Сабақтың тақырыбы: Сүйектердің құрамы,құрылысы,оладың пішіндері мен қызметі.Түтікті сүйектердің өсуі.Сүйектің ішкі құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Сүйектердің құрылысы,химиялық құрамы туралы түсінік қалыптастыруСабақтың міндеттері:Сүйектің құрамы,құрылысы,қызметі туралы түсіндіру Сүйектердің қасиеттерін зерттеу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйретуСабақтың түрі:араласСабақтың әдіс-тәсілдері:сөздік(түсіндіру,сұрақ-жауап,салыстыру)Қолданылатын көрнекіліктер:табиғи сүйектер,плакат,қаңқа муляжыПән аралық байланыс:химия
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгендеп,сабақ мақсатын хабарлау.Оқушыларды топқа бөлу.Үй тапсырмасын тексеру:1.Класқа жалпы сұрақ қою.1.Адам қаңқасы сүйектері қалай жіктеледі?2.Сүйектердің байланысу жолдары қандай?3.Буын дегеніміз не?4.Денедегі ұзын сүйектер қалай аталады?5.Омыртқа қандай сүйекке жатады?6.Сүйектер неше жолмен байланысады?7.Жік арқылы байланысу қай сүйекке тән?8.Денедегі жалпақ сүйектерді ата.9.Жамбас қандай сүйек?10.Денедегі қозғалмайтын болып байланысқан сүйектерді ата.
2. Топқа тапсырма.1т. Жалпақтабандылық себептері.2т.Омыртқа қисаюының негізгі себептері қандай?3т.Сүйек түрлерін ажырату.4т.Табиғи сүйектер бойынша сүйек түрлерін ажырату
3.Жұмбақтар шешу.Әр топқа жұмбақтар беріледі.Жаңа сабақ.Жоспары:1.Сүйектің құрылысы (видео көру)2.Сүйектің химиялық құрамы.3.Сүйектердің өсуі. Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйек қабы болады. Сондықтан сүйек қабы арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршек есебінен сүйек ұзарып өседі. Сүйек 20-25 жасқа дейін қалыптасады.Сүйек құрамында:органикалық және бейорганикалық заттар болады.Органикалық заттар сүйекке иілгіштік қасиет береді, жас балаларда көп болады, сондықтан бала жастайынан спортқа, биге, балетке бейім болады. Сүйек құрамындағы бейорганикалық заттар сүйекке қаттылық, беріктік қасиет береді, қарт адамдардың сүйегінің құрамында органикалықзаты азайып, бейорганикалық заты көп болғандықтан, сынғыш келеді. Сүйектің құрамында 50% су, 12,5 % нәруыз тектес органикалық зат оссеин, 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпімді, иілгіштік қасиет береді.Дәлелденген ақпараттар:адам қаңқасындағы 206 сүйектің 85-і жұп,36-сы тақ сүйектер.Сүйек кірпіштен 30 есе,грантттен -2,5 есе қатты.Бекіту.Жалпы сұрақ:Менің көршімнің 2 қызы бар.Бірі 5 жаста,екіншісі 14 жаста. Олар балетке қатысқысы келді. Бірақ балетке үлкен қызын қабылдамады.Себебі неде? (Жас балалардың сүйектері серпімді әрі иілгіш келеді,өйткені сүйектің құрамында органикалық заттардың мөлшері жоғары болады)Қалалық аурухана дәрігерлердің есебі бойынша аурухананың хирургия бөлімінде аяқ-қолдарының сүйектерін сындырған 23 адам емделіп жатыр. Оның 15-і қарт адамдар .Себебін түсіндіріп көріңдер.Сүйек сынғанда неге қанайды? Ол ет емес қой.Зертханалық жұмыс орындау. Кальцийсіздендірілген және күйдірілген сүйектің қасиеттерін зерттеу.Бағалау.Үйге тапсырма Тақырыпты оқып,мазмұндау.