Материалдар / Ашық сабақ "Сөз таптары" 2 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Сөз таптары" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестеріме, бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек және тәжірибе алмасу ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2018
5693
14 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:..................А. Ашимов
Пәні: Қазақ тіліҰзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиетіМектеп: №167 жалпы орта мектебі
Күні: 12.II Мұғалімнің аты-жөні : Н.Қалдарбекова
Сынып: 2б Сабақ №85Қатысқандар: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбыСөз таптары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)2.2.3.1 мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру ; 2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату; 2.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
Күтілетін нәтижеСөз таптары түрлерін қайта жаңғыртады; сөздерді мағыналарына қарай топтастырады, сөз тіркесін құрайды; сөздердің қай сөз табына жататынын анықтайды; сәйкестендіреді. Сөз таптарын ажырата алатын болады.
Бағалау критерийлері -мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді;-сөз таптарын ажыратады;
Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың салт-дәстүрге не жататынын, ауыз әдебиет үлгілерін білу арқылы туған жерге деген сүйіспеншіліктері, құрметпен қарау дағдылары дамиды.
Пәнаралық байланыстарСалт-дәстүр түрлері және ауыз әдебиет туралы әңгімелеу арқылы әдебиеттік оқу пәнімен байланыс орнайды.
АКТ қолдану дағдылары Сабақ барысында салт-дәстүр тақырыбында таныстырылым қолдану және бейнефильм көрсету.
Алдыңғы сабақты меңгерілген білім Сөз құрамы, түбір мен қосымша, жұрнақ пен жалғау
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.Біз балдырған баламыз,Құстай қанат қағамыз.Дүниені аралап,Оқып білім аламыз.Көзді салып қараңыз,Былай қанат қағамыз.-Балалар, біз бүгін «Сөз таптары» деп аталатын үлкен елді-мекенге саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шықпас бұрын дайындығымызды тексерейік. Біз дүниетану сабағынан өткенімізді еске түсірейік. Саяхатқа шығу үшін бізге не керек? Ол үшін өткен сабақты қайталап өтеміз:-Антоним дегеніміз не ?-Омоним дегеніміз не?-Синоним дегеніміз не?-Түбір, түбір сөз дегеніміз не?-Жұрнақ дегеніміз не№-Жалғау дегеніміз не?-Жарайсыңдар! Ал, енді саяхатқа аттанамыз.













Елді- мекеннің көрінісі бейнеленген слайдСұрақтар жазылған жол дорба ішіндегі суреттер

Сабақ ортасы -Ұлтымыздың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?«Сөз таптары» елінде ұлан асыр той болып жатыр екен. Байқап қараңдаршы, бұл қандай той?-Шілдехана.-Оны қалай анықтадыңдар?Топтық жұмыс. 1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. -Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қою.-Мәтінге ат ойлап табу.-Бұл мәтін әңгіме ме, өлең бе?-Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерді көшіріп жазу.Бағдаршам сигналдары арқылы бағалау.-Мен сендерге бір ертегі айтып берейін.-Балалар,ерте, ерте,ертеде біз білмейтін шексіз үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті.Ол-ел- Сөз таптары елі деп аталыпты. Дүниедегі сөз біткеннің бәрі сол елде,кең сарайда тату-тәтті өмір  сүріпті. Бір күні  сөздер бір нәрсеге келісе алмай «сен ұзынсың,мен қысқамын, сен көпшілсің, көп мағна бересің, анаумен де мынаумен де тіркесесің, мен бір ғана мағына беремін, оқшау жүргенді ұнатамын-деп кең сарайға бастары симай айтысып жатады. Мұны естіген хан оларды жинап алып: -Сендер,өз мағыналарыңа қарай, жауап беретін сұрақтарыңа қарай, өзіндік ерекшеліктеріңе қарай топқа бөлініңдер, сосын әрқайсыңды жеке отау етіп, бөлек-бөлек үй қылып қоямын-дейді.  Сөйтіп сөздер өздерінің ұқсас белгілеріне қарай топқа бөлініп,оларға ат беріледі.Осылайша СӨЗ ТАПТАРЫ елі бірнеше ауылдарға бөлініп кетекен екен. айналады.Олар былай аталыпты.                                                  Сөз таптары:1.ЗАТ ЕСІМ. 2.САН ЕСІМ. 3.СЫН ЕСІМ. 4.ЕТІСТІК.Жұптық жұмыс. «Ойлан, ортаға сал» Жаңағы тойға келген сөз таптары тағы да да араласып кетіпті. 2-жаттығу. Сөздерді оқу.Сөздерді кестеге орналастыру. Кестедегі сөз мағыналарының әр басқа екенін және олардың қалай топтастырылғанын байқап, қорытынды жасау. «Мадақтау сөздер» арқылы бағалау.



-Балалар, бұл елдің өз ережелері бар екен.-Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім – сөз таптары.-Бала дүниеге келгеннен кейін түрлі салт-дәстүрлер басталады. Мысалы, шілдехана, бесік той, тұсаукесер, т.б. -Ал, осы кезеңдердегі баланы қалай атаймыз? Жеке жұмыс.»Кім тапқыр?» Тақтамен жұмыс.3-жаттығу. Жас баланы қалай атайтынын тауып жазу.Сә...и, нем...ре, бө...е, бө...ек, ба...апан.«Басбармақ» бағалауы.5-жаттығу.-Балалар, әр ауылда ақылды, көпті көрген қариялары болады. Сол кісімен сәлемдесіп, ақылын тыңдап кетйік.Қария: -Қазақ халқында «жеті қазына» деген ұғым бар. Ол-адамдардың күнделікті ұстапжүрген нәрселері. Сендер соны білесіңдер ме?Балардың жауабы. Жеті қазына туралы толық мағлұмат беру.




Ұлттық ойын туралы бейнефильм көрсету.





таныстырылым







Суретке қатысты берілген сөздер қатары.











кесте









Кесте , дәптер

















Ереже









Таныстырылым







Қарияның суреті

Жеті қазына
Сабақтың соңы-Балалар, саяхаттан қайтатын уақыт болды. Саяхаттан алған әсерлерің жайлы ойларыңды дәптерге түсіріңдер.Кері байланыс. «Өз жауабыңның дәлелі» 1.Сабақ мен үшін -------------------------болды, себебі ---------------- 2. Сабақтағы ақпарат мен үшін----------------------- болды, өйткені ------------------------- .3.Менің сабақтағы өз жұмысыма ------------------------------------------- .

Дәптер

Кері байланыс






























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!