Павлодар облысы, Шарбақты
ауданы, «Балдәурен» сәбилер бақшасы
Ересектер
тобы
Тәрбиеші: Жумабекова Гүлден
Гарифуллақызы
Білімберу
саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Сөйлеу
дамыту
Тақырыбы: Тұрмыстық
техника
Мақсаты: Тұрмыстық техника, оның қолданылуы
туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен
таныстыру.
Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін
дамыту.
Қауіпсіздік ережелерін сақтауға
дағдыландыруға, жинақылыққа
баулу.
Сабақтың
барысы
Мотивациялық
бөлімі
Қайырлы күн, балалар! Көңіл
күйлерің қалай?
Ендншн айтыңдаршы бүгін
аптаның қай күні?
Өте жақсы, дөңгеленіп шеңберге
тұра қалайық
Шаттық
шеңбер
Қуанамын мен
де
Қуанасын сен
де
Қуанайық
достарым
Арайлап атқан
күнге
Жарайсыңдар, енді жұмбақтардың
шешуін тауып көріңдер
Жұмбақтар:
1. Ән салады
чемодан
Ішінде тұр көп
адам
Естімейді
сөзіңді
Сөйлемейді
сөзіңді
Жауабы: ( Теледидар), орыс
тілінде телевизор
2. Аязға толы
жәшігім
Ішінен тамақ
тасыдым
Жауабы: (тоңазытқыш) орыс
тілінде холодильник
3. Шаң-тозаңды
сүймейді
Тазалап оны жүр
дейді
Жауабы: ( шаңсорғыш ) орыс
тілінде пылесос
Балалар суретте не көріп
тұрсыңдар?
Негізгі
бөлім. Өте дұрыс, бұның бәрі бір
сөзбен айтқанда тұрмыстық техника деп атайды. Олардың түрлері өте
көп. Енді осы техникалардың қандай қызмет атқаратынын еске
түсірейік. Экранға назар салып мұқият
тыңдаймыз.
Тоңазытқыш-тағамдарды бұзылып
кетуден сақтайды.
Кір жуатын машина-лас,кір
киімдерімізді жуу үшін қажет.
Үтік-киімдерімізді ң қыртысын
жазып береді.
Теледидар- мультфильмдер,
кинолар, жаңалықтар көру үшін қажет.
Шаңсорғыш-үйді шаңтозаңнан
тазарту үшін қажет.
Ток шәнек- шәйді жылдам әрі
тез қайнату үшін керек
«Сен білесің бе?»
айдары
Ертеде, ең алғаш рет ежелдегі
адамдар жарық үшін отты пайдаланған, одан кейін жарық ретінде
факельді қолданған, содан майшаммен, керасин шамымен, одан кейін
үйді жарықтандыру үшін электрлік жарықты қолданып
келеді.
Орнымыздан тұрып
серігіпалайық
Сергіту
сәті
Орнымыздан
тұрамыз
Алақынды
ұрамыз
Бір отырып, бір
тұрып
Тез шынығып
шығамыз
Бойымызды сергітіп алсақ, әрі
қарай жалғастырамыз. Тұрмыстық техникалар электр тогымен жұмыс
жасайды.Сол себепті бұл құрылғылармен жұмыс жасағанда өте мұқият
әрі абай болған дұрыс.
Д\о: «Төртінші артығын
тап»
Шарты: Төртінші артық суретті
табу және ол не сеьепті артық екенін айту.
Дұрыс айтасыңдар, бұл суретте
сыпырғыш артық екен, өйткені сыпырғыш тұрмыстыұ техникағажатпайды.
Келесі суретке назар аударамыз. Дұрыс бұл жерде қайшы артық екен.
Себебі қайшы тұрмыстыұ техникағажатпайды.
Жарайсыңдар балалар, өте
тамаша!
Д\о: «Не үшін
қажет?»
Үтікпен –киім
утіктейді
Ток шәйнекпен –су
қайнатады
Тоңазытқышта- тағамдарды
сақтайды
Шаңсорғышпен-үйдің шаның
тазалайды
Шаш кептіргішпен-шаш
кептіреді
Кір жуғыш машинамен лас
киімдерді жуады
Келесі тапсырмаға назар
аударайық
Л\о: «Ертеде,
қазір»
Ертеде күн ыстықта желдеткішті
қолданатын, ал қазір вентиляторды
қолданады
Ертеде ласкиімді легенде
жуатын, ал қазір кір жуғыш машинамен жуады
Ертеде үйді сыпырғашпен
сыпыратын, ал қазір шаңсорғышпен тазалайды
Ертеде тамақты қазан ошақпен
отқа пісіретін, ал қазір электрліе плитаға
пісіреді
Ертеде үйдің жарығын май
шамнан алатын, ал қазір электр шамын
қолданады
Жарайсыңдар
балалар!
1.Теледидар, микротолқынды
пеш, сыпырғыш, шаш кептіргіш қайсы артық?
Сыпырғаш.
2. Дала шамы, үтік, люстра,
үстел лампасы не артық? Үтік Өйткені қалғандары жарық беруші
құралдар
3. Инфрақызыл жылытқыш,
жылытқыш, камин, желдеткіш Қайсы арты? Желдеткіш. Өйткені қалған
құралдар жылытқыш құралдары
Келесі тапсырма «Ретімен
ата» деп
аталады
Ең алдымен жарық ретінде отты
пайдаланған, кейін факель, одан кейін май шам, кейін карасин шамы,
электорлық жарық
Өте
тамаша!
Ал енді қауіпсіздік
техникаларды есте сақтап алайық
Электр құралдарын ересектерсіз
қосуға болмайды
Электр аспаптары мен сымдарды
дымқыл қолмен ұстауға болмайды.
Разеткамен
ойнама!
Газ плитаға
жақындама!
Сіріңкемен
ойнама!
Егер сен отты көрсең дереу
ересектерге хабарла!
Рефлексия
Жарайсыңдар, енднше бүгін
сабағымызды мына көңілді әнмен аяқтаймыз
Видеоролик
Сау болыңдар,
балалар!