Материалдар / Ашық сабақ. "Су-өмір көзі" 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. "Су-өмір көзі" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, судың маңызы, қасиеттері туралы ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
726
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп:

Күні:

Сынып: 5

: 11

Мұғалімі:

Оқушылардың саны:

Сабақтың тақырыбы: Болу – болып көріну емес

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз-өзіне адал болу; шыншылдық

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөздің және істің бірлігінде болу керектігін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

1. Білімділік: Оқушыларды өз – өзіне адал болуға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардағы шыншылдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігіне тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://kk.wikipedia.org

2. bilim-all.kz

3. http://www.metod-kopilka.ru

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл – күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.Рахмет!


2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №10 - сабақ. Жоба тапсырмасы.

Басқалардың игілігі үшін өз қабілетіңді қалайша қолдануға болатынын талқыла. Жобаны орындау үшін сыныптастарыңмен бір топқа біріккенің дұрыс.
Жұмысыңды сұрақтарға жауап беруден баста.
Жоба тақырыбы: жобамызды қалай атасақ болады?
Жоба нысаны: кімге және қалай көмек бергіміз келеді?
Жоба пәні: не істегім келеді?
Жоба жоспарын және жобаның дайындық барысын дәптердегі жоба күнделігінде көрсет.

2. Келесі сабақ. №11, Әбен Нұрмановтың «Уәде туралы» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Әкесі мен анасы Әбенге уәде беру дегенді қалай түсіндірді?

2. Уәдесіне берік адамның бойында қандай қасиеттер болады?

3. Уәде бермес бұрын неліктен ойлану қажет?

4. Сөз бен істің бірлігі дегенді қалай түсінесіңдер?

5. Өзің берген уәдеңді қалай орындап жүрсің?


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Адамды айтқан сөзінен емес,
істеген ісінен таниды
Халық нақылы

Сұрақтар:

1.  Сөз бен істің бірлігі дегенді қалай түсінесіз?
2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы)

Қайырымды қоян
(Ертегі)
Мейрам күні әке-шешесі кішкене баласын қонақ шақырып келуге
жұмсайды. «Ана ағаңды, мына атаңды, әне бір жездеңді шақыр...» - деп, екеуі көптеген адамның атын айтады. Бала көшеге шығысымен-ақ шақыр деген кісілерінің аты-жөнін ұмытып қалады. Үйге барып, қайыра сұрауға бата алмайды. Ол тұрып-тұрып: «Ауылдың адамын тегіс шақырайын, солармен бірге шақыр деген адамдары да
келер» –деп ойлайды. Сөйтіп, ол үй біткеннің бәріне кіріп, ауыл адамдарын тегіс қонаққа шақырады. Барлығы да шақырғанына риза болып, келетіндіктерін айтады. Бала үйіне қайтады.
Түсте қонақтың алды жинала бастайды. Ауылдың барлық адамы жиналып,енді той дастарқанның жайылуын күтеді.
Баланың әке-шешесі жиылған жұртты көріп, шошып кетіп:
– Мұнысы несі? Мұнша жұртқа тамақты қалай жеткіземіз? - дейді.
Бала шақыр деген адамдарын ұмытып қалғандықтан үйге кел деп жұртқа түгел хабар бергенін мойнына алады.
Жұрт дастарқанның жайылуын сарғая күтумен болады. Ақыры әке-шешесі үйдегі барлық тамақты дастарқанға қояды. Бірақ онысы жиын топқа аздық етеді.
– Өзің бүлдірген істі өзің жөнде! - деп ата-анасы баласына ренжиді.
Бала көз жасын сорғалата үйден атып шығып, тоғайға кетіп қалады. Ағаш түбінде отырып алып, ағыл-тегіл болып жылайды. Кенет оның ескі досы - қоян жүгіріп оның қасына келеді. Бұл қоянды ол
кішкене көжек уақытында тауып алып, үйінде бағып өсірген соң, тоғайға алып келіп қоя берген болатын. Қоян секіріп келіп, баланың аяғының үстіне отырады. Бала өз жайын қоянға айтып береді.
Қоян артқы аяғына шоқиып отырып, қалқан құлағымен бәрін тыңдап
алады да, сонан кейін алдыңғы екі аяғымен баланың қолынан ұстайды да:
– Жарайды, қапаланба, достым! Үйіңе қайт, бәрі де болады, – дейді. Соның артынша тоғайға кіріп жоқ болады.
Қоянның айтқан ақылын алып, бала ауылына қайтады. Үйіне келсе, дастарқандағы асты ішіп-жеп болған қонақтар тағы да тамақ дәметіп отыр екен.
Кейбіреулері үй иесіне кейіп, ұрса бастады. Ашуланшақ біреулер:
– Беретін ешнәрсең болмаған соң, қонақ шақырып нең бар еді! – дейді.
– Осы кезде қонақтың біреуі терезеден сыртқа көз жіберіп, шошып кетеді де, серіктерін қасына шақырады. Алғашында бәрінің зәре-құты қалмағанмен, артынша жүректерін тоқтатып, олар да қайран қалады. Көше әр түрлі аңдарға толып кетіпті, барлығының да көтерген жүгі бар, тура үйге қарай келе жатыр.
Аюлар балды қораға кеспек-кеспегімен домалатып әкеліп кіргізді.
Қасқырлар бірнеше тұтас қойдың етін әкелді. Бұғылар мүйізіне іліп шелек шелек сүт әкелді. Түлкі тауық пен қоян етін алып келеді, тиін мен қояндар шелек-шелек жаңғақ пен жидек теріп әкеледі. Баланың үйіне осы тағамның бәрін әкелуді өзінің ормандағы достарына өтінген қоян еді. Ол қонақтарға өзін бала қалай асырап өсіргенін, сосын тоғайға қалай апарып қоя бергенін түгел айтады.
Аңдар әкелген тамақтарын қораға үйіп-төгеді де, жұбын жазбай қайтадан тоғайға кетіп қалады. Таң қалған қонақтар үндей алмай, ауыздарын ашып тұрып қалады.
Әке-шешесі қуанғаннан не істерін білмейді, ал бала ол екеуінен де бетер қуанып, қоян досына риза болды.

Сұрақтар:
1. Сөзің мен ісің сай болсын дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Өзің қандай қайырымды істер атқарып жүрсің?

3. Әңгімеден не түсіндіңіздер?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: Ойы, сөзі, ісі бірлікте болатын адамға сипаттама жазыңдар.


6. Топпен ән айту.

Жас ұлан
Өлеңі мен әнін жазған Ғұсман Жандыбаев
Жас қырандай ұшарында
Кеудесін күш кернеген.
Балалықтың құшағында
Жас құрақтай тербелем.
Қайырмасы:
Балдай өмір,
Көлдей көңіл,
Өзендейміз тасыған.
Бала шақтан
Болашаққа
Қанат қаққан жас ұлан.
Тыныштықты жыр ғып шерткен
Балалықтың тәтті үні.
Алтыннан да қымбат неткен
Бұл күндердің шаттығы.
Қайырмасы.
Жырымыз да, әніміз де
Таң мен түнді жалғаған.
Бақыттымыз бәріміз де,
Қызықтарға қанбаған.
Қайырмасы.


7. Үй тапсырмасы.

1. №11 – сабақ. «Уәде берсең, орында!» тақырыбында эссе жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №12, Құрманбай Толыбаевтың «Отты жүрек» әңгімесін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!