400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Шығарма желісімен сурет салу. Пейзаж

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Табиғат көрністерін шығарма мазмұнына бейнелеу білуге үйрету.Өз ойын жүйелі бейнелеуге және сәйкес түстерді таңдау білуге үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.Живопис түрлері туралы білімдерін молайту қол бұлшықеттерін дамыту.Құралдарды дұрыс пайдалануға дағдыландыру. Тәрбиелік: Әсемдікке, әділеттіліке, есептілікке, тәрбиелеу.Ұлттық дәстүрді бағалай білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Шығарма желісімен сурет салу. Пейзаж


Сабақтың мақсаты: Табиғат көрністерін шығарма мазмұнына

бейнелеу білуге үйрету.Өз ойын жүйелі

бейнелеуге және сәйкес түстерді таңдау

білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін

дамыту.Живопис түрлері туралы білімдерін

молайту қол бұлшықеттерін дамыту.Құралдарды

дұрыс пайдалануға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Әсемдікке, әділеттіліке, есептілікке, тәрбиелеу.Ұлттық дәстүрді бағалай білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың әдісі: Топтастыру, ой қозғау, түсіндіру, көрсету,

сұрақ- жауап, тест.

Сабақтың жүрісі: І Ұйымдастыру кезеңі .

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

ІІ . Өткенді қайталау.

  • Бейнелеу өнері дегеніміз не?

  • Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?

  • (Графика, мүсін, живопись, қолөнер).

  • Графика дегеніміз не?

  • Қарандаш пен сурет салу.

  • Живопись деген не?

  • Түрлі түсті бояумен және қылқаламмен сурет салу.

  • Натюрморт деген не?

  • Заттар мен әр түрлі бұйымдардан үйлесімді құралған көркем шығарма.

  • Табиғат көрністерін бейнелейтін суретшіні кім деп атаймыз?

  • Пейзажист.

  • Табиғат суреттерінен басқа нелерді пейзажды сурет қатарына жатқызамыз?

  • Жыл мезгілдері.

ІІІ. Жаңа сабақ: Ой қозғау

Жылдың неше мезгілі бар?

Интерактивті тақтада топтастыру.


Көктем Жаз

Shape1 Shape2


Shape3

Жыл мезгілі




Shape5 Shape4



Қыс Күз

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс.

  • Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен қандай ерекшілігі бар.

  • Боран, аяз, көк тайғақ, қар жауады.

  • Балалар, біз қалың қар жауған мезгілді қалай атайтынын білеміз бе?

  • Қансонар деп аталады.

  • Бұл кезеңде айнала аппақ қар болады. Сондықтан жаңа жауған қар бетінен жүрген аңдардың ізі анық көрінеді. Осы кезде аңшылар аңға шықса бос қайтпайды.Себебі айнала аппақ болған соң ондағы жүрген нәрсенің бәрі анық көрінеді.

  • Аңшылар аңға немен баратынын білесіз бе?

  • Атпен, мылтық алып, бүркіт алып, ит ертіп.

  • Дұрыс-ақ.

  • Біз аңшыларды көрдік пе?

Балалар, қазір мен сендерге өлең оқимын сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

Себебі, бүгінгі сабағымыз ерекше біз суретке не нәрсеге қарап емес, ойша сурет саламыз.

Слайд арқылы А.Құнанбаев жайлы білетіндерін әңгімелету

А. Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны.

Өлең оқу.

"Қан сонарда шығады бүркітші шығады аңға".

А.Құнанбаев кім? (сурет)

- Мұнда табиғат қалай суреттелген?

- Айнала аппақ, тау, тас, түгел қар жамылған.

- Күн аяз, қар үстінде іздер.

- Аңшы бүркітшімен із кесіп келеді.

Қансонарда кім аңға шығады?

Аңшы немен шығады.

Суретпен жұмыс.

  • түлкі, бүркіт, ат, аңшы.

3. Олардың дене бітіміне назар аударту. Сурет салған кезде

Оның алдымен жобасын жасау қажеттігін ескерту. Дене

мүшелерін әртүрлі фигуралармен жобалауды естеріне салу.

Интерактивті тақтаға сызып көрсету

Шығарма желісін ескере отырып, ойша сурет салуға бағыт

беру түсіндіру тақтаға сызып көрсету.

Балалардың өз беттік жұмысы.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу,

Долбарлау кезінде заттарды үйлестіре орналастыруға бағыт беру.

Мысалы: Ат жақын тұрса үлкендеу, ал алыста қашып бара

жатқан түлкі кішілеу болады.

Балалар , біз долбарлап, өз ойымызды қағаз бетіне түсіріп

болдық па?

Ендеше біз оны нағыз қыс мезгілі екенін яғни қансонарды бейнелеу үшін оның ең алдымен фонын келтіреміз.Содан соң заттарды түсіне сәйкес жазамыз.

Балалардың өз беттік жұмысы.

Жеке жұмыстар жүргізу . Мысалы: Аттың түсі қандай, бүркіттің

Түсі қандай. Қар үстіндегі ізді қалай

бейнелейміз.


Балалар жұмысын аяқтау.

Интерактивті тақтадан: тест тапсырмасын орындау


Тест.


  1. Живописші кім?

а) Түрлі түсті бояумен, қылқаламмен сурет салатын кім?

ә) Ермек сазбен жұмыс жасайтын кісі.

2. Графика дегенне?

а) Бояу түрі.

ә) Қарандашпен салынатын сурет.

3. Коллаж деген не?

а) Ермек сазбен кескін жасау.

ә) Жабыстыру тәсілімен жасалатын шығарма.

4. Монотопия деген не?

а) Бір рет басып шығару.

ә) Көркем жазу.

5. Живопись салуға қажетті құралдар?

а) Ермексаз, кескіш,сым балшық тақтайша.

ә) Түрлі түсті бояу, қылқалам, су, қарандаш, қағаз.

Тест жауаптарын белгілеп болған соң жанындағы баламен ауыстыра отырып тексерту ,бағалау.

Дұрыс жауапты интерактивті тақта арқылы көрсетіп,бір-біріне бағалату.

Балалардың дайын суретін тақтаға іліп, балалардың қатысуымен ең жақсы деген суреттерді бағлау.

Сабақты қорыту.

Біз бүгін қандай сурет салдық?

Затқа қарап сурет салдық па?

Сабақ ұнады ма?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24.12.2018
1041
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі