Материалдар / Ашық сабақ: Scjjl objects
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Scjjl objects

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Маусым 2019
336
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС -ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН

ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚҚЫЗЫ
№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицейінің
мұғалімі
Қызылорда қаласы

Аннотация
Оқу құралында соңғы жылдары әдістемемізге еніп жатқан жаңа
әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, рефлексия мен кері байланыс, тренингтер
мен ойсергектер, ойындар жинақталған. Оқу үдерісіне шығармашылықпен
қолдануға ұсынылатын бұл көмекші құралдағы материалдар алғаш рет
алфавиттік жүйемен беріліп отыр.
Әдістемелік оқу құралы мұғалімдер, тренерлер және
тәрбиешілерге ұсынылады.

АЛҒЫ СӨЗ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы білім алу – әр
қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», - деген сөзі ұстаздарға
тікелей қатысты. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін,
алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт. Бұл жинақта осыны басты назарда
ұстап, соңғы жылдары педагогикамызға қосылып жатқан жаңа әдіс -
тәсілдердің біршамасының басын қосып беруді мақсат тұттық. Әрі
пайдалануға жеңілдік тудыру үшін әдіс-тәсілдердің атауын алфавиттік
ретпен орналастырып шығуды жөн санап отырмыз.
Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял,
тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы
үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны
дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.
Сөз басын талантты педагог, филология ғылымдарының докторы,
профессор Алма Қыраубаева апайымыздың айтып кеткен ұстаздық жауһар
жазбаларынан үзінді келтіре отырып бастауды жөн санап отырмыз. Тағылым
берер, ұстаздық жолдың ұлағатын сездірер алтын көмбе – ой орамдары кез
келген ұстазды бей-жай қалдырмасы анық. Әрі осы жинақтағы әдіс -
тәсілдерді мұғалімдер, әсіресе, жас мамандар, әр сабағына
шығармашылықпен пайдаланып, түрлендіріп жүргізуіне түрткі боларына
үміт арттық. Сонымен:
1


Page 2

«Ең жақсы өткен сабақтың қай жерден, қалай аяқталатынын күні
бұрын білмейсің. Бұл сабақты шәкірт пен ұстаздың бірлескен ізденісі деуге
болады. Сабақтың барлық жағдайын алдын ала жоспарлап қою шәкірттің
еркіндігіне шідер салумен бірдей.
Шәкіртке «екі» қою арқылы тәрбиелеуге болмайды. «Екілік» -
өзіңе қойған бағаң. Өзіне талап қоюға ерінген мұғалім балаға талап қойғыш
болады.
Бала әділетсіз жазалаудан, үздіксіз ескерту жасай беруден не
істерін білмей, өзіне-өзі сенімсіз болып, жүйке ауруына ұшырайды.
Мұғалім мен бала арасындағы түсініспеушілік әр адамның
туғаннан жаратылысы бөлек, адамның туғаннан өзіне ғана тән табиғаты бар
екенін мойындамаудан шығады. Баланың мінезін өзгертемін деуге болмайды,
мінезінің жақсы жақтарын байқап, дамытуға ғана болады.
Барлық жерде мұғалімге қойылатын талап: баланы тәрбиеле! Бірақ
тәрбиенің не екенін дұрыстап түсіндірген ешкім жоқ. Тәрбиелеу дегенді –
тәртіпті қылу деп ойлаймыз.
Оқушылары тым-тырыс отыратын мұғалімнің сабағынан, қажетті
жерде шулата білген сабақ қызық.
Кісімен қарым-қатынас мәдениетін отбасынан сіңіре алмаған
балаға мектепте де, өсіп, кісі болғанда да мақсатына жету қиын. Ол баланы
мұғалімі өте сезімталдықпен жетектеуі қажет болады. Сүйкімсіз баладан,
ертең айналасына қадірсіз адам шығуы мүмкін.
Тіл алмайтын ызақор бала кемшілігін бетіне баса беруден шығады.
Шәкірттің сеніміне кіру қиын. Ол үшін шәкіртке әуелі өзің сенуің
керек болады.
Ежелгі гректер даналыққа ұмтылу таңғалудан басталады деп
есептеген.
Баланың қайғысы мұғалімнің жақсы оқитын және жаман оқитын
бала деп бөлуінен басталады. Осыдан кейін баланың рухани дүниесі тек
бағамен өлшенеді.
Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.
Өзі білетін адам ғана басқаны білдіре алады.
Оқушының кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің.
Педагогикалық өрістетпейтін нәрсе: «Анау керек емес, мынау
керек емес» дейтін шектеу. Керегі: ізденіс, ізденіс.»
Ал 30 жылдан аса педагогикалық тәжірибесі бар ұстаз ретінде менің
әріптестеріме айтарым: "Дәрігер адам тәнін емдесе, мұғалім адам жанын
емдейді.
2


Page 3

Мұғалім сыныпқа баға қою үшін емес, балаларды шабыттандыру, ең
болмағанда, ынталандыру үшін кіру керек.
Әр сабаққа шабыттанып кіріп, қанаттанып шыққан мұғалім – бақытты.
Әр сабақтың қайталанбас тағдыры бар.
Жеке басыңның проблемасы үйіңнің босағасында қалсын.
Сабақтағы әдісті «менікі» деме, «біздікі» де.
Балаларға сабақ үйретудің жаңа әдісін тапсаң, әріптестеріңмен бөлісуге
асық. Себебі бәріңнің «илеп жүргендерің бір терінің пұшпағы». Сенің бөлігің
жұмсақ болғаннан дұрыс дүние құрастырылмайды.»
Ендеше, ізденіске жетелейтін, ізденгенге көмекші құрал болар әдіс-
тәсілдер қоржынынан шыққан дүниелер кәдеңізге жарасын!























3


Page 4

«А Ә Б В»
Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса
төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың
төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін
карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-
жауаптарына қарамауын өтініңіз.
1-қадам. А сұхбаттайды Б тыңдайды, В сұхбаттайды Г тыңдайды;. 2-
қадам керісінше. 3-қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт
адамдық топта бөліседі.
«А,В,С»

А - сұрақ қояды.
В - жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап
беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін
түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс,
тілектерін айтады.

«Айдаһар»
Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір- бірінің белінен ұстатып
тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы».
Басы құйрықты ұстап алу керек.
«Айқын мақсат қоя отырып»
- Сабақ басталар алдында тақтаға мақсатты жазыңыз.
- Оқушылармен өздері оқып жатқандарын неліктен оқитыны туралы
әңгімелесіңіз.
- Қысқа мерзімді мақсаттарды ұзақ мерзімді мақсаттармен сәйкестендіріңіз
(мысалы, М.Әуезовтің жұмысына талдау жүргізу өзге де ұзақ мерзімді
мақсаттарға қол жеткізумен қатар, мәдени жақтарын кеңінен түсінуге және
талдау дағдыларын дамытуға әкеледі).
- Оқушылар сабақтың/блоктың/пәннің мақсаттарын айқын түсінгеніне көз
жеткізіңіз.
- Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.
4


Page 5


«Айна»
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада
отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен,
бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна
секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін
оқушылар рөлдерімен алмасады.

«Айналмалы бекеттер»
Әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын сұрақты
талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз.
Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын
жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық
позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап
шыққанға дейін жалғаса береді.

«Айырмашылығы неде?»
Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің
арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дəлелдеп
отырулары керек.
«Аквариум» әдісі
«Аквариум әдісі» - балаларға мәселені «қоғам алдында»
талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе
бойынша диалогті жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды.
Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар
көрермен рөлін атқарады. Сондықтан да мұны «аквариум» деп атайды.
Барлық сынып алда өз пікірін білдіргені болмаса, ыстық орындық
сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда, басқалары оларға сұрақ
қойып түсініктемелер сұрай алады және т.б.


5


Page 6

«Ақындар мен жазушылар»
Топтағы оқушылар 3-4 минут аралығында өздері білетін ақын-
жазушыларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта бірінші
айтылған тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап отырады. Қай топтың
тізімінде тұлғалар тектері көп қалса, солар жеңімпаз.
«Алдын-ала берілген атаулар»
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау
(терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы,
мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды.
Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша
яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім
бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.
Бұл тапсырманы күрлендіруге де болады. Ол үшін алдын-ала берілген
атаулардың ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға
болады. Мәселен, биология сабағында «Фотосинтез, жасуша, хлорофилл,
терезе» сөздерін келтіруге болады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау және
сабақ тақырыбына тікелей қатысы жоқ, сонда да оқушылар олардың өзара
қатысы мен байланысы туралы өз ойларын келтіруі керек.

«Алма, шие, өрік, банан»

Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады.
Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады:
«Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің
атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма,өрік!» деп, немесе « Алма, шие,
өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру
қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы
жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.

«Алфавит»

Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл
көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес
тақырыптарды айтып шығады. Мысалы, «Қаратпа сөз, қыстырма сөз,
қосарлы айқындауыш, қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с.»
Қорытынды сабақтарда, емтиханға дайындықта, есте сақтауын
дамытуда көмекке келеді.

6


Page 7

«Ара ұясы» техникасы
Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды
және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп
сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді.
Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері
қорытындыланылады, өңделеді.
«Арқаға жазылған комплименттер»
Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А -4
форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-
бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі
мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-
біріне жазылған комплименттерді оқып береді.

«Арқаға массаж жасау»
Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, мұғалімнің айтуы бойынша оңға
бұрылып, ілгері қарай жүреді. Әр оқушы алдында тұрған жолдасының
арқасына массаж жасауы керек. Бір минуттан кейін шеңбер теріс айналып,
қайтадан алдында тұрған сыныптастарына массаж жасайды.

«Арқаға сурет салу»

Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа
бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында
тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма,
алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған
оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін
саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның
арқасына өзінің арқасына салынған затты салады.
Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына
салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.

«Артығын алып таста»

Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен
байланысты) көрсетіңіз. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты
емес екенін анықтауы керек.

7


Page 8

«Ассоциативті қатар»
Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады.
Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін
жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация- сөздерді бір
қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған
сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: ертегі,
«Қобыланды батыр», кейіпкерлері, жыр, оқу, Тайбурыл....
Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған
ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін
логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың
қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі) . Мұндай
жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі
субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға
мүмкіндік береді.
«Ассоциацияның көмегімен көрініс»
Қатысушылар өздерінің есімдерімен қоса бір затты (пикникке алып
шығатын немесе қызығушылығына байланысты) ұйқастырып айту керек.
Мысалы: Есімім – Жантас, ұнататын сусыным – квас; Есімім – Жанар,
ұнататын жемісім – анар т.с.с.
Сабақта өтілген ұғымдарды өз есімдерімен байланыстырып айтуларына
болады.
«Атаулар (терминдер) кестесі»

Сабақ басында тақтаға тақырып бойынша 3 негізгі атауларды
(терминдерді) жазып,оқушыларға оларды мынандай кестеге түрлендіруді
ұсынамыз:
№1 атау №2 атау №3 атау
Атау туралы білімдері,
мағлұматтары, түсініктері
Атау туралы білімдері,
мағлұматтары, түсініктері
Атау туралы білімдері,
мағлұматтары, түсініктері

Оқушылар бұл тапсырманы алдымен жекелей (2-4 минут) орындап,
одан кейін кестелерін топ (немесе жұп) ішінде оқып, талқылап, толықтырады
(3-6 минут). Сыныптық талқылау барысында (4 -6 минут) мұғалім
8


Page 9

оқушылардың өз кестелерін жариялауды ұсынады немесе тақтада келтірілген
кестені оқушылардың жауаптары бойынша толтырылады.
Сабақ соңында бұл кестеге қайта оралып, келтірілген мәліметтердің
дұрыс/бұрыстығы анықталады.

«Атаулар туралы үш сұрақ»

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға
жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша
жауап беруді тапсырады:
1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай
мағынада кездестіріп едіңіз?
2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын
келтіре аласыз ба?
3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп
ойлайсыз?
Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ
ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім
бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.
Мұғалімнің сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта
тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.

«Атмосфера орнату»
Абстрактылы ойлау дағдыларын қолдануды талап ететін ауқымды
ашық сұрақ немесе проблеманы шешуге арналған тапсырманы қолдана
отырып, сабақта атмосфера орнатыңыз. Пысықтау үшін жауаптарын күтіңіз.
Мысалы, Вьетнам соғысына арналған сабақ мынадай сұрақтан басталуы
мүмкін: Американдықтар өздерін соғысып жатырмыз немесе соғысты жеңіп
жатырмыз деп санай ма екен?
«Атомдар мен молекулалар»

Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім.
Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!»
деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек,
өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал, жүргізуші
«Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес,
алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі
9


Page 10

керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар)
айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с.
Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да
отыруына болады: олар сабақты осы құрамда жалғастырады.
«Аударыспақ»
Жұптық тапсырма: сұрақ- жауап арқылы бір-бірінің білімін бағалау.
Мұнда сұрақтың мазмұны, жауап мазмұны, дәйектілігі ескертіледі. Екеуіне
де тең бөлініп шариктер беріледі. Сұраққа дұрыс жауап берген адам шарик
алады, ал жауап дұрыс емес болған жағдайда немесе сұрақ қоя алмаған
жағдайда өзі бір шариктен айырылады.
«Ашық және Жабық сұрақтар»
Жабық сұрақтар пайдалы болуы мүмкін, алайда олар абстрактілі ойлау,
талқылау дағдыларын қолдануға септігін тигізбейді және аса түсінікті
болмайды. Ашық сұрақтар керісінше әсер етеді, сол арқылы оқу үдерісін
жақсартады. Мысалы, Сіз өткен кеште бір жаққа шықтыңыз ба? Сіз кеше
мектептен кейін не істедіңіз? 

Жұмыс үлгісі: Оқушыларға белгілі бір тапсырма берер алдында
олардың сұрақтарды анағұрлым анық түсініп, бағалау критерийлерін
қанағаттандыру үшін не істеу қажеттігін түсіну үшін мысалдар келтіріңіз.
Оқушылар бағалау критерийлерін қолдана отырып, жұмыс үлгісіне баға қоя
алады. Бұл не талап етілетінін және бұл үдеріспен қалай байланыста
болатынын түсінуді модельдеуге көмектеседі.
«Аяқталмаған сөйлем»

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы
орындалады.
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді.
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
10


Page 11

- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.

«Әдебиет лотосы»

Мақсаты: оқыған әдеби шығармалар кейіпкерлері туралы кестені толтыру.
Белгілі бір уақыт ішінде кесте толтырылуы керек. Хрестоматиядан оқыған
шығармаларды да пайдалануға болады.

Шығарма
атауы
Авторы Кейіпкері Қандай? Қандай
жағымды
қасиеттері
мен
қылықтары
ұнайды?
Кейіпкерге
ұқсағың келе
ме, жоқ па?
Себебін
түсіндір.


«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы

- Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр,
қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар:
- Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың,
сенің қолыңнан бәрі келеді».

«Әйнек арқылы сөйлесу»
Топ жұпқа бөлінеді. Бірінші адамға сөздің көмегінсіз екіншісін киноға
шақыру тапсырылады. Басқа жұптарға басқа тапсырма беріледі. Барлығы
араларында дыбыс естілмейтіндей әйнек бар секілді сөйлесу керек.
«Ән шырқау»
Оқушы топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір
шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі.
Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда
келтірілген әндерді бірлесе орындауы керек.
11


Page 12

Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев,
Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторладың әндерін ұсынған
орынды (« Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Армандастар», «Атамекен», «Өз
елім» т.б.).
«Әңгімелесетін әріптестер»
Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл
сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:
• жаңа оқылған 3 факті туралы;
• оларға жеңіл болып көрінгендер туралы
• оларға қиын болып көрінгендер туралы
• алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.

«Әріптер мен сандар»
Қатысушыларға мұғалім қалаған әріп не сан айтады. Қай топ 10
санағанша, әртүрлі тәсілмен бірінші құрастырып болса, солар жеңімпаз.
Сергіту кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдануға болады.
«Əріптестер»
Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріңіз. Оқушылар
сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік
деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындай алады.

«Әуенді атаңыз – әуен тақырыппен қалай байланысқан?»
Музыкалық шығармадан үзінді қойыңыз. Оқушылардан талқылап, өз
бағаларын беруді сұраңыз: музыка сабақ тақырыбымен қалай байланысқан?

«Әуенді өрімдер»
Саз өнері – қазақ халқының ерекше мән беріп дәріптейтін құнды
қазынасы, ұлттың тілі мен ділінің айнасы. Ештеңеге қызықпайтын бала ән
мен күй тыңдауға елітіп, елеңдері, қосыла айтуға құмартуы сөзсіз. Олай
болса, сөзді сазды иіріммен айту, бір- бірмен әуендете өру – тамаша көмек
көзі. Бірақ шәкірттеріміздің көптің алдына шыға алмайтын ұяңдығы, әнді
нақышына келтіріп орындай алмаймын деп тартынатыны да ақиқат. Сонымен
қатар біз тілінің мүкісі бар немесе ойын жеткізе алмайтын, үндемегенді жөн
көріп, тартынып отыратын баланың әнді тебірене орындайтын сәттерін де
сан рет байқадық. Әр сөздің мағынасын әуен арқылы тербей, жүрегімен
сезінген шәкіртімізді басқа қырынан танып, тәнті боламыз. Үзілісте бала
жанына шымырлай еніп жататын халық әндері мен күйлері, халық
12


Page 13

композиторларының шығармалары, қазіргі таңдаулы қазақы туындылары
үнтаспада ойналып, бала жанына бұлақтай мөлдіреп құйылып жатса, нұр
үстіне нұр!
Жалпы сабақтардың, үзілістің музыкамен тығыз байланыста болуы баланың
ашылуына әдемі мүмкіндік деп білеміз.
«Бағдаршам»
Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:
Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.
Немесе:




«Байланысқан оқу»
Өз оқуын бір сөйлеммен түсіндіретін оқушыны таңдаңыз. Келесі
оқушы өз сөйлемін құру үшін жалғаулық шылаулар мен жалғауларды
пайдаланады.


«Балалар философиясы»
Тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіріңіз. Оқушыларға
ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек.
Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты
сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Осылайша дауыс
беру және сұрақтарды талқылау анықталады. Мұғалім сұрақтарды дұрыс
13


Page 14

құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын
қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, делдал ретінде
қатысады.
«Балық, құс, аң»
Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана
«балық, құс, аң» - деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған
кезде дауысын қаттырақ шығарып:
- Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы
бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай
қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса
береді.
«Барлық оқушылармен жұмыс»
Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа
жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына
мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді
де алаңдатпайды.
«Бас бармақ»
Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді
олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.


«Батискаф»
(Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті
бар терең су камерасы.)
Екі топ бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы
қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек.
14


Page 15


«Баяндама»
Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет,
сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы
көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын
қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама»
мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы
жеңімпаз болады.
«БББ»
Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады
- Олар нені біледі?
Олар нені білгісі келеді?
Олар нені білді?
Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады
және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді
оқу барысында толтыруы мүмкін).
Ұсыным: «Қалайша оқып-үйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға
болады.

Белсенді оқылым тәсілдері

Бастапқы танысу
Құрылымы мен мазмұнын түсіну үшін тақырыбын, тараушаларын,
фотосуреттер берілген жазбаларды және т.б. зерделеуді көздейді.
Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырыбын беріңіздер де,
олардан ассоциация жүргізуді сұраңыз, яғни тақырыпты оқыған кезде
олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының
негізінде мәтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады.
Болжау
Мазмұны қандай болатынын және қандай сөздік қор қолданылатынын
болжау үшін тақырып, автор туралы бұған дейінгі білімдері пайдаланылады.
Мысалы:
Оқушылар мәтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін, олардың ойларынша
әрі қарай не болатынын болжайды. Оқушылар оқылған мәтінде келтірілген,
өз болжамдарына негіз болған ойларға сүйене отырып, өз болжамдарын
дәлелдеулері тиіс.
Танысу үшін оқу және сканерлеу
15


Page 16

Бұл тәсіл мәтіннің негізгі идеясын, стилі мен құрылымын анықтау үшін,
мәтінді тез көз жүгіртіп оқып шығуды көздейді. Бұл тәсілді болжамдарды
дәлелдеу үшін пайдалануға болады.
Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушылар өздерінің қандай негізгі
ақпарат іздейтіндерін анықтап алулары керек. Олар қандай тірек сөздердің
мәтіндегі сол ақпаратты меңзейтініне назар аударуы тиіс. Оқушылар тірек
сөздерді іздей отырып, мәтінді жылдам оқып шығады. Оларды тапқан
жағдайда, өздерінің іздегені осы ақпарат па екенін тексеру үшін оқушылар
тиісті бөлімді оқып шығады.
Мәнмәтінге қарап болжам жасау
Бұл тәсіл оқушылардың таныс емес сөздердің мағынасын анықтау үшін
мәтіндегі ишаралар мен бұған дейінгі білімдерін пайдалануын көздейді.
Мысалы: Осы тәсілді тексеру үшін мұғалім оқушы ларға ойдан шығарылған
сөзі бар сөйлем ұсынады, мысалы, «Гелаклаф сынып қалғандықтан маған
жолдың қалған бөлігін жаяу жүріп өтуге тура келді». Оқушылар қалған
сөздерге қарап, бұл сөздің не мағына беруі мүмкін екенін анықтауға
тырысады. Бұл жағдайда сөйлеп тұрған адам бұның алдында жаяу болмай,
бірдеңені мініп келе жатқандықтан, олар мұны көліктің бір түрі деп ұйғаруы
мүмкін, сондықтан бастапқыда «велосипед», «автобус» немесе «автомобиль»
деген болжамдар ұсынылуы мүмкін. Барынша нақты болжам жасау үшін
оқушылар мәтіндегі қосымша ақпаратқа назар аударуы тиіс.
Басқа сөздермен айту
Белгілі бір ойды бірдей уақыт өткен сайын басқа сөздермен айтуды білдіреді.
Мысалы: Оқушылар өздері жаңа ғана үйренген нәрсені қорытады.
Жаттығуды күрделі және қызықты етіп өткізу мақсатында оны бейімдеуге
болады, мысалы, өзінің үйренгендерін екі сөйлеммен болмаса он немесе одан
да аз сөзбен қорытындылау.

«Бес саусақ» әдісі

16


Page 17

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

«5-5-1»
Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады.
Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге
қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

«Бинго»
3x3 шаршысында сабақ тақырыбына қатысты əртүрлі түйінді сөздер
орналасқан. Оқушылар тиісті түйінді сөздерді айрықшалауы керек. Барлық
түйінді сөздерді анықтаған бірінші оқушы жеңімпаз атанады.
Ескерту: оқушыларда əртүрлі түйінді сөздер жинағы болу керек.

«Биографиялық поэма» (Биопоэма)
Тақтаға немесе әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы мынандай
сауалдарға жауап беру тапсырылады:
1. Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз)
2. Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз).
3. Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш
әрекетіңіз, хобби)
4. Неден қорқамын, сескенемін? (Өмірдегі қорқыныш пен
қауіптеріңіз)
5. Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз,
ұраныңыз)
6. Сүйікті ақын-жазушыларым (Қандай ақын-жазушыларды
ұнатасыз?)
7. Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?)
8. Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай
жетістіктеріңіз бар?)
9. Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз)
10. Тегім
Бұл тапсырманы орындауға оқушыларға 4-5 минуттай уақыт берілген
соң, олар жазғандарын шағын топ ішінде немесе бүкіл сыныпқа (егерде
оқушылар саны аз болып немесе уақыт жеткілікті болса) оқып береді.
17


Page 18

Биопоэмаларды оқығаннан кейін, оқушылардың бір-біріне сұрақтар қойып,
таныстығын тереңдете түскені дұрыс.
Бұл тәсілді бастары жаңадан қосылған оқушылармен ғана қолданбай,
бұрыннан бір-бірін білетін топ ішінде де қолдануға тиімді, өйткені көп
жағдайда келтірілген сұрақтар оқушыларды бұрын ескерілмеген жаңа бір
қырынан ашады.
Биопоэма сұрақтарын түрлендіріп әрі толықтырып жіберуге де болады.
Мәселен, олардың қатарына П. Макдермот «Мен қандай туыспын?» деген
сұрақты қосады, оқушылар мұнда өздерін туыс ретінде атайды («Мен әке-
шешемнің ұлымын/қызымын, немере, аға/әпке, іні/қарындас не сіңлі,
бауырмын» деген секілді). Мұнымен қатар автор сүйікті заттарды, басынан
кешкен сезімдерді, қол жеткізген табыстарды, көргісі келген немесе
құмартатын нәрселерді (заттарды), туған жерін (немесе тұрғылықты жерін)
атауды ұсынады.
Мұндай биопоэмада «Сүйікті гүлдеріңізді (пәндер,түстер, спорт
түрлері, машина не ұялы телефон түрлері, есімдер, мұғалімдер,спортшылар,
актерлер, әншілер,т.б) атаңыз» секілді тапсырма да беруге болады.

«Блиц кездесу»
Екі әріптес біреуі тақтаға, ал екіншісі қарама-қарсы жаққа қарап
отырады. Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде
келтірілген негізгі сөзді(дерді) түсіндіру үшін бар- жоғы 30 секунды бар –
мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді.

«Блок ортасында бағалау»
Блоктың соңында бағалаған жағдайда, сізге оқушылар жолықтырған
немесе жалпыға ортақ түсінбеушілік тудырған саладағы проблемаларды
қарастыруға уақыт жетпей қалуы мүмкін. Бөлімді оқу барысында бағалауға
уақыт беру (мысалы, 7 сабақтың бесінші сабағында) мәселені қарастыруға,
ұғынуға және қайталауға мүмкіндік береді. Бұл, сонымен қатар, мұғалімге
үдерісті дәлелдермен бекіте отырып, назарын түсінбеушілік туғызған
салаларға аударуына мүмкіндік береді.



18


Page 19

«БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ» теориясы бо йынша жаңа сабақты өз
бетімен меңгерту тапсырмалары
Теориясы:
«БІЛУ» мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?
т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар
тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.
Бос орындарға қажет сөздерді қойып, мысал келтір.
1. Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан
сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы, Ол шиті мылтықпен
кешке киік атып әкелді.
2. Сөйлемдердегі жақшаның ішіндегі бос орынға қажетті сөзді қойып,
басты ерекшелігі неде екенін ережесі арқылы түсіндір.
– Балам, қайдан келдің? – Балам, (сен) қайдан келдің?
– Астанадан. – (Мен) Астанадан (келдім).
Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған жай
сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем дейміз.
3. Ол әуелі келгенін байқамай қалды. Бұл сөйлемді толымдыға айналдыру
үшін не істеу керек?
Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:
- Біріншісі: өзара желілес сөйлем тобында;
- Екіншісі: сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы, екі не
бірнеше адамның сөйлесуі жағдайында жиі кездеседі.
4. Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы тағы қандай жағдайда
кездесуі мүмкін? Жауабы: қажетті мүшенің айтылмауы, көбіне, оның
алдыңғы сөйлемде айтылғандығына, оның не екені белгілі болып
тұруына байланысты.
Теориясы:
«Түсіну» Неліктен? Не себепті? Не үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының
жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты
тереңірек меңгереді.
Бос орындарға қажетті сөздерді қой.
1. Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет
болған сөзді орнына қойғанда, ол толымды сөйлемге айналады.
2. Диалог жағдайында не себепті толымсыз сөйлемдер жиі кездеседі?
Диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің жиі кездесетін себебі, яғни,
сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмауы, көбінесе оның алдындағы
сөйлемде айтылғандығына, жалпы,оның не туралы екені белгілі болып
тұруына байланысты.
19


Page 20

3. Толымды сөйлемнің қасиеті қандай?
Сөйлем толымды сөйлем болу үшін айтушыға керекті сөйлем мүшелері
сөйлемге түгел қатысу керек.
Теориясы:
«Талдау» 1.Салыстыр 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе 1-
3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады
Кестедегі толымды, толымсыз сөйлемдердің жасалу жолын салыстыр,
ерекшелігін тап.
Сөйлем түрі Ойға қатысты
қанша сөйлем
мүшелері
қатысады?
Басты
ерекшелігін ата
Жасалу жолын
салыстыр
Толымды Айтушыға
керекті сөйлем
мүшелерінің
барлығы
қатысады
Бастауыш пен
баяндауыштан
тұрса да, ой
толық жеткізілуі
мүмкін.
Қарапайым жай
сөйлем
Толымсыз Ойға қатысты
сөйлем мүшесінің
бірі түсіп қалады
Түсіп қалған
немесе қажет
болған сөзді
орнына қойғанда,
толымды
сөйлемге
айналады.
Екі түрлі жасалу
жолы бар:
а) өзара желілес
сөйлемдер
тобында;
б)диалог
жағдайында

Теориясы:
«Жинақтау» Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле,
анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш; т.б. сөздер
тапсырма шартында болу керек.
Жаңа тақырып бойынша өз ойыңмен анықтама беріп, қорытынды жаса.
Жауаптарын сәйкестендір.
Үлгі:
Не жазығым бар? Толымсыз сөйлем
Бұлаққа келе жатырмын. Толымсыз сөйлем
Кеш болды. Толымды сөйлем
Лепірген көңіліне шапшаң басқан
аяғы ілесе алмайды.
Толымды сөлем
20


Page 21


Практикасы:
«Қолдану» Оқулықпен жұмыс. Тек қарапайым тапсырмалар орындалады.
1. Кітаппен жұмыс. Мысалы, жаттығу. Берілген сөйлемдерден екі толымды,
екі толымсыз сөйлемдерді тауып, жасалу жолына ауызша талдау жаса.
2. Осы жаттығудан бір толымсыз сөйлемнің жетпей тұрған мүшелерін тауып,
толымды сөйлем етіп шығар.
– Біздің ауылдың баласы. Екі жас үлкен. –
Сейіл біздің ауылдың баласы. Ол бізден екі жас үлкен.

Практикасы:
«Баға беру» Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сөздер тапсырма
шартында болу керек.
Бұл тапсырмалар оқушылардың жоғарыда алған білімін (теориясы
бойынша) және бойында қалыптасқан біліктілігін (практикалық тапсырмалар
арқылы) күнделікті өмірде қолдану.
Сен қалай ойлайсың, күнделікті өмірде толымды сөйлемді жиі
қолданамыз ба, жоқ толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз ба? Біз үшін
қандай маңызы бар?
Бір шәкірттің ойы: Менің ойымша, біз толымсыз сөйлемдерді
күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Себебі, адамдар бір- бірімен сөз арқылы
қарым-қатынас жасау барысында диалог арқылы сөйлеседі және диалог
барысында сөйлемге қажетті мүшелерді толық айтып жатпайды. Өйткені,
олар (адамның аты-жөні, белгілі бір мәселе жайы) алдыңғы сөйлемде
айтылып кеткен, не екенін белгілі. Толымсыз сөйлемдердің маңызы қарым -
қатынас жасаудағы қарапайымдылығында.
Кері байланыс - бағалау кезеңіндегі осы материалды меңгерту кезеңі
Теориясы:
«БІЛУ» мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не
істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы
оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.
1-деңгей
1. Толымды сөйлемдерде ой қалай жеткізіледі?
Толымды сөйлемде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады,
сондықтан ой толық жеткізіледі.
2. Толымсыз сөйлемдер қандай жағдайларда қолданылады?
Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:
а) Өзара желілес сөйлем тобында. Мысалы, Қарлығаштар тағы келді.
21


Page 22

Тағы кетті. Қайта-қайта келе берді.
э) Диалог жағдайында (екі не бірнеше адамның сөйлесуінде) жиі
кездеседі.
Яғни, ойға қажетті мүшенің айтылмауы оның алдыңғы сөйлемде
айтылғандығында, жалпы, ойдың не туралы екені белгілі болып тұруына
байланысты. Мысалы,
-Айару! - деді Қамқа әжесі, - анау сөмке сенікі ме?
- Менікі.
- Ауыр ма?
- Жеңіл.

Практикасы:
«ҚОЛДАНУ» қарапайым үлгідегі тапсырмалары орындалады.
Мына сөйлемді толымды сөйлемге айналдыр, сөйлемдерді құрылысына
қарай талдап, ерекшелігіне тоқтал.
Оңаша қоштасты. Абай Ділдәмен оңаша қоштасты.
Талдау үлгісі: қоштасты – етістіктен болған баяндауыш;
Абай – атау тұлғалы зат есім;
Ділдәмен – зат есімнен болған толықтауыш;
Оңаша – үстеуден болған пысықтауыш.

Теориясы:
«ТҮСІНУ» Неліктен? Себебі? He үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының
жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы о л тақырыпты
тереңірек меңгереді.
1. Жай сөйлемдер неліктен толымды, толымсыз болып екіге бөлінеді?
Себебі:
а) Толымды сөйлемде ойды жеткізуде айтушыға керекті сөйлем мүшелері
түгел қатысады. Мысалы: Ол кешке дейін барлық жұмысын түгел аяқтады.
ә) Толымсыз сөйлемде ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп
қалады. Мысалы: Шараны сайладьқ.
2. Диалогта неге толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз?
Себебі: Екі не бірнеше адамның сөйлесуі кезінде ойға қатысты
сөйлемдерді қайталап айта бермеу үшін, ол сөздердің алдыңғы
сөйлемде айтылғандығына байланысты жиі қолданамыз.

Теориясы:
22


Page 23

«ТАЛДАУ» 1. Салыстыр. 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек.
Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
Мысалы, жаттығудағы берілген мәтіннен бір шешендік сөзді алып,
сөйлемдерін толымсыз сөйлемге айналдыр.
Үлгі: Үргеніш шешені:
- Сөз анасы не?
- Су анасы не?
- Жол анасы не? - деп сұрайды.
Сонда Сырым батыр:
- Сөз анасы – құлақ,
- Су анасы - бұлақ,
- Жол анасы - тұяқ! - деп жауап береді.
Толымсыз сөйлем: Үргеніш шешені: Сөздің, судың, жолдың анасы не? –
деп сұрайды.
Сырым батыр: Сөздікі – құлақ, судікі – бұлақ, жолдікі – тұяқ! – деп жауап
береді.

1. Шешендік сөздің көркемдігіне нұқсан келе ме, жоқ па? Себебін айт.
Толымды сөйлемді толымсыз сөйлемге айналдырғанда, шешендік сөздің
көркемдік нұсқасына нұқсан келеді. Ссбебі: ырғақ, ұйқас өзгереді.

Практикасы:
«ҚОЛДАНУ» Қарапайым тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы
нұсқалары орындалады. Оқулықтағы жаттығуды орында (екі толымды, екі
толымсыз сөйлемді теріп жаз. Толымды сөйлемде айтылмай қалған сөзді
анықта)
Толымды сөйлемдер:
1. Бірақ атайтын кісі бұл жиыныңнан табылмайды дen тe айтпаймын.
2. «Осының бірі лайық қой» - деген қошеметші де бұл жиында жоқ
емес.
Толымсыз сөйлемдер:
1) Сендер кімнің төбе би болатынын атамадыңдар ғой.
2) Асыл ағаң болыс та, би де боламын деп өктеген де емес.

Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ» Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды
жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш, т.б.
23


Page 24

сөздер тапсырма шартында болу керек. Сұрақтарға жауап беру арқылы бос
торларды толтыр.
Үлгі:

1) Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем қалай аталады?
2) Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрі.
3) Құрамында бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы
арқылы тауып алуға болатын сөйлем.
4) Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрі.

Практикасы:
«БАҒА БЕРУ» Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сұрақтары
қатыстырылған тапсырмалар болуы керек.
1. Төменде берілген сөйлемдердің құрылысы қалай жасалған?
Мен оны таныдым. Ағам! Атақты ағам! Аты осы атырапқа әйгілі ағам!
Бейшара, бақытсыз ағам! Жүрегім аузыма тығылды. Көкірегіме өксік толды.
Көзіме жас келді.
Бұл толымсыз сөйлемдер, оларды өзара желілес сөйлемдер тобына
іріктеу арқылы жасалған.
2. Сен қалай ойлайсың? а) бұл толымсыз сөйлемдерді толымды
сөйлемдерге айналдырсақ, автордың ойын көркемдеп жеткізу тәсіліне нұқсан
келе ме? ә) егер нұқсан келсе, себебін түсіндір; б) мұндай баяндау әдебиеттің
қай түрінде кездеседі?

Шәкірт пікірі: Менің ойымша: а) жоғарыда берілген толымсыз
сөйлемдерді толымдыға айналдырсақ, автордың айтқысы келген ойына
ңұқсан келеді; ә) себебі, ол сөйлемдердегі қажетті мүшелердің айтылмауы
арқылы автордың жан тебіренісі байқалып тұр және кейінгі ойда алдыңғы
ойдың желісі үзілмеген; б) мұндай баяндау көркем әдеби шығармаларды жиі
кездеседі.


1) ж а л а ң
2) ж а қ с ы з
3) ж а қ т ы
4) т о л ы м с ы з

24


Page 25

«Блум түймедағы»
Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі.
1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы
әңгімелеп беруге болады. Дәстүрлі бақыла у жұмыстарында,
терминологиялық диктанттарда, т.б. қолданылады.
2. Анықтаушы сұрақ. Әдетте, «Сонда сіз солай демекшісіз ғой ..?», «Менің
түсінуімше, сіз ...», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сіз былай
айтқан сияқты болдыңыз...» деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау
мақсатында жайдары көңілмен берілуі керек.
3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. «Неліктен жапырақтар күз
мезгілінде сарғаяды?» - деген сұрақтың жауабын оқушылар білетін болса, ол
сұрақ жай сұраққа «айналады».
4. Шығармашылық сұрақтар: «егер», «болса», «қалай болар еді» деген сияқты
сөздермен келеді.
5. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман деген баға
алды?», «Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді?» - деген сұрақтар
бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталған.
6. Тәжірибелік сұрақтар. «Күнделікті өмірде қай жерде байқайсыз?»,
«Кейіпкердің орында болсаңыз, не істер едіңіз?» - деген сипаттағы сұрақтар
теория мен практиканы ұштастырады.

Сұрақтар түрі Сұрақтар ерекшелігі,
мысалдар
Олар не үшін қажет?
Қарапайым «Не?..», «Қашан?..»,
«Қайда?..», «Қалай?..»
сұраулы сөйлемдерден
басталады
Белгілі бір ақпаратты,
мәліметті еске түсіру, анықтау үшін
Нақтылайтын «Яғни сен...деп айтып
тұрсың ғой?», «Егер мен дұрыс түсінсем,...?», «Мен қателесуім мүмкін,
бірақ, меніңше,
сендер.....деп айттыңдар?»
Хабарламада
айтылмаған, бірақ соған меңзеліп тұрған мәліметті алу үшін
Түсіндірмелі «Неліктен?..» сұрауынан
басталады
Себеп-салдарлық
байланыстарды орнату үшін
Шығармашылық «Егер де...» шартты рай
шылауының қатысуымен
Болжам жасау үшін,
мәселені жан-жақты
25


Page 26

жасалады: «Егер де...не
болады?», «Қалай
ойлайсыңдар, егер
де...қалай дамыр еді?»
қатыстыру үшін
Бағалаушы «Неліктен бір нәрсе
жақсы, енді бір нәрсе
жаман?», «Бір сабақтың
екінші бір сабақтан
айырмашылығы қандай?»,
«Бас кейіпкердің іс-
әрекетіне қалай
қарайсыңдар?»
Оқиғалар, фактілер
мен құбылыстарды
бағалау, критерилерін
анықтау үшін
Қолданбалы «...қалай қолдануға
болады?» «...не жасауға болады?», «Өмірде қай жерде кездестірер
едіңдер?»
Теория мен практика
арасында байланыс ортату үшін


«Боди-арт»
Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы
алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін
сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы
қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың
суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады.
Жағымды ахуал туады.
26


Page 27

Екі қатарға тұрып, қай қатардың нәтижесі әрі тез, әрі дұрыс
болғандығын салыстырып, жарыстыруға да болады.

«Борт журналы»
«Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға
үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт
журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен
танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:
Берілген тақырып бойынша маған не
белгілі? Мен не білемін?
Мәтіннен қандай жаңалық
туралы білдім?


Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. Оқу кезіндегі үзілісте оқушылар тақырыпты өз ойларымен,
тәжірибелерімен байланыстырып, «Борт журналының» бағандарын
толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды ,
оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады.
«Бөлмедегі заттар»
Сабаққа рефлексия жасау үшін әр оқушы бөлмедегі бір жансыз заттың
атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан суырып алады да,
сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді.
Мысалы: «Мен столмын. Бүгін маған тыныштық болмады. Алдымен, топқа
бөліну үшін құлағымнан ұстап алып жан-жаққа сүйреледі. Содан соң үстіме
қағаздар жайып тастап, постер сызды. Мен бүгін «Сын есімнің түрленуі оның
шырай формасына енуі екенін. Шырайдың екі түрі болатынын айтып бере
аламын.» т.с.с. жалғасып кете береді.
«Броундық қозғалыс»

Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар
орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген
тақырып бойынша ақпарат жинайды.


27


Page 28

«Бұл кім?»

Жүргізуші ( мұғалім немесе әдейі дайындалған оқушы) сыныптағы бір
оқушыны ауызша сипаттайды: оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін,
сөйлеу мәнерін, әдеттерін т.б.келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға
болмайды және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек,
мұнда оқушыны мақтаған дұрыс.
Бір-екі сипаттан кейін жүргізуші оқушылардан: «Бұл кім? Сіздер
таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар
таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді.
Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде киген...Ол
кім?... Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қаламсап бар...
Ол кім?...».
Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын
арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы
әңгімелерді өте ұнатады.

«Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?»

Оқушыларға сөйлемдер беріп, жауап ретінде осы сөйлемдерді алу үшін
сұрақ қандай болатынын анықтауды сұраңыз.

«Бұлт үстіндегі саяхат»

Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі- үш рет терең дем
алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ
жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне
секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа
ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк
аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда
мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін
жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы
жерде ғажайып және таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд).
Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне
әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада
ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек,
ширақ, зейіндісіңдер.

28


Page 29

«Бұрыштар»
Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын
сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген
жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста
тұжырымдайды және өздерінің көзқарастарын дәлелдейді.

«Былғары қолғап»
Ойын шарты: үш адамнан тұратын топтарға бөлініңдер: екі ойыншы, бір
төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап
сағатын ұйымдастырасыңдар. Ол қарсыласың тоқтап қалғанша жалғаса
береді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады.

«Біз де»
Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау
керек.
1. Мен өзенге бардым. «Біз де!»
2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!»
3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Біз де!» Осыны айтып қалған
оқушылар ойыннан шығады.
«Білетініңіздің барлығы»
Оқушылар тарауды оқуға кірісудің басында ________ туралы не
білетінінің барлығын жазады. Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін,
алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді.
«Білімдарлар»
Ең алдымен, ойынның басында «білгірлер» анықталады, олар
өздеріне топ құрады. Ойынға қатысушылар топтары бойынша парта басына
отырады. Бір топ тақта жанында қалады. Басқа топтардың өкілдері оларға
оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар қояды.Топтың сұрақты өз ішінде
талдауы 20 секунд қана жүреді де, бір оқушы жауап береді (кезекпен).
Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады.
«Бір ауыз сөз»
Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға
жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын
29


Page 30

келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып
қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым,
ұмтылдым, есте сақтадым т.б
«Бірге ойлаймыз»
Бұл сыныбыңызда талқылауға және диалогқа ықпал ететін және
«Қолыңды көтеріп адамға сену» көзқарасынан бас тартуға көмектесетін
жақсы тәсілі.
1. Оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөліп, әр оқушыға 1-ден 4-ке дейін
нөмір беріңіз.
2. Одан кейін сіз оқушыларға топта талқылау үшін сұрақ қоясыз. Берілген
уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын планшетке жазады және
сыныппен бөліседі.
Сізге балалар арасында бәсекелестік тудыру үшін ұпай есептеу жүйесін
пайдалануға болады. Одан кейін барған сайын күрделілігі артатын
сұрақтарды пайдалана отырып, сипатталған қадамдарды қайталайсыз.

«Бір қадам алға...»
Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар
қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам
артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы
оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.
«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру»
Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап
етеді. Әрине, ОүБ-нің өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен
жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет.
Аталған үдерісті оқушылармен бірлескен жұмыс түсінігін талқылау арқылы
бекітуге және осындай сабақты сабақтың көзге көрінетін бөлшегі етуге
болады.
«Бірлік»
Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір
мезгілде саусақтарын ашады. Мақсат: оқушылардың барлығы да бірдей
саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ
көрсеткенге дейін жалғасады.
Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек.
30


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!