Материалдар / Ашық сабақ "Шеңбер. Дөңгелек. Шар. Сфера"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Шеңбер. Дөңгелек. Шар. Сфера"

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық ұстаздарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
1211
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






















Пікір



Каканова Айнұр өзінің терең білімділігімен, ізденгіштігімен, жаңашылдығымен ерекше көзге түсіп жүрген жоғарғы санатты ұстаз, педагог-зерттеуші.

Сабақты оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып, түрлендіріп өткізеді. Оқушылардың математикалық білімдерін шыңдауға, оларды шығармашылық жұмыстарға баулуға көп көңіл бөледі. Бағыт бере отырып, тақырыпты оқушылардың өздері меңгеруіне, жан-жақты қарастырып, білімді терең ұғынуына, алған білімдерін өмірде қолдана білуіне ықпал жасайды, қосымша тың мәліметтер ұсынады.

Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға, олардың бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.



Г.Сүлейменова,

Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп директоры

Шардара ауданы

Түркістан облысы




Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1А Қатынастар және пропорциялар

Мектеп:Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні: Каканова Айнұр

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.3.2

шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін білу;

6.3.3.3

шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану;

6.3.3.4

дөңгелек ауданының формуласын білу және қолдану;

6.3.1.7

шар мен сфера туралы түсінігінің болуы


Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • шеңбер ұзындығын табады;

  • дөңгелек ауданын есептейді;

  • шар мен сфера туралы түсінеді;

  • шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін біледі;

- шеңбер ұзындығының формуласын біледі және қолданады;

- дөңгелек ауданының формуласын біледі және қолданады.

Бағалау критерийлері

Білім алушы


  • шеңбер ұзындығын таба алады;

  • дөңгелек ауданын есептей алады;

  • шар мен сфера туралы түсінеді;

  • шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін біледі;

- шеңбер ұзындығының формуласын біледі және қолдана алады;

- дөңгелек ауданының формуласын біледі және қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады;

- берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді;

- пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды;

- шамалар арасындағы тәуелділіктің түрлері туралы ой тұжырымдайды;

- шеңбер ұзындығы мен дөңгелек ауданының формулаларын ауызша тұжырымдамасын жасайды.

Бөлім бойынша лексика және терминология

- пропорция;

- пропорцияның негізгі қасиеті;

- пропорцияның шеткі мүшелері;

- пропорцияның ортаңғы мүшелері;

- пропорцияның белгісіз мүшесі;

тура пропорционалдық тәуелділік;

кері пропорционалдық тәуелділік;

- шеңбердің ұзындығы;

- дөңгелектің ауданы;

- π саны;

-сфера;

-сфераның радиусы, сфераның центрі;

-шар;

-шардың радиусы, шардың центрі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- а : b = с: d өрнегін «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасындай» деп оқимыз;

- а : b = c : d өрнегін «аb-ның қандай бөлігін құраса,онда c да d-ның сондай бөлігін құрайды» деп оқимыз;

- пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін ... керек;

- пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ... керек;

- берілген шамалар тура/кері пропорционал, себебі ...;

- шеңбер ұзындығы ... тура пропорционал болады;

- - дөңгелек ауданы ... тура пропорционал болады.


Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Өмірмен байланысты есептер

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру

Бастапқы білім

Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 - 5 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе


Функцияларға байланысты топқа бірігу. «Дөңгелек», «Шеңбер», «Шар».


Үй тапсырмасын тексеру №750






Функциялар формулалары


6 -9 мин













10-15 мин

































15-25 мин







25-30 мин

Өткен тақырыпты пысықтау .

Экспресс-сауал” әдісі

  1. Шеңбер дегеніміз не?

  2. Шеңбердің радиусы дегеніміз не?

  3. Шеңбердің диаметрі дегеніміз не?

  4. Диаметр радиустан неше есе ұзын?

  5. Қатынас дегеніміз не?

  6. Пропорция дегеніміз не?

  7. Масштаб дегеніміз не?

  8. Шеңбердің ұзындығы

  9. Дөңгелектің ауданы



Кестені толтыр

Радиус

Шеңбердің ұзындығы

R=2

CShape1 =

R=

CShape2 =

RShape3 =

C=3π

Дескриптор:

-шеңбердің ұзындығын есептейді

-шеңбердің ұзындығы бойынша радиусын табады


Радиус

Дөңгелектің ауданы

R=4

SShape4 = π

R=

SShape5 = π

RShape6 =

S=16π

Дескриптор:

-дөңгелектің ауданын есептейді

- дөңгелектің ауданы бойынша радиусын табады

4

Радиус

Диаметр

R=6

DShape7 =

R=

DShape8 =

RShape9 =

D=5

Дескриптор:

-шеңбердің радиусын есептейді

- шңбердің радиусы бойынша диаметрін табады


Тобыңмен пікірлес

1-топ: Берілген дөңгелектің ауданын тап


2-топ: Сызбадағы шеңбердің ұзындығын есепте


3-топ: Гүлзардың дөңгелек жиегінің ұзындығы 4π-ге тең. Гүлзардың ауданын тап


«Кім білгір?» әдісі. Жеке жұмыс. А, В, С деңгейлі есептер беру

А деңгей: Велосипед доңғалағының радиусы 20 см. Велосипед доңғалағы 4 айналым жасағанда қанша жерге барады?

Дескриптор:

-шеңбердің ұзындығын есептейді

-қашықтықты табады



В деңгей: Үлкен дөңгелектің радиусы 5 см, кіші дөңгелектің радиусы 3 см. Дөңгелектің боялған бөлігінің ауданын тап

Дескриптор:

-дөңгелектердің ауданын есептейді

Боялан бөліктің ауданын табады

С деңгей:





Б ерілген фигураның периметрін тап

Дескриптор:

-шеңбердің ұзындығын есептейді

-фигураның периметрін табады




Сұрақтар













Кесте1











770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!