Материалдар / Ашық сабақ "SWOT- талдау" 10-сынып

Ашық сабақ "SWOT- талдау" 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінен "SWOT-талдау" тақырыбына ашық сабағының жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2021
6794
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

3-Бөлім

Әрекеттегі маркетинг

Мектеп: Талапкер ауылының жапы орта білім беретін мектебі

Күні: 02.01.2021.

Мұғалімнің аты-жөні: Кусаинова Г.Т.

Сынып: 10 Ә

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:2

Сабақтың тақырыбы

SWOT- талдау.


Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.4.1 SWOT талдаудың тағайындалуын түсіну;

10.3.4.2 зерттелетін өнімнің күшті және әлсіз жақтарын бағалау кезінде SWOT-талдауды тәжірибеде қолданады


Сабақтың мақсаты

  • SWOT талдаудың тағайындалуын түсіну;

  • Зерттелетін өнімнің күшті және әлсіз жақтарын бағалау кезінде SWOT-талдауды тәжірибеде қолдану.

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

Барлық оқушы:

  • SWOT талдаудың тағайындалуын түсінеді;

  • Зерттелетін өнімнің күшті және әлсіз жақтарын бағалау кезінде SWOT-талдауды тәжірибеде қолданады.

Олардың ішінен көбісі:

  • Үйге тапсырыспен тағам жеткізумен айналысатын компания лар ды ң күшті жақтары қандай болу керектігін, олардың бәсекелік қабілетін әрі қарай ненің көмегімен дамытуға болатынын түсіндіре алады;

  • Бұл брендтің ресми дүкендері болмаса да, неліктен Қазақстанның өзінде көптеген адам Canada Goose мамық сырткиіміне арнайы тапсырыс беруге дайын екендігін түсіндіре алады;

  • Болашақта қандай өзгерістер компаниян ың дамуына ықпал ететінінін, дамудың жаңа серпініне немесе сәтсіздікке ұшырауға не себеп болуы мүмкін екенін, ол қандай нақты жағдай екендігін түсіндіре алады

Олардың ішінен кейбірі:

  • Өз тұжырымдамалары мен қорытындыларын негіздей алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар жұмыс барысында қысқа мазмұнды жазбалар жасап отырады (ауызекі тіл және жазбаша тіл, тыңдай білу дағдылары)

Пәнге сәйкес келетін лексика және терминология:

SWOT-талдау, ішкі орта, сыртқы орта, күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер

Диалог және жазба жасауға арналған сөйлем жинағы:

Менің ойымша….., мен ……. келісемін, мен……….келіспеймін

Құндылықтарға баулу

Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі барлық құндылықтар – сыйластық, достық, толеранттылық, махаббат және өзара көмек, көмек беріге дайындылық

Пән аралық байланыстар

Экономика. Риторика. Математика, География, Тарих

Алдыңғы білім

Кәсіпкерлік қабілет, бастапқы капитал, ақша, маркетинг, маркетинг-микс, маркетингтік зерттеулер



Сабақ барысы


Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс –әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

  1. мин.


























Сабақтық ортасы


20 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі:

  • Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білімді меңгеруге дайындайды;

  • Оқу үрдісінде мотивация беруге жағдай қалыптастырады.

«Ми шабуылы».


Жұмбақ шешу

Арзан ба, әлде қымбат па?
Білесің де бағасын,
Барлық затты бір затқа
Айырбастап аласың.

Талдап, салыстырайық /Ақша/


Өткен тақырыпты қайталау үшін сыныпты екі топқа бөлу:

  • 1-топ: Кабинеттік және далалық зерттеулердің арасындағы айырмашылықтарды анықтаңыздар.

  • 2-топ: Алғашқы және қосымша ақпараттың арасында ғы айырмашылықтарды анықтаңыздар

  • Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау

SWOT-талдау – бұл нарықтағы өнімнің күшті (Strengths) және әлсіз (Weaknesses) жақтарын, мүмкіндіктерін (Opportunities) және қауіпті жақтарын (Threats) зерттей отырып, кешенді бағалауда қолданылатын маркетингтік инструмент. Мұның мәні барлық мүмкін болатын шынайы тұжырымдарды санамалап: әрбір мүмкіндіктердің дәлелі нақты қауіпті жақтың дәлелін жаба алады ма, соны әрбір жолда талдау. Сізде әрбір қауіпті жақтың дәлеліне осы жағдайды жабатын нақты күшті жақтарыңыз бар ма? Сонымен қатар әрбір әлсіз жақтарының дәлелі қандай да бір мүмкіндіктермен жа былуы тиіс. Егер сізде қамти алмай тұрған әлсіз жақтарыңыз немесе қауіп болса – сізде әлеуетті мәселе бар, оны шешу үшін – жаңа мүмкіндіктерді іздестіру немесе күшті жақтарды қалыптастыру қажет.


Бұл құрал әрқашан нақты (біреуге) бір нәрсеге қатысты (біреуді) бір нәрсені бағалау үшін қолданылады. Талдаудың бұл түрін жайдан жай мағынасыз бір нәрсені бағалау үшін қолдануға болмайды. Мысалы, біз өнімді бәсекелеске қатысты бағалай аламыз. Бұл құралмен өзімізді де болашақта кім болуымызға байланысты бағалай аламмыз. Мына сұрақтарды назарға ала отырып оқушыларға кәсіпкер болуға қатысты өзін бағалауын тапсырма ретінде беруіңізге болады.



Оқулық бойынша жаттығулармен
жұмыс жасау
.

1. Компания ішкі күшті жақтарын немесе ерекше артықшылықтарын өз қызметінде қаншалықты пайдалана алады ? Егер компанияның бірегей артықшылықтары жоқ болса, онда оның қандай әлеуетті күшті жақтарын дамытуға болады ?

2. Компанияның әлсіз жақтары оның бәсекелік жағдайына қаншалықты әсер етеді? Нарықтағы өз позициясын сақтап қалу немесе нығайту үшін не маңызды? Компания өнімінің маусымдық сипаты оның әлсіз жағына мысал бола алады. Мәселен, әлемге әйгілі Canada Goose компаниясының негізгі ерекшелігі — жоғары жылу сақтағыш мамық өндірісі. Әлбетте, бұл өнім жылдың суық мезгілінде үлкен сұранысқа ие. Компания өз позициясын ұстап қалу және күшейту үшін, мысалы, жаһандық мұздану туралы фильмдердегі полярлық ғалымдар мен компьютерлік ойын кейіпкерлерін Canada Goose мамық сырткиіміне «киіндіреді». Осындай амал арқылы бренд жыл бойы тұтынушының есінде қалады

3. Компанияның табысқа жетуіне қандай жағдайлар әсер етеді? Нарыққа ертең не қажет, компания оған не бере алады ?

Мысалы, фитнес орталығы бар басқарушы компания дұрыс тамақтануға ерекше назар аудару трендінен жаңа мүмкіндіктерді көре алды. Осылай ша Crossfit Astana маркетологтері клуб аумағында «Paleo Cafe» пайдалы ас кафесін ашты.

4. Компанияны қандай қауіп-қатерлер алаңдатуы керек? Компания өзін қалай қорғай алады?

SWOT-талдау әдіснамасы оны компанияның дамуына қатысты шешім қабылдауда ғана емес, кез келген жағдайда жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы, жоғары сынып оқушылары көбіне шет тілін үйрене бастайды. Шетелдік университетке оқуға түскісі келетіндер үшін бұл заңдылық, ал ондай мақсатыңыз болмаса ше? Шет тілін үйрену дәл қазір сізге қаншалықты қажет?


Келесі қадам — анықталған күшті және әлсіз жақтар ды кестедегі жолдарға, ал мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді бағандарға бөліп жазу керек. «Күш» пен «мүмкіндіктерді» салыстырыңыз, «күш» «мүмкіндіктерге» қалай қол жеткізе алатынын ойлаңыз. Енді S1-ді әрбір мүмкіндік пен қатермен біртіндеп салыс тырыңыз: «Қазір сізде белгілі бір тілдік білім қалыптасқан. Сондықтан оны уақыт өте келе еске түсіргеннен (бұл көп уақыт алады ), әрі қарай дамытып жетілдіре түсу жеңілге соғады». Мысалы, күшті жақтың шетелдік оқу орындарында тағлымдамадан өтуге мүмкіндік беретін бағдарламамен қандай байланысы бар? Әрине, тікелей! Шет тілін жақсы меңгерген болса, шетелде тағылымдамадан өту оңайырақ болады. Сондай-ақ «күшті» және «қауіптерді» салыстырыңыз, «күштің» қандай «қауіп-қатерге» шамасы жететінін ойлап көріңіз.



Сабақ презентациясы






























Сабақ презентациясы




10 сыныпқа арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығы.





























































Сабақтың соңы

5 мин

Отандық өндірушінің өнім жобасын жасауға қатысты оқушыларға бәсекелестердің өнімдеріне байланысты таңдалған өнімнің SWOT талдауын қалыптастыру ұсынылады. Аяқталу формасы – өнім атауы және өндіруші #хэштегі жазылған ғаламтордағы пост.


Рефлексия

Көңіл-күй және эмоциональды жағдайдың рефлексиясы:

Парталас көршіңізге арналған үш сөйлемнің біреуін таңдаңыз:

-Жарайсың,

-Бүгінгі сабақтағы жұмысың мені қанағаттандырады,

-Өзіңді бүгінгі сабақта жақсы көрсетуіңе болар еді


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникаларын қадағалау

1. Диалог құра отырып оқыту
2. Топтардағы жұмыс
3. Жаңа ақпарат көздерімен жұмыс жасау бойынша саралау жаңа материалды игеру кезеңінде жұргізіледі.
4.Әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды оқушыларға ұсынылатын сабақты бекіту кезеңінде саралау жүргізіледі.

Топтарда әр оқушыға роль беру, топ іщінде әр оқушының белсенділік танытуын, өзара көмек және өзара қолдау жасауға дайындығын болжайды

Бағалау формасы «Ду қол шапалақ»,

«Лайк» ( ).


Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, ұжымдық бағалау

Денсаулық сақтаушы технологиялар. Физминуттар қолдану. Белсенді іс-әркет түрлері. Қауіпсіздік техникасы тәртібі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ