:Ел ғой, біреу табылар. (болжалды келер шақ)Балалар сабақ оқып отыр. (нақ осы шақ)Ақгүл ертең қалаға бармақшы. (мақсатты келер шақ)Сол күні ақ жаңбыр жауған екен. (бұрынғы өткен шақ)Қасеннің қолына келгелі Аққасқа үш қасқыр алды. (жедел өткен шақ) | Интерактивті тақта | 5 минут |
Талдау жұмысы | Әрбір топ өзіне берілген сөйлемнің қай шақта тұрғанын анықтап, «Етістіктің шақтары» тобы: фонетикалық талдау;«Осы шақ» тобы: лексикалық талдау;«Өткен шақ» тобы: морфологиялық талдау;«Келер шақ» тобы: синтаксистік талдау жұмысын орындайды. | «Етістіктің шақтары» тобы:Осы кеңестен кейін біздің екі үйдің дастарқаны қосылып кетті. (жедел өткен шақ)8 әріп, 8 дыбыс, 3 буын, 2 тасымал.Ке-ашық, ңес-бітеу, тен- бітеу. К – қатаң дауыссыз,Е – жіңішке, ашық, езулік,Ң – үнді дауыссыз,Е – жіңішке, ашық, езулік,С – қатаң дауыссыз,Т – қатаң дауыссыз,Е – жіңішке, ашық, езулік,Н – үнді дауыссыз.Дастарқаны: 10 әріп, 10 дыбыс, 4 буын, 3 тасымал.Дас-бітеу, тар-бітеу, қан-бітеу, ы-ашық.Д – ұяң дауыссыз,А – жуан, ашық, езулік,С – қатаң дауыссыз,Т – қатаң дауыссыз, А – жуан, ашық, езулік,Р – үнді дауыссыз,Қ – қатаң дауыссыз,А – жуан, ашық, езулік,Н – үнді дауыссыз,Ы – жуан, қысаң, езулік. «Осы шақ» тобы:Қазақ халқында қара қылды қақа жаратын әділ би-шешендер көп болған. (бұрынғы өткен шақ)Әділ сөзінің синонимі - шыншыл, тура; антонимі - әділетсіз.Көп сөзінің синонимі – мол; антонимі - аз.Тұрақты тіркес: қара қылды қақ жаратын. «Келер шақ» тобы:Қиқілаған үзік-үзік айғай түннің бір уағына дейін басылмады. (жедел өткен шақ) «Өткен шақ» тобы:Орыс қыздарының жігітке шығарған ән мен өлеідері толып жатыр. (нақ осы шақ) | Қағаз | 5 минут |
«Пирамида» ойыны | Пирамиданың бөліктері артында жазылған сұрақтар мен тапсырмаларарды орындай отырып, пирамида құрастыру. | Пирамида суреттері | 5 минут | |
«Жолаушының қойын дәптері» | Әр топ өздеріне берілген топ атауына сәйкес постер қорғап, дәлелдейді. | I топ: «Етістіктің шақтары»II топ: «Осы шақ»III топ: «Келер шақ»IV топ: «Өткен шақ». | Плакат, стикер, маркер. | 7 минут |
IV. Бағалау. | «Өзін-өзі бағалау» әдісі. Әр топ басшысы басқа топтан оқушыларды бағалайды. | 2 минут | ||
V. Үй жұмысын беру. | 1 минут |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)