Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Шығыс Қазақстан" 6 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік : Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан, оның табиғат жағдайлары, осы өңірге тән Шілікті патша қорғандары, жалпы бұл аймақты мекендеген аримаспылар туралы түсінік беру.
-
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін,ойлау, сөйлеу қабілетін, картамен , тарихи оқиғалармен құбылыстарды талдау арқылы шығармашылық деңгейін арттыру.
-
Тәрбиелілік: Белсенді, білімді, шыдамды, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жұптық, топтық жұмыс тәсілдері енгізілген аралас сабақ.
Әдісі: интерактивті тақтамен жұмыс, картамен жұмыс, ауызша баяндау,сұрақ-жауап, ойын әдістері.
Пәнаралық байланыс: георгафия, дүние жүзі тарихы.
Көрнекілік:карта, суреттер, буклеттер, кесте-сызбалар, дидактикалық парақша.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Әнұран орындау, «Хабар»
-
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Ой шақыру
Картамен жұмыс жүргізу.
1. Ежелгі Қазақстан жерін қандай тайпалар мекен етті? (сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, сармат)
2. Орталық Қазақстанның жер аумағы мөлшерімен қазіргі қай өңірлерді алып жатыр? (Қарағанды, Ақмола, жартылай Павлодар облыстары мен Торғай өңірлерін қамтиды)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Айгөлек» ойыны
Сынып 2-топқа бөлінеді. Екі топ өздерінің дайындап келген сұрақтармен жұмыс жүргізеді.
ІІІ) Үй тапсырмасын қорытындылау. «Кім білгір» дидактикалық ойын.
Жеке даралық жұмыс.
Оқушыларға парақша беріледі, ойлануға уақыт беріледі, оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Семантикалық карта.
|
Б.з.б. 570-520 ж.ж. |
1969 ж. |
Б.з.б. 2 ғасыр |
451 ж. |
400-453 ж.ж. |
Кемел Ақышев қай жылы Есік обасынан «Алтын киімді адамды» тапты |
|
+ |
|
|
|
Томирис патшайым шамамен қай жылдары өмір сүрген |
+ |
|
|
|
|
Каталаун шайқасының өткен жылы |
|
|
|
+ |
|
Аттила (Еділ) шамамен қай жылдары өмір сүрген |
|
|
|
|
+ |
Үйсін атауының Қытай жазбаларында алғаш кездесетін кезеңі |
|
|
+ |
|
|
ІV. Жаңа сабақ.
Шағыс Қазақстан.
Оқулықпен жұмыс. Мағынаны ашу.
Толық мәтінді жинақтайды. Мәтін бойынша өз пікірлерін айтады.
-
Табиғат жағдайы мен халқы
-
Шығыс Қазақстан аумағын ертеде аримаспылар мекендеген
-
Шығыс Қазақстан-ежелден адамға жайлы, малға шұрайлы жер. Оның жайылымы мол шалғынды аймақтары мен тау жоталары, түрлі металдарға бай кен орындары бұл жерде көне мәдениеттердің қалыптасуына себеп болды.
-
Шығыс Қазақстанның климаты Солтүстік Қазақстанмен ұқсас, мұнда да жаз қысқа әрі ыстық және қыс ұзақ та қатал. Шығыс Қазақстан жері – далалы әрі таулы аймақ. Бұл өңірдің күре-тамыр су жүйесі – Ертіс өзені.
-
Шілікті патша қорғандары
-
Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданы жеріндегі жазықта сақ дәуірінің 200-ден аса обалары орналасқан. Оның ішінде 50-ден астамы патша немесе ақсүйектер ескерткіштері саналады.
-
Шілікті ескерткіштерін алғаш рет профессор С.Черников 1960 жылдары зерттеген. Солардың ішінде өте құнды деректер берген 1-Шілікті қорымындағы №5 оба. Бұл қабірге екі адам жерленген. Бұл қабірден 13 қола жебе, жебе салатын қорамсаптың жұрнағы және қабыланның мүсіндері, қабан, балық бейнелері, қанаттары жаюлы құс түріндегі алтын қаптырма және зергерлік әшекейлер табылды.
-
Қазақстан аумағындағы ең көне б.з.б. 8 ғасырға жататын патша жерлеу орны 3-Шілікті қорымындағы №1 обадан ашылды. Бұл жәдігер тарихқа «Бәйгетөбе» деген атпен енді.
Шіліктідегі Бәйгетөбенің қазба жұмысына дейінгі көрінісі
Тас обаның астынғы ағаштан салынған қабірхана.Шілікті. Бәйгетөбе.
-
Оны ашқын белгілі археолог-этнолог, профессор Әбдеш Төлеубаев. Бұл жәдігерді ғалымдар «Шілікті алтын адамы» деп таныды. Киімнің алтын қаптырма-түймешіктерінің барлық саны 4303 данадан тұрады.
«Шілікті алтын адамы»
-
Аса бір қызықтысы алтын бесжұлдыз табылды. Бесжұлдыз сол заманда да биліктің белгісі саналған.
Алтын бесжұлдыз.Шілікті.Бәйгетөбе обасы.
-
Берел қорымдары. Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің б.з.б. 5-4 ғасырлар аралығын қамтитын кезеңін Берел кезеңі деп атаймыз. Берел қорымынан 40-тан астам обалар табылған. Ішіндегі ең үлкенінің бикітігі 9 метр.
Бұл обаға жерленген адам астау-саркофагқа салынған. Қабір жанынан 16 аттың қаңқасы шықты.Аттар әр қатарда 4 аттан 4 қатар болып орналастырылған.Обаға аттармен қоса ер-тұрман да қоса көмілген.Ат әбзелдері алтынмен апталған.Берел обасында тайпа көсемі немесе беделді адам жерленген болуы керек.
Берелдің кіші обаларынан бөренеден қиыстырып жасаған сандықшаға жерленген адамдар да табылды. Адаммен қоса бұл обаларға аттары да бірге көмілген.
1998-1999 жылдары археолог-ғалым З.Самашевтің жүргізген қазба жұмыстары кезінде №11 оба толық ашылып, ғаламат олжа табылды. Оба үйіндісі сопақша болып, оның төбесі төмен қарай ойысып, шөгіп кеткен.Қорым шұңқырынан тік төртбұрышты етіліп қиюластырыла жасалған қима қабір табылды, онді үлкен балқарағайдан ойылып жасалған астау табыт қойылыпты.Астау табытқа 45 жастағы ер адам мен одан егделеу әйел жерленген екен.Мәйіттер айрықша сән-салтанатпен киіндіріліп қойылған.Обадан 13 жирен жылқы табылған.Сәйгүліктердің ат-әбзелдері ғана емес, жылқылардың терісі, жүні мен еті тұтастай сол күйінде сақталған. Әр жылқының кекілінен құйрығына дейін алтынмен апталып, күміспен күптелген таңғажайып, сән-салтанатты безендірілген әбзелдері бар.
Қайта қалпына келтірілеген жылқы.
Ү.Сергіту сәті: «Жұмбақтар
шешу» ойыны.
Қадам бас алға сүрінбей Кең болып түзде түлеппін,
Болашақ кілті-білімде. Шарапаты мен ізгі тілектің,
Қандай мағына береді, Көшпенділер қалай аталды,
«Сақ» сөзі парсы тілінде. Деректерінде гректің
(Құдіретті еркектер) (Дайлар)
Басынан кешкен шақтарды Ағаға тыныс іні еді,
Тарихшы тізіп ақтарды Тарих өткеннің үні еді.
Кімдер деп тағы атады Сақ әйелінің ерлігін,
Грек Геродот сақтарды? Сипаттап берген кім еді?
(Массагеттер) (Ктесий)
ҮI. Сабақты қорытындылау.
Сәйкестендіру тесті:
1 |
Ш ығыс Қазақстан жерін қай тайпа мекендеген? |
Б.з.б. 5-4 ғасырлар |
2 |
Ш ығыс Қазақстанның күре-тамыр су жүйесі қай өзен ? |
Ә.Төлеубаев |
3 |
Ш ығыс Қазақстанның далалық аймақтарында, Зайсан ауданының жерінде алып патша қорғандары қалай аталады? |
аримаспылар |
4 |
«Шілікті алтын адамды» қай археолог тапты? |
Ертіс |
5 |
Берел кезеңі қай ғасырлар аралығын қамтиды? |
Шілікті ескерткіштері |
ҮІI.Бағалау:
ҮІІI.Үйге тапсырма: Шығыс Қазақстандағы ерте темір дәуірі туралы оқу.
10 тест сұрағын құрастыру.
№1
-
Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?
-
Ғалымдар Кения жерінен табылған алғашқы адамды қалай деп атады?
№2
-
Неандреталь адамының табылған жері
-
Жер беті күрт суи бастады
№3
-
Орта тас ғасырының хронологиялық мерзімін ата
-
Садақ пен жебе қай кезеңде жасалынды
№4
-
Жаңа тас ғасырының хронологиялық мерзімін ата
-
Неолит адамдарының мекенжайлары уақытша болды, себебін ата
№5
-
Ең бірінші қолданылған металл
-
Энеолит сөзінің ұғымы
№6
-
Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыруды не деп атайды?
-
Мыс рудасына қалайы қосу арқылы өндірілген металл?
№7
-
Жеке меншік қалыптасқан кезең
-
Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшу себебі не де?
№8
-
Сақ қоғамында ақ түсті киім кигендер кімдер?
-
Үйсіндердің басшысы қалай аталды?
№9
-
Қаңлылар соғыс бола қалған жағдайда қанша жауынгер жасақтай алған?
-
Қаңлы елінің астанасы
№10
-
Цинь патшалығы кімдерден қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салдырды?
-
Батыс Қазақстан аумағын б.з.б. 8 ғасыр мен б.з.-дың 5 ғасырында мекендеген тайпаны ата?