Ашық сабақ Сәулесімен санаңның, жігерленсің талабың 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Сәулесімен санаңның, жігерленсің талабың 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сәулесімен санаңның, жігерленсің талабың


Мақсаты: -Оқушыларға ерік-жігер, күш-қуат, сана-сезім, тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Оқушыларды өз өміріне жауапкершілікпен қарай алуға, күш-жігерін, ырықты түрде толық пайдалана алуға үйрету;

  • Оқушылардың ерік-жігерін, күш-қуатын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту;

  • Оқушыларды табандылыққа, төзімділікке, жігерлілікке, қажырлылыққа, ерік-күштің мықтылығына тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Оқушылар дөңгелене шеңбер құрып, төменде берілген өлеңді мұғаліммен бірге орындайды.

Қазақ вальсі

Сөзі С.Мұқановтікі

Әні Л.Хамидидікі

Май туса, гүлдер шешек атса жазда,

Тоғайда бұлбұл, көлде аққу, қаз да.

Сайраса, біз жастар да нақ солардай,

Бақытқа бөлегеніміз, сауық назға.

Қайырмасы

Бақыт нұрға,

Оранса жер, аспан.

Біздің жыр да,

Бар жырға ұласқан.

Махаббатты жырлаймыз біз –

Жастар, жастар, жастар.


Сарқырап асау бұлақ ақса құздан,

Алтын күн күлімдесе көкте қызған.

Біз жастар күн нұрынан қуат алып,

Жайнаймыз жарығырақ жұлдыздардан.

Қайырмасы

Әңгімелесу

Мұғалім үй тапсырмасын тексеру арқылы олардың ваналы әрекет, ерік-

күш туралы алған білімдерін кеңейтуді қарастырады. Оқушылардың үйден жазып келген мақалдарын талдай отырып, мұғалім өткен сабақтың тақырыбын жалғастыру үшін төмендегі сұрақтармен жұмыс жүргізеді.

Ерік-күш пен жігердің адамға қажеттілігі неде?

Адам бойындағы ерік-күшті қалай дамытуға болады?

Жігерсіздіктенқалай айырылуға болады деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім оқулықтағы «Оқып үйренейік» атты шартты белгімен берілген

төмендегі мәтінді көркемдік тебіреніспен интонациалық талаптарға сай оқып береді. Әңгіме түрінде берілген бұл мәтін оқушылардың есту, тыңдау, әңгімелеу, түсіну, қорыту тәрізді әрекеттерін дамытады. Бұл ретте мұғалім тақырыптың мазмұнынт ашатын сұрақтар арқылы мәтіндегі негізгі ойды жинақтап, олардың құндылықты мәнін оқушыларға өз пікірлерімен пайымдатады.

Ерік-күшің мықты болсын

Б.Айтуқызы

Думанның ісі неге оңға баспады?

Өздеріңнің де аталарыңнан ақыл сұраған кездерің болды ма?

Өзіне талап қоя білушілік дегенді қалай түсіндіресіңдер?

Әңгіменің мәні неде деп ойлайсыңдар?

Шығармашылық жұмыс

Оқушыларға жазба жұмысты орныдау шарты түсіндіріледі. Өлең мазмұнына орай олар адамның аңсаған арманына жетуі үшін, өмірдегі өз орнын табуы үшін қажетті талаптарды саралап, өз ойларын қағазға түсіреді. Санаңмен санасып істеген әр істің оңға басып, үлкен жетістіктерге апаратынын, өзіңе деген сеніміңді арттыратынын өлеңдегі оймен жалғастырады. Мұғалім эссе жазудың өзіндік ерекшеліктерін, оның шығармадан айырмашылығын түсіндіруі керек. Баланың ойына шек қойылмайды.

Өлеңдегі ойды негізге ала отырып, эссе жазыңдар.

Өзіңе сен!

Н.Оразалин

Өзіңе сен!

Күшіңе сен бойдағы ерен,

Сенім деген киелі қойма дер еме.

Көл – көңілдің жатпайды жайнап үсті...

Жеңілу де, жеңіс те бұл өмірде,

Бәр, қарғам, өзіңе байланысты.

Дәйексөз

Бұл дәйексөздің мағынасын түсіндіруде басты назарды әр адамның өзіне деген сеніміне аударған жөн. Мұғалім оқушыларға сенім және саналы оймен қарекет жасау ерен күшті, жігер мен намысты, төзімді қажет ететіндігін айтады. Дәйексөзді төмендегі оймен тұжырымдауға болады:

Санаңмен санасып, әбден ойланып жасаған іс оң нәтиже береді;

Ынта мен ықтиярың келіскен жағдайда көп нәрсені үйренерсің;

Тәуекелге бел байласаң, арманыңа жетерсің;

Қайратыңа жігерің сай болса, еңбегін еш кетпейді;

Әр адамда сенген ісін орындауға жетерлік күш-қайрат болады.

И.Гете

Нақыл сөздің мағынасын өз сөздеріңмен өрбітіп көріңдер.

Сабақ әрі қарай «Тыныштық сәті» релаксациялық тәсілін өткізумен жалғасады. Сыныпта оқушылардың дем алуына жағдай жасалатын бұл тәсілде балалар іштерінен адам бойындағы кездесетін жақсы қасиеттер мен жаман қылықтарды өзара салыстырады.

Назар аудару

Үлкен еркі-әлденені қалап, соған қол жеткізе білушілік қана емес, сонымен қатар керегі жоқ кезде әлденеден өзін бас тартқыза білуде. Ерік дегеніміз – жай ғана тілек емес, оның үстіне сол тілекті қанағаттандыру, ал мұның өзі әрі тілеу, әрі тоқтау, әрі бас тарту.

А.С.Макаренко

Жадаятты өз ойларыңша жалғастырыңдар.

Данияр соңғы кезде өзгеріп кеткен сияқты. Көп нәрсеге немқұрайлы қарайтын тәрізді. Өткен аптада тарих сабағынан реферат жазып келу тапсырылған болатын. Даниярдың есіне ол тек келесі сабақ болатын күні ғана түсті. Асығып, тақырыпқа терең бойламай, жалаң жаза салды. Көп ойланып, күш жұмсауға ерінді. Ізденуге ынтасы болмады.

Содан болар, алған бағасы да төмен болды. Сыныптастары жақсы оқитын Даниярдың мұнысына таң қалды. Апайы да ренжіген сыңай танытты. Тапсырылған істі қалай болса, солай орындай салуға болмайтынын түсінген Данияр ерік-күшін шыңдау үшін не істеу керектігін жоспарлады. Ол алдымен бойынан жалқаулық, немқұрайлылық, ұқыпсыздық сияқты жағымсыз қылықтарды қуып шығуды ойлады. Одан кейін не істеу керектігін білмей басы қатты.

Даниярға қандай ақыл қосуға болады?

Ерік-жігерді қалай дамытуға болады деп ойлайсыңдар?

Өздерің Даниярдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Жадаятты талдауда оқушылар өз пікірлерін ортаға салады. Бәлкім, олардың кейбіреулерінің де осындай жағдайға кез келгендері бар шығар. Сол себепті жадаяттың шешімін әркім өз ой елегінен өткізуі мүмкін. Мұғалім оларға дұрыс бағыт беруді қарастырады.

Жүректен жүрекке

Оқушылар өлеңді оқыған соң адамға өмірде не қымбат екендігі жөнінде пікірлеседі. Өзіңді қуанту үшін қай жағдайда болсын ықылас пен сенім, жақсы көңіл күй, ар тазалығы керек екен деп сабақты шат көңілмен аяқтайды.

Адамға өмір берген

Е.Кішкенеев

Адамға өмір берген, сенім берген,

Бал шырын гүл құйылған көңіл – зерен.

Шапшымай, шатынамай, шашып алмай,

Сақтасаң сырлы аяқтай төгілмеген.


Жорғадай жүрісімен қымбаттаған,

Сөзіңнен, мінезіңнен мін таппаған.

Мен сенің ерлігіңнен қауат алдым,

Жылаңқы жарым ойды тыңдатпаған.


Өсірдің мерейімді жанымды ұғып,

Сенімім келді тағы сағындырып.

Дүние-жігерлігі арман болып,

Енжарға көрінер тек сағым-күдік.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2019
613
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі