Материалдар / Ашық сабақ Сөйлеуді дамыту «Қысқы орманға саяхат»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Сөйлеуді дамыту «Қысқы орманға саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Саласы: «Қатынас» Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат» Мақсаты: Қыс жайында жалпы балалардың білімдерін бекіту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2021
667
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы Габдуллина Асем Камидоллаевна


«Павлодар қаласының Жетекші ОЖББМ» КММ тәрбиешісі

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»

2 сәбилер тобы


Саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»

Мақсаты: Қыс жайында жалпы балалардың білімдерін бекіту.

Міндеттері:1. Тірек-сызбалар арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрауға үйрету.

2. Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.

3. Қысқы табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Мурашковский әдісі,көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ – жауап, тірек-сызба.

Көрнекі – құралдар: АКТ, орман бейнесі (шыршалар, бөренелер)орман аңдары ойыншығы, маймыл ойыншығы, сандықша, тірек-сызбалар.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-қозғаушы

Ғажайып сәт: Хат тасушы келеді.

Хат тасушы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бұл «Ақжарқын» балабақшасы ма? «Тұлпар» тобы ма?

Менің сендерге видео хабарламам бар. –Мінеки, алыңыздар. (хат тасушы қоштасып кетіп қалады)

Тәрбиеші: -Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл видео хабарламада не бар екен? Мүмкін біреу бізбен өз қуанышымен бөліскісі келетін шығар, ал мүмкін керісінше біреу қиын жағдайға тап болып, біздің көмегіміз қажет шығар. – Қане интербелсенді тақтаға қарайық. (тақтадағы бейнетаспада орман ханшайымы балалардан көмек сұрайды, орман аңдарын тауып берулерін өтінеді)

Балалар қызығушылық танытады.

Иә.





Балалар ойланып жауап береді.




Балалар тақтаға қарап, орман ханшайымының өтінішін тындайды.


Ұйымдастыру-іздестіру

































Сергіту сәті



























Рефлексивті-түзетушілік

Тәрбиеші: - Балалар, біз орман ханшайымына көмектесе аламыз ба? Ендеше бізге саяхатқа шығу керек. Қысқы орманға саяхатқа.

-Балалар, орманға немен баруға болады?

-Ал мен сендерге пойызбен баруды ұсынамын. Мен пойыздың паравозы боламын, ал сендер вагон боласыңдар. Бірақ вагондар паравозға қарама-қарсы сөздер арқылы қосылады.

«Қарама-қарсы сөзді айт» ойыны.

Шарты: Тәрбиеші бір сөйлемді атайды, мысалы: піл үлкен, ал тышқан......

(музыка ойналады)

Орманға келеді. Шыршаның астынан сандықша тауып алады.

Д/о: «Сөйлем құрастыр»

Балалар мнемокесте суреттері арқылы сөйлем құрастырады.

Екінші шыршаның астында ақ қоян отырады. Қоян балалардан қыс туралы жақсы сөздер айтуды сұрайды.

Тіл ұстарту жаттығуы.

Тәрбиеші тіл туралы ертегі айтады.Ертеде бір көңілді тіл болыпты,ол озінің үйінде тұрып жатыпты,ол көңілсіз болыпты,көңілін көтеру үшін өзінің білетін дыбысын салады

А, -А, -А

-О, -О, -О

-У, -У, -У

Д/о: «Қоянды тап»

Шарты: қоянның шыршаның қай жағында жасырылғанын табу.



Ұзын құлақ сүр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып,ытқып секірді.


Қапшықтың ішінен маймылды тауып алады.

Тәрбиеші: - Балалар, маймыл қысқы орманда мекендей ме?

Жоқ- әрине, ол ыстық елде мекендейді.

Біздің жаққа қысты көру үшін келіпті. Ол қыстың суық, ызғарлы болатынын білмейді екен. Ол тонып қалып, мына қапшықтың ішіне тығылып қалыпты.

-Балалар, біз маймылға қыс туралы білгенімізді айтып береміз бе?

(мнемокесте арқылы жұмыс жасау.)

-Жақсы балалар. Біз маймылды өзімізбен бірге біздің балабақшамызға, тобымызға алып кетейік. Онда жылы, әрі құрғақ. Маймыл да қуанып қалады.

Дем алу жаттығуы

Мұрынмен дем алып, ауызбен дем шығарады.

Тәрбиеші: -Балалар, қараңдаршы мына үйге тығылып қалған орман аңдары ғой. (үйдің ішінен қасқыр, түлкі, тиінді алып шығады)


-Біз, орман ханшайымының өтінішін орындадық, енді балабақшамызға, тобымызға оралайық.

Иә, көмектесе аламыз.



Автобусбен, ұшақпен, машинамен, пойызбен, велосипедпен.




Балалар қарама-қарсы сөздерді атайды.

Балалар бір-бірінің иықтарынан ұстап жүреді.



(қыста су мұзға айналады, ағаштарда жапырақтар болмайды, аю апаңында ұйықтайды т.б.)

Қыс мерекелі, көңілді, жұмсақ, аппақ т.б.


Балалар дыбыстарды атайды.







Шыршаның артында, үстінде, астында, алдында.




Балалар сергіту сәті сөздерін қайталап, қимылдарды орындайды.








Балалардың жауабы.




Иә, айтып береміз.

Балалар тақтадағы мнемокесте арқылы қыс туралы айтып береді. (қыста қар жауады, ағаштарда жапырақтар болмайды, тиін мен түлкі жылы тоң киеді, ал қоян сұр тоңын ақ тоңға ауыстырады, адамдар қысқы киімдер киеді, балалар қардан аққала жасайды, шаңғы, шана тебеді)



Балалар қатар-қатар тұрып, жүреді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: қыс туралы жалпы түсініктері бар.

Нені меңгерді: байланыстырып сөйлеуді меңгерді.

Нені білді: тірек-сызбалар арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрастырауды білді.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!