Материалдар / Ашық сабақ «Шырылдауық шегіртке» "Балдәурен" шағын орталық ересек тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ «Шырылдауық шегіртке» "Балдәурен" шағын орталық ересек тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды еретгі не туралы айтығанын түсіндіру. театры арқылы таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау.Қазақша ертегілерді дұрыс түсіне блілуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
631
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ортаңғы тобына арналған

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Күні: 11.04.2019ж

Тәрбиеші:Ибраева .А.М.

Білім саласы: Коммуникация

Бөлімі: Драма

Өтпелі тақырыпша: «Біз еңбекқор баламыз»

Тақырыбы: «Шырылдауық шегіртке»

Мақсаты: Көлеңке театры арқылы таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау.

Дид-қ ойын: «Шегірткенің әні»

Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру көрсету. Сұрақ - жауап, жаттығуы.
Көрнекті құралдар: жәндіктердің суреттері
Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар жылдың неше мезгілі бар?

-Қазір қай мезгіл?

-Көктем мезгілінің айларын кім айтады?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Балалар сендер жәндіктерді білесіңдер ме?

Негізгі бөлімі:

жұмбақтар
Бейнеткер көпшілікте көрдім халық, 
Күнінде бір отырмас дамыл алып. 
Өзінен ауыр жүкті көтереді. 
Үйінде жатып жейді рахаттанып (құмырсқа)

Астығыңды жасыр,
Келе жатыр
Ұзын бойлы жасыл. (шегіртке)

-Балалар сурете не көріп тұрсыңдар?

-Аттарын атайықшы?

-Ендеше бүгін біз балалардің сабағымыздың тақырыбы: «Шырылдауық шегіртке»
Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,
Бара жатты жұмысқа.
Допты алып қолыма,
Қойдым оның жолына
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады,
Тау екен деп ойлады.
Венн диаграммасы
• екеуі де жәндік
• құмырсқа
еңбекқор,
адал, үйлі,
қызыл және
қара түсті,
ұзын мұртты

• шегіртке
жалқау,
ойсыз,
панасыз,
шырылдайды,
зиянкес,
ән салады,
шөппен қоректенеді
Қорытындылау: Дид-қ ойын: «Шегірткенің әні»

Жаз мезгіліндегі шегіртке -----------------
Қыс мезгіліндегі шегіртке ------------------
(шырылдауық, жығылды, суыққа тоңған, қарны ашқан, гөлайттап, қабағын қайғы жабады, ән салған, сорлы)




Шегіртке мен құмырсқа

Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.

Жаздыгүні жапырақтың
Бірінде – тамақ, бірінде – үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң, кетті күй.

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан,
Ойын қайда, ән қайда?

Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым – ақ қиын іс болды.

Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Сабанда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады

Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
Қарағым, жылыт, там - ақ бер,
Жаз шыққанша асыра!

Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?

Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?


- Қайтсін қолы тимепті,
Өлеңші, әнші, есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де билей бер!




















«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ

«Балдәурен» шағын орталық








Ашық сабақ



Тақырыбы: «Шырылдауық шегіртке»












Тәрбиеші: Ибраева А.М.















2019-2020ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!