Материалдар / Ашық сабақ Шығармашылық жұмысты орындау 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Шығармашылық жұмысты орындау 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Шығармашылық жұмысты орындау 8 сынып. • Қазақ халқының және басқа елдердің суретшілерінің сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушылық таныту • Дайындалған нобай мен технологиялық құжатына сәйкес тәжірбиелік жұмысты орындау • Жұмысты көрмеге шығару және өзара бағалау жүргізу. Негізгі жүннен 8 сантиметрдей бірдей жүн үзіктерін бөліп аламыз. Дайын жүн үзіктерін көпіршікті жабынға бір бағытта, бір-біріне сәл жанастырып орыналастырамыз. Осы әдіспен, жүн үзіктерін қойып болғаннан кейін, келесі қабатты перпендикуляр орналастырады, осы кезекпен 3-4 қабат қойып шығу керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қырқүйек 2021
410
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді бөлім жоспары:

1 бөлім. Сәндік қолданбалы өнер

Мектеп: 36 гимназия


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бакелекова Д.Б.


Сынып: 8 А, Ә, Б

Қатысушылар саны:

қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Практикалық сабақ

Шығармашылық жұмысты орындау



Сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемелер)

8.2.1.1 - Күрделі шығармашылық идеялар мен сезімдерді жеткізу үшін айқындаушы құралдарды таңдау және пайдалану;

8.2.3.3- Шығармашылық жұмыс жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениетінің элементтерін пайдалану;

8.2.6.1-Материалдар мен құралдарды қолдануда қауіпсіздік техникасын сақтау, оның маңыздылығын түсіну;

Сабақ мақсаттары

  • Қазақ халқының және басқа елдердің суретшілерінің сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушылық таныту

  • Дайындалған нобай мен технологиялық құжатына сәйкес тәжірбиелік жұмысты орындау

  • Жұмысты көрмеге шығару және өзара бағалау жүргізу


Бағалау критерийлері

Білу

  1. Осы әдістермен жұмыс істейтін заманауи шеберлердің жұмыстарын біледі

  2. Практикалық жұмыстың орындалу кезеңдерін біледі


Түсіну

  1. Суретшілердің шығармаларындағы ұлттық контекстті түсінеді

Қолдану

  1. Практикалық жұмыстарды орындау кезінде теориялық білімдерді қолданады

Анализ

  1. Сыныптастар жұмысының арасындағы өзара айырмашылықты анықтайды

Бағалау

  1. Көрме жұмысының кезінде басқалардың практикалық жұмысын талдап орындайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сыныптағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы



























































Топқа бөлу







Практикалық жұмысты орындау







Мұғалім: Сабақтың басында оқушылардың назарын аударту

- сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайтын және жобалық жұмыстарды бағалау критерийлерін ұсыну.

Қазақстан модельері Айя Бапанидің бейнебаян көрсетілімі

- осы әдіспен жұмыс жасайтын суретшілердің жұмыстарымен танысу

- оқушылар: өз альбомдарына суретшілердің есімдерін жазады

-құрғақ илеу тәсілімен танысу

-дымқыл илеу тәсілімен танысу

-шимен жұмыс істеу тәсілі және понно орындау әдісі

Миға шабуыл:

1. Жауап беріңіз, неге жүндер түсіп қалады?

2. Сіз қандай жүн түрлерін білесіз?

3. Сіздің щйыңызша альпаканың жүнін, түйенің, лама, сондай-ақ кашемир, ангора және т.б. пайдалануға болама?

4. Жүннен жасалған қандай бұйымдарды жасауға болады?

5. Сіз жүнді илеу тәсілімен бұрын жұмыс жасадыңыз ба?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Келесі дескрипторлармен таныстырамыз:

  • жұмыс орнын дайындайды

  • жүнді нобайға сәйкес таңдайды

  • тәжірибелік жұмыстарды орындау кезінде теориялық білімді қолданады

  • тәжірибелік жұмысты орындау барысында кезең – кезеңмен тәжірибелік бөлімнен өту.

- тұсаукесерде құрғақ және дымқыл жүн илеу тәсілі мен ши орындау әдісінің кезеңдері баяндалады.

Толығырақ дымқыл илеу тәсіліне тоқталамыз, себебі біздің жасайтын бұйымымыз осы тәсілмен орындалады.

1 кезең

Негізгі жүннен 8 сантиметрдей бірдей жүн үзіктерін бөліп аламыз. Дайын жүн үзіктерін көпіршікті жабынға бір бағытта, бір-біріне сәл жанастырып орыналастырамыз. Осы әдіспен, жүн үзіктерін қойып болғаннан кейін, келесі қабатты перпендикуляр орналастырады, осы кезекпен 3-4 қабат қойып шығу керек.

2 кезең

Соңғы қабатта бетіне сурет салу үшін, жүннен жасалған жіпті, жүн қалдықтарын және т.б. қолдануға болады. Сабын ерітіндісін дайындау. Мұны істеу үшін сабынды жылы сумен ерітіп (қолдың терісіне зиян келтірмейтін, ылғалды илеуге арналған арнайы сабын ерітіндісі болады, басқа да ерітінділерді қолдану, балаларға арналған, сұйық сабын немесе ыдыс жууға арналған жуғыш затты қолдануға болады) — қолда бар сабын ерітіндісін қолданамыз. Жасаған дайындамамызды дымқылдап, бетіне тор немесе көпіршікті жабынмен жабамыз. Дайындаманы жабынмен бірге бамбук майлыққа салып, тығыздап ораймыз. Артық суды шығару үшін ораманың сыртынан сүлгімен қаптаймыз. Жүз рет әрлі-берлі илейміз. Кейін ашып, 90 градусқа айналдырып, орама жасаймыз. Дайын өнімді жылы сумен жуып, құрғатамыз. Сықпаңыз, суды шығару үшін тек жеңіл ғана қысыңыз. Жұмыс жұппен немесе топпен орындалады.

Алдымен жұмыс орының дайындап алу қажет және шарф, палантин немесе панноның көлемін анықтау керек.

Мұғалім сыныпты топқа бөледі.

Тренинг көмегімен сыныпты жұптарға немесе шағын топтарға бөлу – мозаика әдісі

Мозаика тренингі.

Оқушыларға кескін бөліктері беріледі және олар осы кескіннің басқа бөліктерін оқушылардан табуы керек. Бұл сабақта жүн илеу немесе ши тоқу техникасында жұмыс істейтін шеберлердің суреттерін пайдалана аласыз, ал кері жағында бұл жұмысты орынған суретшінің атын жаза аласыз. Мозаиканы қажет болғанда бірнеше бөлікке бөлуге болады, оған қанша оқушыны топтарға жинағыңыз келетініне байланысты.

Дымқыл илеу әдісі үшін, сізге қажет:

түтілмеген жүн, көпіршікті жабын, бамбук майлық, сабын, жылы су.



Дымқыл илеу әдісімен жұмыс істеуде, оқушылар шарфқа арналған нобай бойынша жүнді жабынға салып илеуге дайындайды.

Ши тәсілінде жұмыс істеуде, оқушылар панно өлшеміне сай нобай дайындап, жүн немесе жүнді жіппен белгілейді.

Мұғалім оқушыларды қолдайды және процесті бақылайды.

Тұсаукесер


Бейнебаян

https://www.youtube.com/watch?v=2tNhAhdp7Zo








Сабақтың соңы


Жұмыстарды 2 кезеңін аяқтағаннан кейін жұмысты мольбертке орналастырамыз, талқылап және жұмыстың осы кезеңіне өзара бағалау жасаймыз.

Сабақтың соңында оқушыларға рефлексия:

- сізге осы техникамен жұмыс істеген ұнады ма?

- нені үйрендім, нені білдім

- не түсініксіз қалды

- немен жұмыс істеу керек

Сабақты қорытындылау.

Сіздер сабақ барысында тәжірибелік жұмыстың негізгі бөлігін аяқтадыңыз, тек келесі сабақта жұмыстың егжей-тегжей аяқтап безендіреміз.

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!