Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Суретші және цирик
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы
Тақырыбы: «Көктем мерекесі», «Суретші және цирк»,
«Теңіз жағалауында», «Сүйікті ертегі»
атты тақырыптарға
сурет салу.
Пәні: Бейнелеу өнері
Сыныбы: 3 «А»
Мерзімі: 20. 04. 2018ж
Пән мұғалімі: Шаймерден Азатхан Серікұлы
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының
оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________________
Пәннің аты Бейнелеу өнері |
Уақыты: 3 «А» - 20. 04. 2018ж |
Кабинет:.5 |
Мұғалім Шаймерден А. С |
||||||
Сабақтың атауы |
«Көктем мерекесі», «Суретші және цирк», «Теңіз жағалауында», «Сүйікті ертегі» атты тақырыптарға сурет салу. |
||||||||
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді |
||||||||
Психологиялық ахуал |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
||||||||
Топқа бөлу |
|
Гүлдер арқылы топтарға бөлу. |
|||||||
Қызығушылықты ояту |
Өзің қандай мәліметтер қосар едің? Өткен сабақта саған не әсер етті? |
||||||||
|
|||||||||
Жаңа сабақ |
Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау Дәптермен жұмыс «Көктем мерекесі» Наурызнама (наурыз тойы). Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын Шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Наурыз шығыс елдері үшін – бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі болып саналады. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алады. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан-белгілері мен таным-ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның бәрі әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелілікке, бауырмалдыққа, көрегенділікке, ізеттілік пен мейірім-шапағатқа баурайды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса керек. Осы ұлы күнге байланысты халықтың әдет-ғұрыптары мен жол-жоралары, салт-дәстүрлері бар. Қазақ халқы да жыл басы мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Шығыстық данышпандар М.Қашғари, Ә.Райхан Бируни, Ә.Фирдауси, Ә.Науаи, О.Хаямнан бастап қазақтың Абай, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, М. Ғабдуллин сынды ірі тұлғалары Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, ұлағатты сөздер жазып қалдырган. Наурыз мерекесі. «Наурыз» – парсы сөзі. Бұл қазақша айтқанда, «жаңа күн» деген сөз» (А.Байтұрсынов). Қазақ халқы аса кадірлейтін бұл күн, яғни 22-наурыз бүкіл Шығыс халықтарының ежелгі бас мерекесі.Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңелу сәті, халықтардың ынтымақ күні. «Наурыз – табиғаттың мейрамы» (С.Қожанов). Демек, бұл осы мерекені тойлайтын халықтар үшін аса зор салтанат, ұлы жиын. Орта Азия мен Қазақстан тұрғындары бұл күнді «Самарқанның көк тасы жібіген күн» деп те дәріптейді. Наурыз – қазақта бірінші айдың аты. Наурыз күні халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарханын мол жаяды. «Ұлыс құтты болсын!», «Ақ мол болсын», «Төрт түлік ақты болсын!» деген сияқты тілектер айтылады. Адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән-жырға жалғасады. Халықта бұл күнге лайық салт-дәстүрлер де бар. Олар «Наурыз тойы», «Наурыз жыры», «Наурыз көже», «Наурыз бата» деп аталады. Бұл айда туған баланың аты да Наурызбай, Наурызгүл деп қойылған. Наурыз халықтық мереке бола тұрса да кеңестік саясат кезінде оны тойлауға діни мейрам есебінде тыйым салынып келді. «Қазақтың наурызы – дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамы» (М.Жұмабаев). Соңғы жылдары «Наурыз» күні қайта тойлана бастады және ол барлық жерде кең қолдау тауып, халықты рухани жағынан байытты. «Суретші және цирик» - «Астана цирк» - Астанадағы көңіл көтеретін цирк мекемесі. Қазақстанның үш негізгі циркінің бірі; бұрынғы КСРО аумағында, ең жаңа цирктердің бірі және «ұшатын табақша» түріндегі бірегей цирк ғимараттарының бірі (Қазан циркімен қатар). 2005 жылдан бастап тиімді. Ол Қабанбай батыр даңғылында жаңа қаланың орталығында орналасқан. Тарихы: 2001 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сол жағалауда жаңа қаланы салудың бас жоспарын бекіткеннен кейін цирк құрылысы басталды. «Астана Құрылыс» Әкімшілік жоспарлау және дамыту департаментінің тапсырысы бойынша бірінші бас мердігер «Керуенстрой» компаниясы, 2002 жылдан бастап «Наиза-Курылыс» Концерні »ЖШС, Құрылыстағы «Капитал цирк» кәсіпорнының директоры Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Б.Жұмағұлов тағайындалды. 2003 жылы Мемлекеттік Третьяков галереясының «Цирк Цирк» дирекциясы мен әкімшілігі құрылды. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржыландыру басталды. «Теңіз жағалауында» - Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспетұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі.Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн Хордадбех, Ибн Руста, Әл-Масуди, Әл-Истахрикелтірген мәліметтер аса құнды саналады. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады. Жалпы Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946–1950 жылдар аралығында болған. Ондағы мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырымды құрап, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1 метр, ең терең жері 68 метр деп сипатталып жазылған. Содан қалған бүгінгі теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Теңіздің осындай тартылуына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам жасалды, ал бұл күндері осы болжам шындыққа айнала бастағандай. «Сүйікті ертегі»- «Менің сүйікті мультфильмім» атты республикалық шығармашылық байқауды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және «Жас өркен» серіктестігіне кіретін «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері мен «Балдырған», «Ақ желкен» журналдары бірлесе өткізді. Бірнеше айға созылған байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен мектеп қабырғасындағы оқушылар қатысты. Байқау ережесіне сәйкес ұсынылған суреттер қазақ анимациялық фильмдеріне, қазақ ертегілері, аңыз-әңгімелеріне негізделіп салынуы тиіс болатын. |
||||||||
Рефлексия |
Екі жақты күнделік стратегиясы
|
||||||||
Үйге тапсырма |
Жұмысты аяқтау |
Күнделіктеріне жазып беремін |
|||||||
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
Бағалау парақшасын толтырады. |
|||||||
Кері байланыс |
Оқушылар өздеріне сабаққа ұнады ма, ұнамағанын түстер арқылы боя. |