Тараз қаласы, «№ 4
Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ,
мұғалім-дефектолог Н.А. Хузиахметова
Ашық
сабақ
Cиқырлы еліне
саяхат.
Мақсаттары: Т-
б.м.: 10 санының көлемінде есеп шығаруға үйрету,
сандарды тура және кері санауға, сандар көршісін атауды,
геометриялық пішіндерді, түстерді
қайталау.
Т-д.м.: Естіп есте
сақтау, қабылдау,
зейін, логикалық ойлау
қабілетін, тактилды қимылды және
ұсақ қол қимылын дамыту. Сөз түсінуін
дамыту, сөздік қорын молайту, мүмкіндігінше педагогтың сұрақтарына
жауап беруге үйрету.
Т-т.м.: Берілген тапсырманы
орындауға ынталандыру. Мейірімділікке, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: ғажайып сәт, көрсету,
түсіндіру, сұрақ-жауап, ребус шешу.
Құрал-жабдықтар: тақырып бойынша
суреттер, 1-ге 10-ға дейін сандар бар қиылған сурет, ақ пен қара
үрме бұршақтар, тарелкелер, карточкалар, картоннан жасалған кір
жуу машиналардың макеттері және түрлі түсті
киімдері.
Біз ерекше
баламыз,
Айтқан тілді
аламыз.
Достарымды
көргенде,
Қуана қарсы
аламыз.
Сәлем бердік, Алтын
күн!
Сәлем бердік, Ашық
аспан!
Сәлем бердік, Жер
Ана!
Сәлем бердік
баршана!
-
Қазір сендермен бірге
сиқырлы еліне саяхат жасаймыз.
Балалар,
мынау заттарға қараңдар. Осы заттар қай
ертегіден?
-
Дұрыс, «Күлше-қыз»
ертегіден екен. Бүгін осы ертегіге саяхат
жасаймыз.
-
Айтыңдаршы, Күлше-қыз
қандай болып еді?
-
Дұрыс, өте
еңбекқор, ұқыпты, тәртіпті, әдемі, нәзік, сыпайы болған
еді.
-
Ал сарайдағы
балға баруға Күлше-қызға кім көмектесті?
-
Дұрыс
айтасыңдар, сиқыршы әйел көмектесті.
-
Ал
Күлше-қызды кім ренжіді?
-
Дұрыс, өгей
шешесі мен әпкелері.
-
Балалар,
Күлше-қыз қандай жұмысты атқарды?
-
Күлше-қыз
ылғи қиын және лас жұмыстарды атқарды.
-
Балалар,
Күлше-қыздың балға барғысы келіп отыр. Сол себептен өгей шешесінің
берген жұмыстарды жасау керек еді. Күлше-қызға көмектесеміз
бе?
-
Жарайсыңдар!
Онда бастайық. Біз «Күлше-қыз» ертегісіне келдік. Бүгін мен сиқыршы
әйел болып, ал сендер менің көмекшілерім
боласыңдар.
1-тапсырма.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 – ПЕШТІҢ КҮЛІ
-
Дұрыс, кейде
қатты шаршаған ол, пештің күлін шығарып жатып, күлдің үстіне отыра
кетуші еді. Осыны үнемі көріп жүрген өгей әпкелері оны мазақтап
«Күлше-қыз» деп атап кетеді.
-
Балалар,
кәне 10-ға дейін санайықшы.
-
5 санының
«көршілерін» атаңдар?
2-тапсырма.
-
Балалар, екі
топқа бөлінеміз. Бірінші топ қызыл түсті үшбұрыш бар үстелге,
екінші топ – жасыл түсті үшбұрышы бар үстелге отырады. Бастайық.
Сендердің қастарыңда ақ пен қара үрме бұршақтар бар тәрелкелер тұр.
Үрме бұршақтарды ажыратып, қанша қара қанша ақ үрме бұршақ бар
санап, тақтаға жазу керек болады.
Бірінші топ
Екінші топ
3-тапсырма.
-
Домалақ,
бірақ доп емес.
Қызыл
түсті, бірақ қан қыз емес.
-
Бұл
не?
-
Дұрыс, алма
екен. Алма ол не - жеміс пе әлде көкөніс пе?
-
Дұрыс, алма
жемістерге жатады.
-
Ұзын,
бірақ жіп емес.
Қызғылт
сары, бірақ түлкі емес.
-
Бұл
не?
-
Дұрыс, бұл
сәбіз екен. Сәбіз көкөніс пе әлде жіміс пе?
-
Дұрыс, сәбіз
көкөністерге жатады.
-
Сопақ
пішінді, бірақ алмұрт емес.
Жасыл
түсті, бірақ жапырақ емес.
-
Көп
жапырақты, бірақ ағаш емес.
Домалақ,
бірақ күн емес.
-
Сары
түсті, бірақ лимон емес.
Маймылдар
жақсы көреді.
Тәтті,
бірақ кәмпит емес.
-
Бұл
не?
-
Дұрыс, бұл
банан екен.
-
Банан неге
жатады?
-
Банан
жемістерге жатады.
-
Домалақ,
бірақ доп емес.
Жасыл
түсті, бірақ жапырақ емес.
Жолақ-жолақ, бірақ жолақ жылқы
емес.
Сергіту
сәті.
Балда
қандай көңілді,
Шам шырықтар жағылған,
Барлық қонақ билейді.
Ханзадамен қызықтап.
Балға
барғым келеді,
Сиқыршы
әйел көмектеседі.
Жұмыстан
мен қашпаймын,
Бәрін жинап тастаймын!
4-тапсырма.
-
Ал қазір әр
балаға жеке тапсырма беріледі. Алена, Анна, Мейіржан үшін
геометриялық пішіндермен байланысты тапсырмалар. Сендерге
геометриялық пішіндер бар карточкалар таратылады. Әр геометриялық
пішінді дәл осындай пішінімен жабу керек. Ал Кристина, Темірлан,
Ахат, Жұмәділ, Жасдәурен, Александра үшін есептер беріледі. Қосу
және азайту амалдарын жүргізуіңіз керек болады.
5-тапсырма. (Бір үстелдің үстіне төрт түсті кір жуатын
машина қойылады. Әр балаға картоннан жасалған белгілі бір түсті
киімдер таратылады. Балалар сол киімдерді түстері бойынша
топтастыру керек.)
-
Балалар,
өгей шешесі Күлше-қызға «үйіндегі барлық киімдерді жуу» деп
тапсырма беріпті. Мен сендердің алдарыңа 4 «кір жуатын машина»
қоямын. Әр машинаның түсі бөлек. Киімдердің түстері түрлі екен.
Қәне, әр кір жуатын машинаға лайықты киімдерді
салыңдар.
-
Жарайсыңдар!
Қорытындылау.
-
Балалар,
бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-
Сабақта қай
жерге саяхат жасадық?
-
Балалар,
Күлше-қыз сендердің көмектеріңмен балға барды, оның сендерге
арналған сыйлықтары бар екен. Сабақ үшін үлкен
рақмет!