400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Су астына саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге қысқаша түсініктеме
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Су - тіршілік көзі

Мектеп:Ақшолақ орта мектебі

Күні:29.04.2021ж

Мұғалімнің аты-жөні:Татыбаева А.Д

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Суасты әлеміне саяхат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу

3.3.3.1 Шығармашылық жұмысты бағалау және жақсартуға идеяларды ұсыну


Сабақ мақсаттары

  • Штрихтау әдісін қолдану арқылы тасбақа сауытының өрнегін немесе тасбақаны бейнелеу;

  • Шығармашылық жұмысты бағалау және жұмысты жақсарту бойынша идеяларды ұсыну.


Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • штрихтау әдісін қолдану арқылы тасбақа сауытының өрнегін орындайды;

  • шығармашылық жұмысты бағалау және жұмысты жақсарту бойынша идеяларды ұсынады.


Тілдік мақсаттар


Оқушы:

Жұпта тасбақа сауыттарындағы өрнектердің түрлері мен штрихтау әдісі көмегімен көлемді суретті алу жолын талқылайды.

Арнайы термин сөздер сөздігі:

Штрихтеу жиілігі, штрихтау, сауыт, көлем, тасбақа

Диалог пен жазбаға пайдалы фразалар жиынтығы:

  • Тасбақаның сауытындағы өрнекті ... штрихтау арқылы көрсетуге болады.

  • Суреттер ... байланысты өзгереді.

  • Суретке ... арқылы көлем беруге болады.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен шығармашылық.

Серіктестік пен құрмет.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану:сужағдайы, жел.

АКТ қолдану дағдылары

Кейбір материалдар мен техникалардың қасиеттерімен таныс.

Бастапқы білім


Дүниетану: теңіз және құрлық тасбақалары, жануарлардың өмір сүру шарты, ортасы.

Математика: түзу сызықтар, параллельді, қиылысатын сызықтар


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақ тақырыбына кіріспе

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстырыңыз.


Теңіз тасбақаларының суреттерін көрсетіңіз. Оқушыларға тасбақалар мен олардың сауыттарындағы өрнектерге назар аударуларын сұраңыз.

Сұрақтар:

  • Бауырмен жорғалаушылар туралы не білесіздер?

  • Олардың пішіндері қандай?

  • Қалай орналасқан?

  • Қандай түстерді байқап отырсың?



Сабақтың ортасы

Оқушыларға тасбақалардың ең ежелгі бауырымен жорғалаушылардың бірі екендігін және Қазақстанда тасбақаның екі түрі тіршілік ететіндігі жәйлі баяндаңыз.

Батпақты жер тасбақасы тұщы су жануарына жатады. Ал ортаазиялық тасбақа құрлықтық түрге жатады.

Эксперимент жасау

Тапсырманы орындау үшін оқушыларға ақ қағаздар мен штрихтауды орындау үшін әртүрлі материалдарды таратыңыз: жұмсақтығы әртүрлі материалдар, пастель, балауыз борлары. Оқушыларға штрихтаудың бірнеше әдісін көрсетіңіз.

Сұрақтар:

  • Штрихтардың (сызықтардың) жиілігі суретті қалай өзгертеді?

  • Сирек әрі біршама қалың штрихтармен салынған суреттерді салыстыр. Нені байқадың? - Суретке штрихтар­дың көмегімен қалай көлем беруге бола­ды?

  • Нені өзгерту қажет: олардың бағытын ба немесе жиілігін бе?


Штрихтау кезіндегі тон қиылысқан сызықтардың саны, басу күші мен штрихтің жуандығына байланысты болады. Штрихтау тек тонды ғана емес, сонымен қатар жазықтықтың фактурасын жеткізеді. Ол үшін қисықсызықты, сынған тәрізді, доғал тәріздес штрихтарды қолданады.


Тәжірибелік жұмыс

Тасбақаны салу жолдарын зерттеңіз. Тасбақаны орындап, оның сауытындағы өрнектерді штрихтау арқылы көрсетіңіз.


Жұмысты аяқтаған оқушыларға келесі сұрақтарды қойыныз:

Жұмысты аяқтау үшін суретке тағы қандай бөлшектер қосуға болады?

Тасбақаңның қайда мекен ететінін көрсету үшін ненің суретін саласың?


Дифференциация:

Оқушылар өз жұмыстарына фон қосып, балдырларды салып, қосымша элементтермен толықтырып, паспартуды әзірлеп аяқтайды.

Бағалау.

Оқушылар өз суреттерімен өзара алмасып, бір-бірлеріне дескрипторлар бойынша баға береді:

Дескрипторлар:

Суреттің тасбақаға ұқсастығы;

Сауыт бетіндегі өрнектің болуы;

Штрихтарды түсіру;

Жұмыстың ұқыптылығы;

Суреттің толық аяқталғандығы.


А5 пішінді сурет салуға арналған ақ қағаз, қара

қарындаштар/балауыз борлар/пастель, пазлға ар-

налған тасбақа суреттері, скотч, энциклопедиялар, Қазақстанның тасбақалары жайлы ақпарат берілген

анықтамалар, «Тасбақалар досы» медальдері.

Сабақтың соңы

Рефлексия. «Жұлдыздар» әдісі.

Оқушыларға жұлдыздарды таратыңыз. Оқушыларға сабақ барысындағы немесе бөлімдегі өз жетістіктерін жазуды ұсыныңыз. Олар жұлдыздарға не ұнағандықтарын, қандай қиындық болғандығын, не естерінде қалғандығы, нені үйренгендері туралы жазады.

Жұмыс орнын жинастыру.

Келесі сабаққа қажетті материалдарды жазып алу.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушылар өз жұмыстарына фон қосып, балдырларды салып, қосымша элементтермен толықтырып, паспартуды әзірлеп аяқтайды.

Сабақ тақырыбының игерілу деңгейін анықтау үшін мына әдістерді қолдануға болады:

  • Бақылау әдісі. Оқушылардың әртүрлі иллюстрацияларды, суреттерді талықалау барысында бақылау жүргізу.

  • Сабақ бойы және сабақ соңында оқушыларды ынталандыру және мадақтау арқылы кері байланыс беру.

  • Жұмыстың нәтижесі бойынша оқушылардың дескрипторлар бойынша өзара бағалау жүргізеді.

-


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.05.2021
836
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі