Сабақтың
ортасы
|
– Міне, қырман. Қырман – астық
бастыратын, тазалайтын ашық алаң.
– Балалар, сендер не көріп
тұрсыңдар?
– Иә,
бұл – егіс алқабынан жиналып алынған дақылдар. Сендер осы
дақылдардың атауларын білесіңдер ме?
– Бұл
дақылдар бізге оңай келе салмайды. Көп еңбекті қажет етеді. Егін
бітік шықса, нан түрлері көп болады. Бүгін біз «арпа», «күріш»,
«жүгері» сөздерінде кездесіп тұрған «Р» дыбысымен
танысамыз.
– Біз
дыбысты естиміз. Кәне, қолайнаға қарап, бірге «Р-р-р-р-р», – деп
айтып көрейік.
Мысалы: Ит «Р-р-р-р», – деп
ырылдайды.
– Сендер не естідіңдер?
– Міне, дауысты сендер естіп тұрсыңдар, көріп
тұрған жоқсыңдар.
«Р»
дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай: Ерін сәл ашылып, тілдің екі
жағы жалпақтана жоғары көтеріліп, дем қарқынды түрде тіл ұшынан
шыққанда «Р» дыбысы жасалады. «Р» – дауыссыз
дыбыс.
– Дауыссыз дыбыстарды
қандай түспен белгілейміз? «Р» дыбысы бар сөздерді
айтқызу.
Р дыбысының жазылуы тасбаша
жане жазбаша. Р дыбысын жазғызу.
1
тапсырма.
2
тапсырма.
– Ара, гүл, балдың суреттерін
іліп, осы суреттерді қатыстырып, бір сөйлем
құрайық
– Міне, сендер көргендеріңнің
бәрін қысқаша сөйлем етіп жеткіздіңдер.
– Сөйлем қысқа сөйлем және ұзақ
сөйлем болып екіге бөлінеді. Сендер көргендеріңді сөзбен жеткізе
аласыңдар. Жеткізген сөздерің құрала келіп, сөйлем
болады.
Балаларға
ара, арпа сөздерін буынга
бөлгізеді.
– «Ара», «арпа» сөздерінде «Р»
дыбысы қай жерде кездесіп тұр?
– Осы сөздерге дыбыстық талдау
жасайық.
– «Ара» сөзінде неше дыбыс бар?
– Неше буыннан тұрады?
– Дыбыстардың дауыссыз не дауысты дыбыс екенін
ажыратайық.
– «Арпа» сөзінде неше дыбыс бар?
– Неше буыннан
тұрады?
– Дыбыстарға талдау
жасайық.
Сергіту
сәті:
«Азия» тобының орындауындағы
«Қырманға кел, қалқатай» әнінің әуенімен жасатуға
болады.
– Мен тақпақ оқимын, «Р» дыбысы
бар сөздерді есте сақтап қалыңдар.
Ботақаным,
Қара көзің
мөлдіреп,
Қызықтырмай
қоймайды.
Жібек жүнің
үлбіреп,
Қарасаң көзің
тоймайды.
(І.Жансүгіров)
– Қай сөздерде «Р» дыбысы
кездеседі?
«Дыбыстарды танып ал» дидактикалық ойынын
ойнату.
Ойын шарты: жануарлар мен
дақылдардың қима суретін араластырып қояды. Таңдап алған суретте
«Р» дыбысы бар не жоқ екенін айтып береді.
Жұмыс дәптермен жұмыс:
дәптердегі №11 тапсырма орындалады.
|
– Мынау – арпа, тары, жүгері,
күріш, бидай.
Барлығы бірге
қайталайды.
Көк түспен
белгілейміз.
Ара гүлден бал
алады.
Түсінік
алады.
А-ра,
ар-па.
Ортасында.
-Дыбыстық талдау
жасайды.
-Ара сөзінде 3 дыбыс
бар.
-2 буыннан
тұрады.
-Ажыратады.
-4 дыбыс
бар.
-2 буыннан
тұрады.
-Дыбыстарға талдау
жасайды.
-Сергіту сәтін қайталап,
жасайды.
Есте
сақтайды.
Қара, қызықтырмай, үлбіреп,
қарасаң сөздері.
|
Барлығы қолдарын
шапалақтайды.
|
Қырманның
суреті.
Р дыбысы бейнеленген
суреттер.
Айна.
Егіс даласы, арпаның
суреті.
Музыка
қосу.
Дидактикалық ойынға арналған
қималар.
Жұмыс
дәптері.
|