Материалдар / Ашық сабақ Шын дос - асыл қазына
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Шын дос - асыл қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Топ балалары ортасында қалыпты эмоционалдық жағдай қалыптастыру, бірлікке,ұйымшылдыққа баулу. Достық ұғымының мағынасын ашуға ой салу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
552
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ақ ниет» мектеп- интернаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты

Игисинова Гульнара Абдикаримовна

Қатысушылар: 6 сынып оқушылары Сабақтың тақырыбы: «Шын дос - асыл қазына»


Өзін-өзі тану сабағына арналған тәрбие сағаты.

«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда улкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен-жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»

С.А.Назарбаева

Сабақтың мақсаты: Топ балалары ортасында қалыпты эмоционалдық жағдай қалыптастыру, бірлікке,ұйымшылдыққа баулу. Достық ұғымының мағынасын ашуға ой салу.

Міндеттері: 1. Білімділік: Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім жайлы білімдерін кеңейту. «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру. 2.Түзету дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық дамуына, ой-өрістерінің кеңейуіне мүмкіндік беру. 3.Түзету тәрбиелілік. Сабақ барысында оқушылардың өз ойларын еркін жеткізіп, дурыс пікірлерін жеткіздіруге ықпал жасау. Оқушылардың «Мейірімділік», «Қайырымдылық» туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Үнтаспадағы достық тақырыбына арналған әндер, шарлар, жеті турлі-тусті жапырақ. САБАҚ БАРЫСЫ: Ұйымдастыру кезеңі: Сабақ басталар алдында достық туралы ән , музыка ойнап турады. Тарбиеші оқушыларды сыныпқа кіргізіп, «Шаттық» шеңберін құрады. Ал, оқушылар алдымен сәлемдесіп алайық! ( Ол үшін мына жағдайды негізге алуларың қажет). Қолды бір рет шапалақтағанда бір – бірімізбен иіліп сәлемдесеміз. Екі рет – қолмен амандасамыз.Үш рет –бір – бірімізді құшақтаймыз. Өте жақсы оқушылар! Жарайсыңдар! Достар , бері келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер!

Біздің бұл иіліп сәлемдескеніміз кішіпейілділіктің , ал қол алысуымыз жомарттықтың бір белгісін білдіреді екен. Ал соңғы бір – бірімізді құшақтағанымыз , достық сезімдерімізді нығайтып,көңіл – күйімізді кішкене болсада көтеру үшін. Олай болса оқушылар «Күн» болып отырайық!

Жүргізуші: Қайырлы күн! Ұстаздар мен оқушылар, қонақтар! Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: «Шын дос - асыл қазына» тақырыбына арналады. Жалпы дос - дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі.Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді. «Достық»- өмір үшін ең қажетті нарсе,өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игіліктерге түгел ие бола тұрса да, дос- жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызды жалпы дос туралы талқылайтын боламы

Балалар алдымен достық деген не,оны қалай түсінеміз, соны айырып алайық.Сендер қалай ойлайсыңдар? Дос деген не?

Оқушылар: Дос дегеніміз екі адамның бір-біріне деген қарым-қатынасы.Дос дегенің қиналғанда , жаныңнан табылатын жанашыр жан.

Жүргізуші: Арине дұрыс айтасыңдар, ендігі кезекті дос туралы мақал мәтелдерге берейік.

Достық туралы мақал-мәтелдер.

1.Сенімді дос тірегің, қалдырма оны бір елі.

2.Досты кекетпе, сөзін екі етпе.

3.Достық мектебінде есеп пәні жүрмейді.

4.Алдымен достың қамы, содан соң бастың қамы.

5.Достардың пұлы ортақ,тілі ортақ

6.Достардың дауы ортақ, жауы ортақ.

Жүргізуші : Келесі кезекте барлығымыз ертегілер әлеміне саяхат жасап, үзінді корсек. («Цветик семицветик» ертегісінен узінді.Балалармен ой бөлісу)

«Пікір алысу»

1. Дос пен жолдастың айырмашылығы.

2.Уш адам нағыз дос бола алама?

3.Нағыз дос қандай болуы тиіс?

4.Нағыз дос қандай жағдайда сыналады?

Тәрбиеші: Келесі кезекте «ДОСТЫҚ» сөзінің әр әріпіне жеке-жеке тоқтап, мағынасын ашуға тырыссақ.

Д - дуниедегі

О - озық ойлы

С - сабырлы

Т - тұрақты

Ы - ыстық

Қ - қарым қатынас

Жүргізуші: Балалар егер сендердің қолдарыңда гүлдің соңғы жапырағы қалса, сендер достарың үшін қандай жақсылық, қайырымдылық жасар едіңдер. Ендеше мен сендерге таратып беретын гул жапырақтарына жүректен шыққан тылектерімізді жазып, тақтаға апарып ылейык.

Жургізуші: Өте жақсы . Сендерге «Екі дос» әңгімесін айтып берейін. (Тәрбиеші әңгімеден соң оқушыларға «Екі дос» туралы сұрақтар қояды) - Дос ұғымына: Адал, жомарт,адамгершілігі мол,қарапайым, мейірімді , кешірімді,төзімді, ақылды ,салмақты,,кек сақтамау, ашықтық ұғымдарын жатқызуға келісесіңдер ма? Ойын: «Досымның сыйлығы» Үлестірілген шарларға жақын отырған досыңның жақсы қасиеттерін жазып, сыйға тарту.Достарыңды қатты құшақтап, дәл бүгін бір-бірлеріңе рахмет айтуларыңа болады. Релаксация -Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын сезінейік. Өзіміздің қолымызбен жасаған достық нұры мәңгі жүрегімізде қалуы үшін, жарастықты, татулықты,жақтайық. Арқашан бірлікте, сыйластықпен өмір сүрейік деп іштей қайталаймыз. Соның дәлеліндей әркім өзінің көршісінің қолын алып, ешқашан ренжітпеуге келісім берейік. Осындай ризашылықпен бұрынғы қалпымызға келеміз. Жүргізуші оқушыларға сауалнама сұрақтары мен достық заңын таратып береді. Достықтарының берік болуына тілектес екенін айтып, әрқашанда достық туын жоғары ұстап, дос құндылықтарын сақтау мындеттері екенін түсындыреді. Достық заңы:

  • Досыңды мұқатпа, кемшілігін бетіне баспа

  • Басына іс түскенде досыңа қол ұшын бер

  • Досыңның қуанышына ортақтас

  • Дос қылығын бетке баспайды

  • Досыңды ішкі жан дуниесіне қарап бағала

  • Досты киіміне қарап таңдама

  • Дос алдында өз қатеңді түсініп, кешірімді бол

  • Досыңды сатпа

Адам бойындағы жақсы қасиеттер, адамгершілік нормалары, әлемнің татулығы бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сіздердің бойларыңызға қаланды деп сенемін.

Қорытынды: Достығымыз әрқашан берік болсын! Келгендеріңізге көп-рахмет! Сабағымыздың соңында естелік суретке түсуге шақырамын.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!