Материалдар / Ашық сабақ "Сөздіктер жасау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Сөздіктер жасау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Python бағдарламалау тілінде сөздіктер жасау. Тізімдер мен кортеждерге қоса, Python тілінде сөздік (dictionary) деп аталатын кіріктірілген берілгендер құрылымы бар. Тізім сияқты сөздік те элементтер жиынын сақтайды. Сөздіктегі әр элементтің қайталанбайтын кілті болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2022
426
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі” МКҚК



КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері Директордың оқу ісі

_______ А.С. Керимкулова жөніндегі орынбасары

_________Л.Байсеитова

«___» _________2022 ж «___» _________2022 ж






Әлеуметтік – экономикалық” пәндік циклдік комиссиясы









Пәні: Жоғарғы деңгейдегі тілде бағдарламалау

Тақырыбы: Сөздіктер жасау









Оқытушы : Н. Жұмағұлов









Т.Рысқұлов-2022 жыл

Пәндік (циклдік) комиссия мәжілісінде қаралған


Хаттама №___ «____»__________2022ж.


Пәндік (циклдік) комиссия төрағасы __________ Ф.Эшанкулова

(қолы)























































Сабақ жоспары №22


Пәні: Жоғарғы деңгейдегі тілде бағдарламалау

Сабақтың тақырыбы:

Сөздіктер жасау

Сабақтың типі:

Білімді, білікті, іскерлікті бақылау және бағалау сабағы




Өткізілетін күні: ____.02.2022 ж

Топ: ЕТ-841

Сабақтың мақсаты:





Білімділік: Студенттерге Python бағдарламалау тілінде сөдіктермен жұмыс жасауды, сөздіктерді жасауды үйрету. Құрылған дайын сөздіктермен жұмыс жасауды, кілт беру арқылы сөздіктерге жаңа ақпарат қосуды, бағдарлама барысында сөздіктер құруды, құрылған сөздіктерді өзгерту форматтауды үйрету.


Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру (талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту) студенттің заманауи техникаға, компьютерлерге, бағдарламалау тілдеріне деген көзқарасын ғылыми тұрғыда дамыту. Өздерінің таңдаған мамандықтарына жоғарғы деңгейдегі тілде бағдарламалау арқылы қызығушылықтарын арттыру


Тәрбиелік: Іздену, бақылау арқылы студенттердің дүние таным қабілеттерін қалыптастыру. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке алға қойған мақсатқа жете білуге, ұйымшылдыққа баулу. Адамгершілік тәрбиесін (Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау, үлкенге сый-кішіге жол көрсету);


Сабақтың технологиясы мен әдіс-тәсілдері: Проблемалы оқыту технологиясы, ұжымдық оқыту технолгиясы, IT технология, Kahoot ойыны, ойын (жарыс) әдісі, нақты қойылған тапсырмаға нақты нәтиже шығару.


Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, Математика, Физика, Информатика


Сабақты жабдықтау:

а) сабақтың көрнекілігі: Тақта, бор, презентациялар, стендттер, интернет желісі

б) оқытудың техникалық жабдықтары: Дербес компьютер, интерактивті тақта, Интернет,

Kahoot платформасы Python бағдарламалау тілі.

в) оқыту орны: 208 аудитория


Әдебиеттер:

Негізгі: 1. КАЛАЕВ Д.Н., ОМАРОВА Б.Ж., ТУСУПОВ Е.Б. «Микроэлектроника және

мобильді құрылғылар» Фолиант: Нұр-Сұлтан -2020

2. Д.Ғабдуллаев, А.Медешова «Дербес компьютердің бағдарламалық жасақтамасы»

65-68 беттер

2. Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібааев «Жаңа информатикалық технологиялар» 178-195 бет

Қосымша: 1. Кирнос В.Н «Информатика 10» 121-129 беттер


Сабақтың барысы

I. Сабақты ұйымдастыру: (5 мин)

  1. Студенттерді түгендеу, оқулықтарын, аудитория тазалығын тексеру.

  2. Студеттердің зейінің сабаққа аудару.


II. Өткен тақырыптарға шолу (20 мин)

Kahoot.com сайты арқылы сұрақтарға жауап береді



Сұрақтар:




III Зертханалық жұмысты өткізуді ұйымдастыру:


Тақырыбы Сөздіктер жасау

Жұмыстың мақсаты: Python бағдарламалау тілінде сөздіктер жасау, дайын сөздіктермен жұмыс жасауды үйрену.

Жұмыстың көрнекілігі:

  1. Дербес компьютер

  2. Python бағдарламалау тілі


Тізімдер мен кортеждерге қоса, Python тілінде сөздік (dictionary) деп аталатын кіріктірілген берілгендер құрылымы бар. Тізім сияқты сөздік те элементтер жиынын сақтайды. Сөздіктегі әр элементтің қайталанбайтын кілті болады.

Сөздікті анықтау келесі синтаксис арқылы жүргізіледі:


Екі сөздікті анықтайық:

users = {1: "Tom", 2: "Bob", 3: "Bill"}

 

elements = {"Au": "Алтын", "Fe": "Темір", "H": "Сутегі", "O": "Оттегі"}

users сөздігінде кілттер ретінде сандар, мәндер ретінде жолдар қолданылады. elements сөздігінде кілттер ретінде жолдар қолданылады.

Кілттер мен жолдардың бір типті болуы міндетті емес. Олар әр түрлі типтерді көрсетулері мүмкін:

objects = {1: "Tom", "2": True, 3: 100.6}


Элементтері мүлдем жоқ сөздіктерді де анықтауға болады. objects = {}.

Немесе objects = dict()

Тізімнен сөздікке түрлендіру

Тізім мен сөздік бір-біріне ұқсамайтын типтер құрылымы болғанымен, dict() кіріктірілген функциясының көмегімен тізімдерді сөздіктерге түрлендіруге болады. Ол үшін тізімді кіріктірілген тізімдер жиыны болуы керек. Әр кіріктірілген тізім екі элементтен тұруы тиіс - сөздікке конвертация кезінде бірінші элемент кілтке, ал екінші элемент - мәнге айналады:


users_list = [

    ["+111123455", "Tom"],

    ["+384767557", "Bob"],

    ["+958758767", "Alice"]

]

users_dict = dict(users_list)

print(users_dict)  # {"+111123455": "Tom", "+384767557": "Bob", "+958758767": "Alice"}

Осындай әдіспен екі өлшемді сөздіктерді де сөздікке айналдыруға болады:

users_tuple = (

    ("+111123455", "Tom"),

    ("+384767557", "Bob"),

    ("+958758767", "Alice")

)

users_dict = dict(users_tuple)

print(users_dict)

Элементтерді алу және өзгерту

Сөздіктің элементтеріне қатынау үшін кілтті қолдану керек:

Мысалы, сөздіктегі элементке қатынап, оны өзгертейік:

users = {

    "+11111111": "Tom",

    "+33333333": "Bob",

    "+55555555": "Alice"

}

 # кілті "+11111111" элементті аламыз

print(users["+11111111"])      # Tom

 # "+33333333" кілтті элементке мән береміз

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!