Ашық сабақ "Сылдырмақ" кіші топ балалары үшін

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Сылдырмақ" кіші топ балалары үшін

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:17.01.2019.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Сылдырмақ»

Мақсаты:

Білімділігі:сылдырмақ туралы түсінік беріп,оның дыбыс шығаруының сырын түсіндіру,

Дамытушылығы:домалақ және сопақша пішіндерді жасауды,тегістеп екі бөлікті біріктіре білуді дамыту;

Тәрбиелілігі:ұқыптылыққа және еңбектене білуге тәрбиелеу;

Қажетті құрал -жабдықтар мен көрнекіліктер:

сылдырмақ-ойыншық,ермексаз,сулық ,ермексаздан жасалған үлгі.

Технология: «Триз» технологиясы

Сөздік жұмыс:сылдырлайды.

Билингвальды компонент:сылдырмақ-погремушка

                           Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 Мотивациялық-қозғаушылық













 Ұйымдастырушылық-ізденістік











 Ұйымдастырушылық-ізденістік











































































Рефлексиялық-түзетушілік











-Балалар,көңіл-күйлерің қалай?

-Ендеше сондай жақсы көңіл-күйде бізге келіп отырған апайларға амандасып алайық.

-Сәлеметсіздер ме,апайлар.

-Қош келдіңіздер.

«Триз»технологиясын қолдану.

«Сөзді жалғастыру»-Балалар,мен сендерге бір сөз айтам,сендер әрі қарай жалғастырасыңдар,жарай ма.

-Біз.....

-Бөпелерімізді.......

-Бізде көп .........

-Біз ойыншықтарымызды .....


-Жарайсыңдар,балалар,

ендеше ,үйдегі бөпелеріңді қандай ойыншықпен алаңдатып ойнатасыңдар?

-Дыбыс шығаратын ойыншықты білесіңдер ме?






-Ендеше,мен сендерге сылдырмақ туралы өлең жолдарын оқып берейін,мұқият тыңдаңдар.

Сылдырмақ

Сылдырмақ сылдырлап,

Бесікте тұрады.

Бөпешім былдырлап,

Сылдырмақ ұрады.

Бас салып,қолға алып,

Ауызға салады.

Сол кезде сылдырмақ,

Сөйлемей қалады.

(Сылдырмақты сылдырлатып көрсету)

-Балалар бұл сылдырмақтың орысшасы погремушка,кәне,бәріміз қайталайық (2-3 рет қайталату)

-Мінекей,балалар,мына ойыншық сылдырмақ деп аталады.Ол мынадай дөңгелек және сопақша бөліктен тұрады,ал мына дөңгелектің ішінде уақ немесе ірі моншақтар болады,егер ол моншақтар болмаса сылдырмақ сылдырламайды.

(балаларға сылдырмақтың ішіндегі моншақты көрсету)

-Сылдырмақ не үшін керек?

-Кімнің үйінде сылдырмақ бар?

-Кімнің үйінде кішкентай іні-қарындастары бар?

-Ал ендеше,үйдегі кішкентай бөпелерімізге сылдырмақ жасап берсек қайтеді,қалай қарайсыңдар.

-Ең бірінші жұмысқа кіріспес бұрын саусақ жаттығуларын жасап алайық.

Саусақ жаттығуы

Қуыр-қуыр,қуырмаш,

Тауықтарға бидай шаш.

Бас бармақ,

Балаң үйрек.

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Жарайсыңдар,балалар,саусағымызды жаттықтырып алдық,енді мен сендерге сылдырмақтың жасалу жолдарын түсіндірейін.

(Тәрбиеші екі қолының сырт жағын көрсетеді.)

-Балалар,мынау не?

(енді алақанын көрсетеді)

-Ал,мынау не?

-Ендеше,алдымыздағы ермексазды аламыз,екіге бөлеміз,бір бөлігін тақтайшаға қоямыз,ал екінші бөлігін алақанымызға саламыз да екінші алақанымызбен жауып,дөңгелете қимыл жасаймыз.

-Оны дөңгелетіп алып тақтайшаға қоямыз да,екінші бөлікті алып,алақан арасына салып,ерсілі-қарсылы қимыл жасау арқылы ширатып,мынадай сопақ пішін жасаймыз.

-Енді екі бөлікті біріктіріп,қосамыз.

(Балалардың өз бетінше жұмысы,тәрбиеші қадағалап,қиналып отырған балаларға көмек береді)

Сергіту сәті

Қолымызда сылдырмақ,

Сылдыр-сылдыр етеді.

Аяғымыз тыпылдап,

Өзі билеп кетеді.

Тып,тып,тып,тып,

Тыпылдатып биге шық.


-Балалар,өздерің қолмен еңбектеніп жасаған сылдырмақтарың ұнады ма?

-Кімге арнап жасадың?


-Балалар,жарайсыңдар,өте жақсы,әдемі жасадыңдар,бұл жасаған сылдырмақтарымызды кешке ата-аналарымызға көрсетеміз,жарай ма.

-Жақсы.

Балалар жақсы көңіл күйде апайлармен амандасады.

-Сәлеметсіздер ме,апайлар.




-Жақсы баламыз.

-Ойнатамыз.

-Ойыншықтар бар.

-Таза ұстаймыз.


-Әртүрлі ойыншықтармен ойнатамыз.

-Ия,білеміз.

-Сылдырмақ.



Балалар қызыға тыңдайды.














Балалар сылдырмақтың дыбысын қызыға тыңдайды.

Балалар қайталайды.


Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.




-Бөпелерді ойнату,жұбату үшін.

Балалардың жауабы

Балалар қуана келіседі.




Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.









-Қолымыз.


-Алақанымыз.


Балалар тәрбиешінің түсіндіргенін мұқият тыңдайды.





Балалар жұмысқа кіріседі.








Сергіту сәтін көңілді орындайды.




-Ия,ұнады.


-Ініме,бөпеме.


Балалар тәрбиешінің мақтағанына қуанады.

  •  

«Жас дәурен»бөбекжайы













«Күншуақ» екінші кіші тобында мүсіндеуден өткізілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Сылдырмақ»













Өткізген:тәрбиеші З.Копжасарова













2018-2019 оқу жылы



Күтілетін нәтиже:

жасайды:домалақ,сопақша пішіндерді біріктіріп,ойыншық бейнесін келтіреді;

түсінеді:сылдырмақтың бөбектерге арналған ойыншық екенін;

қолданады:ермексазды домалақ,сопақша пішінге келтіру дағдысын;



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2020
1264
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі