Материалдар / Ашық сабақ "Сын есім"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Сын есім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сын есім туралы алған білімдерін кеңейту мақсатында алынған сабақ жоспары. Яғни кез келген ұстаз өз тәжірибесімен бөлісу қажет деп ойлаймын. Сонымен қатар, ұстаздар бір-бірімен тәжірибе алмасу арқылы өз қоржынын толықтырып отырады. Әріптестеріміз әр сабақтан пайдалы әдіс-тәсілдерді алу арқылы өз тәжірибесіне қосып отырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2018
504
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:

Қазақ тілі

4 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Сын есім


Сабақтың мақсаты

Оқушылардың сын есім туралы білімдерін жинақтау, кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, қызығушылығын ояту.


Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Сын есім туралы түсініктері кеңейеді.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Сын есімдерді сөйлем ішінен анықтайды. Тақырыпты жұппен, топпен, өздігінен оқып талдайды.

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Тақырыпты өздігінен қорытып, сын тұрғысынан ойлай алады.

Бұрыннан бар білімдері

Тақырып аясындағы тапсырмаларды орындайды.

Жоспар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы әрекеті

Басы

І.Ұйымдастыру







Қызығушылығын ояту

Психологиялық ахуал:

Әрбір адам: туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ: үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің: тірлік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзің: шындық, бірлік, адалдық.

-Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық.

«Ой ашар»

1 қатар – «Сөз айтады». Әр оқушы өз жұбының есімінің бас әрпі бойынша оның бойындағы жақсы қасиеттерді айтады. Мысалы: Әсем-ә-әдемі.

2 қатар – «Сөйлем айтады». Өзінің жұбының қандай екенін айтады. Мысалы: Ерасыл өте ұқыпты.

3 қатар – «Мен қандаймын ...».

(айнаға қарап өзі туралы айтады)

-Бұл айтқан теңдеу сөздерің қандай сұрақтарға жауап береді және қандай сөз табы болады? Неліктен?

Оқушылар хормен айтады.








Жұппен жұмыс







Жеке жұмыс


Ортасы

Shape1

дара

Shape2

дара


-Ендеше бүгін қандай тақырыпта жұмыс жасаймыз? -Сын есім

- Олай болса, сабағымызға қандай мақсат қоямыз: Сын есім туралы алған білімді кеңейту, пысықтау.

Нәтиже: Сын есімді таба аламын.

Оны қатыстырып сөйлем құрастырамын. Сын есімнің түрлерін ажырата аламын.

-Ендеше берілген мұқият тапсырмаларды орындайық.

«Оқулықпен жұмыс»

1-жаттығу. (оқылым)

Өлеңді мәнерлеп оқы.

І қатар 1-ші шумақ

ІІ қатар 2-ші шумақ

ІІІ қатар 3-ші шумақ

4-ші шумақты толық оқиды.

Тапсырмасы: негізгі және туынды сын есімдерді тауып, сөз құрамына талдау.

(тақтада көрсету)

-Туынды сын есім дегеніміз не?

«Дәптермен жұмыс» (жазылым)

-Күнді, көркем жазуды жазады.

2-жаттығу. «Көру диктанты» Жұмбақты оқып, шешуін тап. Сын есімдерді тауып, олар заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын айт. Жұмбақтың шешуін табуыңа қандай сөздер көмектесті? Жұмбақталған зат туралы тағы қандай жұмбақ білесің?

3-жаттығу. «Өздік жұмыс». Мәтінді алдымен толық, содан соң сын есімдерсіз оқы. Сонда мәтін мазмұнында қандай өзгеріс болғанын айт. Сын есімдердің не үшін қажет екенін түсіндір. мәтінді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз, қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айт.

4-жаттығу. Берілген сын есімдергі сай келетін затты тап. Неліктен сол затты айтқаныңды дәлелде.

Шаш – қалың, бұйра, ұзын, қысқа.

Бөлме – кең, жарық, биік.

5-жаттығу. Оқы. Түсіп қалған сөздерді төменнен тауып, өз орнына қой.

Мысалы: бала, тәртіпті, ұрыншақ, ұстамды, ұнамды, керіс.



Сұрақтарға жауап береді







Оқулықпен жұмыс



оқуды бармақпен бағалап отырады



туынды сын есімді сөз құрамына талдайды (тақтада)


Дәптермен жұмыс


Сергіту сәті

Жаңбыр, жаңбыр себелеп,

Тырс-тырс етіп төбеме.

Күркіре күн тарсылда,

Найзағайым жарқылда.

Көк шалғынды аралап,

Тәтті жидек теремін,

Жуып берсең жидекті

Өлең айтып беремін.

Оқушылар қимылмен жасайды

Соңы

Шығармашылық тапсырма

І топ. «Сын есімдер ұясы» ойыны.

ІІ топ. «Иә» және «Жоқ»

ІІІ топ. «Сөзжұмбақ» Заттың сындық белгісін білдіретін сөздерді тап.


Топпен жұмыс жасайды

Қорытынды

Тест жұмысы (жұппен бағалау)

1.Көп нүктенің орнына керекті сын есімді жазыңдар. ..... адам – елдің ырысы,

..... жер – жанның тынысы.

А) жақсы, бай В) оқыған, таулы С) жақсы, жақсы

2.Заттың түрін, сапасын, түсін білдіретін сөздерді .......... дейміз.

А) сын есім В) етістік С) зат есім

3.Артық сөзді көрсетіңдер.

А) адал В) ақиқат С) ақкөңіл

4.Төмендегі сөздерден «қандай» сұрағына жауап беретін сөзді табыңдар.

А) Ардақ В) әсем С) қой

5.Сын есім сұрақтары ........

А) қандай? қай? В) қай? қашан? С) қандай? қайтты?


«Кім жылдам?»

«Жыл мезгіліне теңеу»

-Берілген сын есімдерді жылдың төрт мезгілінің суретінің астына орналастыр, дәлелде.

Мысалы: суық, ыстық, ызғар, боранды, батпақты, жаңбырлы, салқын, шуақты.

Суретпен жұмыс, қажетті сөздерді пайдаланып, орнына қояды.

Үйге тапсырма: 165 бет 6-жаттығу.

Рефлексия: «Тау шыңы»

Білемін, түсіндім, қолымнан келді.

-Сабақта не туралы айттық?

Қандай жаңа сын есім сөздермен таныстық?

Бүгінгі сабақта қалай жауап бердік немесе қалай болды ұнағанын жазады.

«Шыңға – мақсатқа жетті ма?»

«Жетпедім десе» - таудың етегінде қалады.

«Орташа болса» - ортасында

«Өте жақсы» - шыңға қоясыздар.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!