Материалдар / Ашық сабақ. "Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы". 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. "Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы". 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәнінен "Сəулет өнері мен құрылыстың дамуы" атты тақырыптағы ашық сабағымның жоспарын ұстаздар арасында насихаттауды ұйғарып отырмын. Әріптестермен өз сабағымды бөлісе отырып, болашақ ұрпақты тәрбиелеуге өзіндік үлесімді қоссам деймін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
640
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Күні: 02.12.2016 Сабақ №24

Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 7 в

Тақырыбы

Сəулет өнері мен құрылыстың дамуы

Мақсаты

Сəулет өнері мен құрылыстың дамуы жайлы оқушылар бойында білімдерін қалыптастыру

Жалпы мақсат

Тақырыпты  түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Тілдік мақсат

Ұғым сөздермен жұмыс жасауға үйрету. Ұғым сөздердің орыс және ағылшын тіліндегі жазылуы мен айтылуын білдіру

Енгізілген модульдер

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балалармен жұмыс, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Күтілетін нәтижелер

Сəулет өнері мен құрылыстың дамуы жайлы білімдері кеңейеді. Өзіндік ізденіс, постермен жұмыс жасау, бірін-бірі құрметтеуге үйренеді

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Ой тастау» әдісі, «Шаттық шеңбері», топқа бөлу, «Миға шабуыл» әдісі, топтық жұмыс, автор орындығы, POST-IT әдісі (не нәрсе оңай болды? Не нәрсе қиын болды? Не білгіңіз келеді?)

Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекет

Оқушылардың іс-әрекеті

Ресурстар, көрнекі құралдар

Ой салар сөздер

Сабақ басталар сәтке дейін интербелсенді тақтада көрініс беріп тұрады

Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.
Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани

Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы аппақ парақ бетіне өздігінен түсе қалған жоқ, оның көне дәстүрлері бар. Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну және болашақтың дидарын көзге елестету үшін біз өткенге көз жіберуіміз керек.

Н.Назарбаев

І. Кіріспе




Топқа бөлу

2 минут




2 минут

Ұйымдастыру кезеңі. «Шаттық шеңбері»: шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу

Оқушыларды тегі бойынша 4 топқа бөлу

«Шаттық шеңберін» құрып релаксация арқылы смайликті допты бір – біріне бере отырып, ізгі тілектер айтады.

Тегі бойынша 4 топқа бөлінеді

Смайликті доп



Интербелсенді тақта

Үй тапсырмасын сұрау

Білу

7 минут

«Ой тастау» әдісі: ХХ ғасырдың 90 жылдары басында Қазақстан тарихында ең ерекше, ең қадірлі, ең ұлық, тарихта жазуы алтын әріптермен жазылатын оқиға болды.

«Автор орындығы: оқушыларға сұрақ қойдыруды ұйымдастыру

Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін ресми түрде жариялады.


Оқушылар топтық негізде бір-біріне берілген сұрақтарға жауап береді


Интербелсенді тақта

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

Түсіну

4 минут

«Миға шабуыл» стратегиясын пайдаланып сұрақтар қою, жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру

  1. Сәулет ұғымын қалай түсінесіз?

  2. Құрылыс сөзіне анықтама беріп өт

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Жаңа сабақтың тақырыбымен танысады

Глоссарий

Жаңа сабақ

Қолдану

Талдау

10 минут

Топтық жұмыс орындату.

1 топқа «Сәндік қолданбалы өнер», 2 топқа «Архитектуралық құрылыс жүйелері», 3 топқа «Кесенелер», 4 топқа «Моншалар" сөздері негізінде жұмыс жасату.

1 топ «Сәндік қолданбалы өнер», 2 топ «Архитектуралық құрылыс жүйелері», 3 топ «Кесенелер», 4 топ «Моншалар" тақырыпшалары негізінде жұмыс жасап түсінгендерін айтып береді.

Оқулық,

Жинақтау

5 минут

Тарихи диктант (бос тұрған орынға тиісті сөзді қою керек) .

«Құрылыс», «Сәулет», «Өнер», «Кесене» сөздерінің үш тілде жазылуы мен айтылуын сұрау

Оқушылар оқулықты пайдалана отырып, тарихи диктанттағы бос орындарды толтырады.

Аталған ұғым сөздердің үш тілдегі айтылуы мен жазылуын орындайды

А 4парақтары

Сергіту сәті

3 минут

«Табиғат түстері» бейне ролигі

Тамашалайды


Интербелсенді тақта

ІІІ. Қорытынды

4 минут

Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беруді ұйымдастыру

Тақырып ішінен сұрақтардың жауабын іздейді, жауап береді


Суреттер

IV. Кері байланыс

2 минут

POST-IT әдісі (не нәрсе оңай болды? Не нәрсе қиын болды? Не білгіңіз келеді?). Сабақтан алған әсерлерін кері байланысы арқылы стикерлерге жаздыру

Бүгінгі сабақтың жұмыс барысында сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады.

Стикер, смайликті постер

Үйге тапсырма

4 минут

«Кластер» әдісі: «Кесенелер» сөзі негізінде топтастыру жұмысын орындауды ұсыну.

Қазақстан территориясындағы архитектуралық құрылыс жүйелері тақырыбында эссе жазып келуді тапсыру

Оқушылар «КЕСЕНЕЛЕР» сөзі бойынша топтастыру жұмысын орындап келеді, сондай-ақ Қазақстан территориясындағы архитектуралық құрылыс жүйелері тақырыбында эссе жазып келеді.

Интербелсенді тақта, оқушылардың жұмыс дәптері

Бағалау

2 минут

Жиынтық бағаны өзім қоямын

Өз білімін алған бағаларымен теңестіріп отырады

Бағалау парағы


Сабақтың жағымды жағы: Ынтымақтастық атмосферасы дұрыс қалыптасып, топтық жұмыс жасауда белсенділік танытты.

Сабақта жіберілген кемшіліктер: Оқушылар өздерін жоғары бағалады, уақыттың жетіспеушілігі

Сабақ қорытындысы: Сəулет өнері мен құрылыстың дамуы жайлы білімдері қалыптасты. Өзіндік ізденіс, постермен жұмыс жасау, бірін-бірі құрметтеуге үйренді









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!