Материалдар / Ашық сабақ: Шырағын жаққан білімнің
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Шырағын жаққан білімнің

Материал туралы қысқаша түсінік
А) аса көрнекті ағартушы,  педагог ақын,  жазушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойын атап өту оның артында қалдырған өлеңдерімен,  шығармаларымен таныстыру. Ә) оқушы бойына ана тілге деген сүйіспеншілікті, адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру, білімге деген құштарлығын ояту. Көрнекілігі: Баспасөз материалдарынан жинақталып жасалған «Аңыз адам»  деген тақырыпта буклет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Наурыз 2022
744
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Шырағын жаққан білімнің»

Мақсаты: А) аса көрнекті ағартушы, педагог ақын, жазушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойын атап өту оның артында қалдырған өлеңдерімен, шығармаларымен таныстыру.

Ә) оқушы бойына ана тілге деген сүйіспеншілікті, адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру, білімге деген құштарлығын ояту.

Көрнекілігі: Баспасөз материалдарынан жинақталып жасалған «Аңыз адам» деген тақырыпта буклет.

Барысы.

Хор: «Елім менің аңсаған»

Кіріспе: Қазақ даласында бірінші болып мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана тілінде оқыту секілді халық өмірінде бұрын-соңды болмаған зор әлеуметтік мақсаттарды орындау Ы.Алтынсаринге әрине оңай түскен жоқ.

Ы.Алтынсарин- «Қазақ хрестоматиясы» (1879) деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы. Бұл «Қазақ хрестоматиясының» қазақ мәдениетінің тарихындағы өзіндік үлкен орны маңызын айқындайтын факт.

Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай-ақ, орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларын енгізген болатын.

Бұл шығармалардың идеялық мазмұнынан біз ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз. Жас жеткінщектерді адал еңбекке тәрбиелеу, белгілі бір кәсіпке, өнерге баулу, адам бойындағы адалдық, достық, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді ардақтау, үлкенді, ата-ананы қадірлеу, өнер білімді байлық-дәулеттен де жоғары бағалау керектігін айта кетті.

1-жүргізуші: Саламатсыздарма құрметті ұстаздар мен тәрбиеленушілер. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Шырағын жаққан білімнің» атты ашық тәрбие сабағына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласында болған бүкіл өмірі өзінің сүйікті халқына білім беру жолындағы ағартушылық қызметіне арналды. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолының тарихи тізбесіне құлақ түрейік:

-1841-

Қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келді.

-1844-

Әкесі Алтынсары қаза тапқан соң, атасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленді.

-1850-

Орынборда қазақ балалары үшін ашылған жеті жылдық мектепке оқуға барады.

-1857-1859-

Мектепті алтын медальмен бітіреді. Атасы Балғожа бидің хатшысы болды.

-1859-

1 тамызда Орынбор шекаралық комиссиясына тілмаш болып ауысады.

-1860-

Облыстық басқарма Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырып, оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді.

-1864-

8 қаңтарда халықтан жиналған қаражатқа салынған мектеп үйін ашады.

-1868-1874-

Төрт рет Торғайдың уезьдік судьясы болып сайланады.

-1876-1879-

Торғай уезьдік бастығының аға жәрдемшісі болды.

-1879-

Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалады. «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты кітабы жарық көреді.

-1879-

«Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және « Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы жарық көрді.

-1880-

Орынбор, Торғай қалаларында ер балалар мен қыз балаларға арналған қолөнер және ауыл шаруашылық мектептерін ашқызды.

-1887-

Ырғызда қазақ қыздары үшін мектеп-интернат ашқызды.

-1888-

10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебін ашқызды.

-1889-

Тобыл өзенінің (Қостанай) бойындағы өз үйінде дүниеден өтеді.

1-жүргізуші: Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» кірген өлеңдері халық ағарту идеясын көтерді. Оның «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері жастарды оқуға білім алуға шақырады.

Оқушы: «Кел, балалар, оқылық!»

Оқушы: «Өнер-білім бар жұрттар»

2-жүргізуші: Сөйтіп, ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу өнер, ғылым-білім, өмірде сарқылмайтын мол байлық екендігін айтады.

1-жүргізуші: Білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі-жастар деп ұқты.

2-жүргізуші: өзінің шығырмаларында жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ тану мақсатын көздеді. Ендігі кезекті қанатты сөздерге берйік.

1-оқушы:Мектеп қабілетсіздік пен жалқаулықтың ұясына айналмауы тиіс.

2-оқушы:Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.

3-оқушы:Байлық қанағат пен еңбекте.

4-оқушы:Өнер,білім-бәрі де оқумен табылған.

5-оқушы:Жақсы ой мен жақсы сөз жақсы істерге жетелейді.

6-оқушы:Аз жұмысты қиынсынсан,көп жұмысқа тап боласың

Азға қанағат қылмасан көптенқұр қаласын.

7-оқушы:Алдыңа келсе әділдігінді аяма.

8-оқушы:Әр нәрсенің сыртына қызықпа,асылы ішінде.

9-оқушы:Көп сөйлеген мылжын-шын сөзді аз айтады.

10-оқушы:Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай ғылым,білім беру жүйесі сақталуы керек.

11-оқушы:Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын,туысын

1-жүргізуші: «Өзен», «Жаз» деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы елің сүю, жерің сүю, отаның сүюге тәрбиелейтін.

Оқушы: «Жаз»

Оқушы: «Өзен»

2-жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин «Адам еңбек ету үшін жаралған, сондықтан одан қашпай, қиыншылықтан қорықпай, мұратқа жетуге болады» деген ойды балалардың санасына қондырғысы келген.

1-жүргізуші: Оның «Әке мен бала» әңгімесінің арқауы- «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат ете білмесең, көптен де құр қаларсың» - деген нақыл сөз. Оқуда, еңбекте, өмірде қашан да есте сақтап, негізге алатын ұстаным кімге де болса жетістікке алып келеді.

Көрініс: «Әке мен бала»

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:



Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.

Бала әкесіне:



Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.



Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.



Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем – бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым – ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:



Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.

1-жүргізуші:Сондай-ақ ағартушы ғалым бала тәрбиесіндегі ананың еңбегіне Ерекше мән беріп,ана махабаттын терең сезіммен жырлап,сол арқылы баланың ата-ана алдындағы перзентік парызың еске салып,ғибратты сөздер пайымды ойларайтқан.

2-жүргізуші: Айналасына ас қойып,

Изені көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім?- өлеңін қабыл алыңыздар.

Оқушы: «Бұл кім?»

Оқушы: «Ананың сүюі»



1-жүргізуші: Сондай-ақ Ы.Алтынсарин орыс ақыны И.А.Крыловтан «Егіннің бастары» және «Қарға мен түлкі» өлеңдерін аударған.

Енді тамашалайтындарыңыз қуыршақ театрының «Қарға мен түлкі» ертегісі.

Хор: «Ұстазым»

2-жүргізуші:Сауатты болса екен деп қазақ халқын,

Білімге бастап беріп беріп жолды салды.

Тәлімді тәрбиелі еңбегімен,

Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.

1-жүргізуші:Біз надан боп өсірдік,

Иектегі сақалды.

«Өнер-жігіт көркі»- деп,

Ескермедік мақалды.

«Біз болмасақ,сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды!-деп Ыбырай Алтынсарин батасымен бүгінгі сабақты аяқтаймыз.Уақыт бөліп келгендерініз үшін рахмет.

Қорытынды:Әнгімелеріндегі тәлім-тәрбие.

1.Қайырымдылық.

2.Әділдік

3.Еңбекшіл

4.Достық

5.Оқу-білім

6.Өнер

7.Мейірімділік

8.Талаптылық

9.Төзімділік

10.Кісілік

11.Адамгершілік

12.Шындық

13.Ұстамдық

Осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы балалар әр-істі ойланып ақылмен жасауға,кішіге қамқор болуға,ата-анасын сыйлап құрмет тұтуға,еңбекқор болуға шақырамын.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!