Материалдар / АШЫҚ САБАҚ "ШЕШЕНДІК ӨНЕР"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АШЫҚ САБАҚ "ШЕШЕНДІК ӨНЕР"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптар бойынша І жартыжылдық есебі. 2016 – 2017 оқу жылына жоспарланған І тоқсанда жұмыстар жоспар бойынша атқарылды. Мемлекеттік бағдарламаға сай мектеп жұмыстарын жоспарлау, әдістемелік жұмыстарын бекіту, мотивациясы жоғары және мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс жоспары, үйірме жоспары түзілді. 1–4 сыныптар аралығында сабақтарға қатысу, оқу жылдамдығын тексеру, жұмыс дәптерін және бақылау дәптерлерін тексеру жұмыстары жүргізілді. Әдістеме бірлестігінде І тоқсанда 1 отырыс өткізілді. Бастауыш сыныптар бойынша барлығы 398 оқушы оқиды. Оның 221 қазақ сыныптар, 189 орыс сыныптарында оқиды. 2 үйде оқытылатын оқушы бар, 1 Сайфидинова С. 4 «Б» қазақ сыныбында, Ержанова А. 3 «Г» орыс сыныбында оқиды. Жалпы 2-4 сыныптар арасында ____ үздік, __ екпінді. Бастауыш сыныптар бойынша:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2018
682
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАЯНДАМА

Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру.


Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету.Сонымен қатар, сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой –өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады.Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады .

Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты-болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге, өз Отанын, ел – жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу, білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын негізгі талаптардың ішіндегі аса күрделісі – алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі.Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық – психологиялық өзгешеліктеріне байланысты. Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға, ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді.

Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың мейілінше сапалы болуына байланысты. Демек, сауат ашуға даярлық жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге баса назар аударылады.

Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді.Олай болса белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар сапалы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет.

Дұрыс, сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып алмауға бір сыпыра көмектеседі. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуларынағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп.

Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста болады. Жақсы оқи алатын бала таза да сауатты жаза біледі, ал , жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді. Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.

Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.

 Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты  жазуға  дағдылану  барысында  графикалық  түрде  қарым-қатынас  жасау  мүмкіндігіне  ие  болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін  және  таным  мүмкіндіктерін  жетілдіре алады. Таза жазу  дағдысының  алғашқы бастамасы  әріптің  әрбір  бөлігін   дұрыс сызып көруі  арқылы  қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. Оқушылар  жазу ережесін  сақтап  отырғанда  ғана  дұрыс  жазуға  үйрене  алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегі  талаптар  қойылады, және бұл  талаптар  бастауыш  мектептің  барлық  сыныптарында  жазу  жұмысының  барысында  орындалып  отыруға  тиіс:

·        әріпті  дұрыс  жазу, дәптердің  көлденең  сызығынан  ауытқымау;

·        әріптердің  элементтерін  жазғанда  ұзынды-қысқалы қылмай, тегіс, бірдей  жазу;

·        әріптердің  бірін  оңға, бірін  солға  қисайтпай,  барлық  әріпті бірдей, оңға  қарай  сәл  көлбете  жазу;

·        әріптердің, сөздердің  арасындағы  қашықтықты  бір  қалыпты  сақтап  отыру,  бірте-бірте жазу  қарқынын  тездете  түсу.

·        түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор.

·        сөздікпен жұмыс істету.

·        тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату;

·        сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіріп жазуға мән беру .

Ғалымдар зерттеуі бойынша ойынның оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр. Мен өз сабақтарымда ойындарды оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі ретінде қолданамын. Олар оқушыны қысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болатынын байқадым.

Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық есептер білім береді және оқушыларды ынталандырады. Математикада "Кім жылдам", "Ең үздік есепші", "Ыстық орындық" ойындары тез санауға, жылдам жауап беруге үйретеді. "Бағдаршам", "Дым білмес"ойындары арқылы жол жүру ережелері қайталанады. Ал "ғарышкерлер" ойыны ғылым жетістіктерімен, "Футбол" ойыны еліміздің спорт шеберлерінің жетістіктерімен таныстырады. "Ағашты кім тез отырғызады" ойыны табиғатты күтіп ұстауға тәрбиелейді. Іскерлік ойындар ойнағанда бала нақты оқиғалардың куәгері болып еңбек етуге отбасылық өмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді.

Мұғалімнің алдында тұрған ең басты міндеті- оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты білу, жете меңгеру. Сауат ашу сабағын қызықты, тартымды өткізу үшін сабақтың әртүрлі әдіс- тәсілдерін орынды қолдануға тырысамын. Жаңа технологияларды пайдалана отырып сабақта қолданылатын ойындарды мына төмендегі түрде қолданамын:
1) Оқыта үйрету ойындары. 
Бұл ойындарды сабақта да, сабақтын тыс шараларда да пайдалануға болады.
2) Тілдік ойындар: Ауызша сөйлеу және жазу машықтарын дамытуға арналған.
3) Драмалық, рөльдік ойындар. Қарым-қатынастарын жақсарту, ауызша сөйлеу, оқушы білімдерін әртүрлі жағдайларда қолдану машықтарын дамыту.
4) Психологиялық ойындар.
5) Грамматикалық ойындар т.б

Қорыта келе айтарым баланың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілген жұмыстар осындай жұмыстар

§  Оқушылардың сауаттылығын қамтамасыз етуге, олардың сауаттылық деңгейін тексере отырып, білімдегі кемшіліктерді жоюға;

§  Оқушының тіл байлығын арттыра отырып, ойлау қабілетін, байқампаздығын дамытуға.

Сауат ашу сабағында оқушының шығармашылық даму кезіндегі қалыптасатын дағдылары

§  Өз ойын-пікірін жеткізе білуге;

§  Ізденгіштікке ұмтылуға;

§  Құбылыстарды шынайы бағалай білуге;

§  Толық фантазиялық еркіндікке;

§  Орфографиялық сауаттылықты нығайту оң әсерін тигізіп, жақсы нәтиже береді

деп есптеймін.

  Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 40 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Мен сол себепті «Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш мектептің қазақ тілі сабақтарында ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту» деп өзімнің проблемалық тақырыбыма сүйенемін.
Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. «Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Барлығымызға мәлім болғандай, адам барлық нәрсені алдағы қажеттілігіне жарату үшін үйренеді. Сол сияқты игерген икемділігі мен дағдысын өзінің шығармашылықпен қолдануына жаттығады. Сондықтан оқытудың негізгі шарттарының бірі - игертілген білім, икемділік пен дағдыларды, яғни тілді өз тәжірибесіне пайдалану. Ал тілді тәжірибеде пайдалану - сөйлеу, яғни қарым-қатынас жасау. Ауызша сөйлеу әрекеті жазумен байланысты игертіледі, сондықтан оқушылар ауызша, жазбаша тілдің ерекшеліктерімен, стилімен, жанрларымен таныстырылады. Сабақтарда оқушылардың сөздік қоры толықтырылып, жаңа сөздерді, сөз тіркестерін игеру арқылы белсеңді сөздіктері дамиды - мәтінді түсініп оқу және оның мазмұнын шығармашылықпен айтуға дағдыландыру арқылы тіл мәдениеті қалыптастырылады. Еліміздің «Білім туралы заңы» тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп, 5 баптың 2-ші тармағында: «Меншік нысандарына қарамастан, барлық оқу орындары әрбір білім деңгейі үшін мемлекеттік жалпы стандартқа сәйкес мемлекетгік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды» міндеттейді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егер орта мерзімді кезеңге арналған міндеттер жөнінде айтатын болсақ, ол бірінші кезекте қазақстандықтардың білім беру және кәсіптік деңгейін сапалық тұрғыдан көтеруді қамтамасыз етуде жатыр» - деп, білім сапасын арттырудың маңызын көрсетеді. Сондай-ақ Елбасы мемлекеттік тілдің біріктіруші факторға айналуы жөнінде нақты талаптар қояды: «Өсіп келе жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді де ұмытпауға тиіспіз», - деген міндеттер қояды. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуына байланысты ауызша сөйлеу өзінің қызметін өрістете түсуге мүмкіндік алды. Қорыта келе тілдің қоғам мен жеке адамның өмірінде ерекше орын алатындығын нақты білемін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!