Материалдар / Ашық сабақ. Сөз таптары .3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Сөз таптары .3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөз таптары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2019
5866
22 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Қазақ тілі

Бөлім/ Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Мектеп: Ембі қалалық №4 ЖББОМ

Күні: 15.05.2019 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Шолгарина Бакытгуль Бауржановна


Сынып: 3 «А»

Қатысқандар саны: 16


Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Сөз таптары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

Негізгі және туынды сын есімді ажырата алады. Жаңа білімді меңгереді. Сауатты, көркем жазады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату, негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау дағдыларын қалыптастыру жаттығулары жүргізіледі.

Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән беріледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

8-бөлім оқушылардың 2-сыныпта және 3-сыныптың алдыңғы бөлімдерінде алған білімі мен дағдыларына сүйенеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Жаңа топ құру

Оқушыларды сөз таптары арқылы топқа бөлу.



1 топ-Зат есім

2 топ-Етістік

3 топ- Сын есім

4 топ-Сан есім



(Ұ) Шаттық шеңбері: «Айна» әдісі.



Шеңберге жиналып, айнаны қолына алып,өзін сипаттайды.



Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!





Үй тапсырмасын еске түсіру.



(ТЖ) «Тегтер бұлты» әдісі

Күннің көзін бұлттан арылту” ойыны .

1.Түбір дегеніміз не?

2.Қосымша дегеніміз не?

3.Қосымша нешеге бөлінеді?

4.Түбір сөзге бірнеше мысал келтір.

5.Жұрнақ деген не?

6.Жалғау деген не?

ҚБ. Отшашу арқылы бағалау.



Қызығушылықты ояту.


1

3

4

2

Сөз

та

ры

тап







Зат есім,сын есім,етістік сөздері жазылған кеспе парақтар









Айна,кітап











Түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы

Сабақтың ортасы



Білу. (МК; Ө; Ж; Қ)



Тыңдалым.



Ауылға барғанда .мәтінді тыңдау. Пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап беру.

40-жаттығу. Мәтінді тыңдап, негізгі ойды анықтайды.

Мәтіннің мазмұнын айтады.

Оқулықта берілген пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдіреді.



Жазылым.



Түсіну.(Ө) Сөйлемдерді жазып, сөз таптарына талдау.

Мәтіннің алғашқы екі сөйлемін жазып, сөз таптарын талда.

ҚБ.Басмармақ арқылы бағалау.

(Ұ)

«Бес қадам» әдісі. Ауылға барғанда



-Мәтіндегі кейіпкерлерді ата;

- Мәтіндегі Ергөбек қандай адам?

- Сен ауылға бардың ба?Ауылға барғанда не істейсің? 5 сөзбен жеткіз.

-Мәтіндегі Дархан немен айналысты?Ол қандай бала? 5сөзбен жеткіз



Қолдану.(МК; Ө; Ж; ) Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып жазу.

41-жаттығу. Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып жазады.

Негізгі зат есім мен туынды зат есімнің анықтамасын естеріне түсіріп, олардың бір-бірінен айырмашылығын

табады.

Жұппен жұмыс жасайды.

Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.

Орындалған жұмысты өзара бағалайды.







Оқулық

























Оқулық





Дәптермен жұмыс



Кім жылдам? 42 –жаттығу





Түбір сөздер

жұрнақ

Туынды сөз

Жұмыс

-шы

жұмысшы


-лық



-тық



-кер
























Сергіту сәті.











слайд

Шығармашылық үзіліс

Жинақтау.(МК; Ө; Қ) Жасырынған мақалды тауып оқу.

43-жаттығу. Сағат тілі бойынша екі әріптен қалдыра отырып, мақалды оқиды.

Мағынасына талдау жасайды.



Шешуі: Оқу–инемен құдық қазғандай.



Оқулық



4 дәптермен

жұмыс

Талдау. Топтық тапсырма.

1 топқа.

Суреттерде бейнеленген заттарды ата.

Зат атауларын топқа бөліп жаз. Әр топқа екі сөзден қос.

2 топқа. Не істеді? деген сұраққа жауап бер.

3 топқа

Екі бағанды салыстырып оқы.

Вертикальный свиток 3 Вертикальный свиток 4

4 топқа

Артық сөзді табу. Оның неге артық екенін дәлелде .



Вертикальный свиток 14



Суретпен жұмыс


Сабақтың соңы

Бағалау.(Ө; Қ) «Бір сөзбен ...» тапсырмасы бойынша

сабақтағы өз іс-әрекетіне рефлексия жасап, бағалау.


Төмендегі сөздерден сабақтағы көңіл күйін білдіретін бір сөзді таңдап, өзінің іс- әрекетіне рефлексия жасап, өзін-өзі бағалайды. Парталас досына ол сөзді не үшін таңдағанын айтып, өз ойымен бөліседі.


Сенімсіздік, қуану, қорқыныш, сенімділік, жалығу, таңдану.

Слайдпен жұмыс


(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап,дәлелдеу.


Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нәтижелері топта жарияланады.

Кеспе парақтармен

жұмыс


Түрлі түсті

қрындаштар




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!