Материалдар / Ашық сабақ Табиғат – тал бесігің аялай біл! 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Табиғат – тал бесігің аялай біл! 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының мағынасын ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2020
912
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі: № 22 сабақ

Тақырып: Табиғат - тал бесігің, аялай біл!

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: қамқорлық, ұқыптылық, жауапкершілік,

Мұғалiм: Жаттоева С.Ш.

Сынып 8 Оқушылар саны: 18

Сабақ мақсаты: Оқушыларға табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының мағынасын ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Қоршаған ортаға қамқорлық жасау, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық: Тіршілік иелеріне қиянат жасамау, табиғатқа ұқыптылықпен қарау, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;
Тәрбиелік: қамқор болуға, ұқыпты болуға, жауапкершілікті азамат болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Топқа бөлу: оқушыларды шеңбер түстер арқылы топқа бөлу. 3 топ: қамқорлық, ұқыптылық, жауапкершілік.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

2 Тыныштық сәтi.

Орманға ойша серуен: (әуен)

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз

3 Үй тапсырмасын тексеру.

Мәтінмен жұмыс: Оқулықтағы Құрманбай Толыбаевтың «Қайыңның қасіреті» атты әңгімесін оқып талдау.
Қар кетіп жердің беті дегди бастаған. Көктемнің жайма шуақ күні. Тау етегіндегі қалың ақ қайың орманын аралап, серуендеп жүрміз. Зәулім ағаштың сала-сала бұтақтарын жапқан, жылқының жалындай жалбырап, төмен төгіле саудырап тұрған шыбықтары бұйра шашы секілді. Әр жеріндегі бітпеген жараның аузындай қабыршықтар ағаштың сұлу сипатын бұзып тұр. Денесіне түскен зақымның зардабын жария еткендей, айғыз-айғыз. Бірден назар аударады. Қарашы, мына жерге біреу пышақпен тіліп, «Н» әрпін жазыпты, - деп, серігім қинала тұрып, қайың діңін сипалады. - Келе–келе осы жарақат үлкен даққа айналады да өшпейді....
Қайың діңдеріне жағалай көз жүгірттім. Шынында, ағаш діңіндегі дақтар аппақ денеге түскен жарақаттың тыртығындай шор-шор болып қарайып тұр. Кей тұстағы «М», «С» деп ойып жазған әріптер қармен, жаңбыр суына еріп, езіліп кеткендей баттия қап-қара дақ болып, жуан діңге жабысып қалған. Өмір бақи өшпейтін, айықпайтын дерт секілді.
- Обал- ай ... Жарақаттанып қалған, қалпына келмес тыртық сияқты екен, - дедім, серігімді мұңнан серпілтек ниетпен. Ол жадырай көсілді:
- Ағаш – Жер – Ананың құшығындағы бөбегі. Оны бізде, адамдар да мәпелеуге міндеттіміз. Өйткені ылғи да пайдасын көріп жүрміз ғой.
- Бір ақымақтың қылығына бола, сонша күйгенің не?..
- Сол ақымақтың қылығы қара шешектей жайылып кетсе, ем қонбайды....
- Асқынып, алқымдап тұрған ештеңе жоқ......

- Тәрбие керек, ұрпақтарымызды кесірлінің жетігіне жібермеуге тиіспіз!....
Мектепте де, үйде де туған табиғатты қорғау мәселесіне орай жан-жақты тәлім тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді. Мыналар кейбір ақпақ құлақтардың қылығы шығар , - дедім серігімді жұбатпақ ниетпен. Ол сәл тыншыды да, ойын түйді:
Атамның «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегеніндей, сол ақпақұлақтардың ойсыз әрекеттері күйедей жұғымтал болса ше?!
Оның істегенін қасында жүрген серігі қайталайды. Рас, жарақаттанған ағаш өлмейді, сыны ғана бұзылады. Ал мына әріптерді жазғандар бұл дүниеден әлде қашан өткенде шығар. Бірақ діңгегі дақтар өшпепті, тыртық боп қалып қойған. Майдан кешкен жауынгердің тәніне түскен жарақат тыртығы секілді.

- Жарақатты мына қайың бұйым құрлы көріп тұрған жоқ-ау.....

Көп сөзді ұнатпайтын жолдасым таласқысы келмеді, үндеген жоқ. Ағаш діңдеріне аялай қарап қойды. Қайың орманын аралап әрі жүрдік. Жалғыз аяқ соқпақ. Серігім алда. Екі қолын артына ұстаған бойы үнсіз кетіп барады.

Шұңғылдау арықтан аттап өте бергенімде, төбеме сырт етіп бір тамшы тамды. Бұл қайдан?.... Басымды көтеріп, жоғарыға қарадым. Сол жердегі жас қайыңның төгіле салбыраған жіңішке бұтақтарын барладым. Созса адамның қолы жететіндей жердегі қамшының сабындай жұмыр бұтақ ортан белінен опырылып сынған екен. Анықтап көріп ал дегендей, бұтақтың әлгі сынған жерінен төмен сырғыған мөлдір тамшы жинақтала созалаңдап тұрып, томпағын молайта бастады да, сырт етіп үзіліп түсті.

Денем дір етіп, түршігіп кетті. Әлгі тамшы жаралы қайыңның көз жасы секілді болып көрінді маған. Санамды аяныш, өкініш сезімі биледі. Сынған бұтақтың астына тұра қалдым. Бойымды созып, өргі тұсынан ұстадым да, ақырын төмен идім. Содан кейін сынығының жаңқалары мен жарықтарын өз деңгейлеріне қиюластыра жалғадым. Қалтамнан қол орамалымды алдым да, сонымен орап таңып тастадым. Бұл әрекетім жаралы ағаштың дертіне ем бола ма, жоқ па, оны топшылап жатпадым.

Көкейімді басқа ой кернеді: шеккен азабының зардабына ешбір шара таба алмаса, жер бетіндегі табиғат түлектерінің бәрі де жылайды екен......
• Адам табиғатқа неліктен залал келтіреді?
• Табиғат та жылай ма?
• Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтырады?

Сабақ барысын талқылау:

4 Дәйексөз.

Француз жазушысы Анатоль Франстың «Адам табиғатқа тәуелді болса, Табиғат та оған тәуелді» - деген нақыл сөзінің мағынасын талдау. (дәйексөзді дәптерге жаздыру) А. Франстың көзқарасымен келісемін. Себебі – табиғат пен адам өзара үйлесімді. Қарапайым біздің тыныс алуымыздың өзі дәлел бола алады. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда ғана, табиғат адам баласы кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.


5 Әңгiмелеу (сұхбат).

1. Табиғаттың қандай мәселелері қазіргі кезде барша адамзатты толғандырып отыр?

2. Жер бетіндегі табиғи апаттардың етек алып кету себебі неде?

3. Табиғатты сақтап қорғау не үшін қажет?


Мұғалімнің сыйы:

Бейнетаспа: Табиғатты қорғайық, аялайық


6 Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Тапсырма: постер қорғау

Дәптермен жұмыс: дәптердегі тапсырманы орындау.


7 Топпен ән айту.

«Аралдан ұшқан аққулар» сөзі: Ш. Сариевтікі

әні: С. Бәйтерековтікі


8 Үй тапсырмасы.

Дәптермен жұмысты аяқтау.


9 Қорытынды
Қазіргі уақытта қоршаған ортаның ластанғаны, жоғалып - құру жағдайында екендігі жиі айтылады. Әйтсе де мұны жою немесе түзету оңай шаруа емес екендігі де белгілі. Егер де ғылымда табиғатты тазалауға арналған құрал ойлап табылса да, мұның өзі сыртқы тазалықты сақтау болып қалмақ. Ал адамдарды улап жатқан газ, түтін улы заттар адамзаттың рухани әлеміне де өз кесірін тигізуде. Адамдардың көпшілігі түрлі ауруға ұшырауда, бұл тек ауа, су, тамақтың ластануынан ғана болып жатқан жоқ. Егер адам баласының рухани әлемі мұнша ластанбаған болса, адамдар барлық сыртқы уларды жоя алатын еді. Бірақ ауру ішкі ластанудан, яғни ойдың, сөздің, істің ластануынан басталады. Осы ішкі ластану сырттай көрініс табады. Нағыз сыртқы өзгеріс ішкі өзгерістен соң пайда болады. Демек, сыртқы әлемнің нақты және материалдық бейнесі. Сондықтан ауырмай, таза болу үшін адам ішкі тазалығына мән беруі керек, яғни ойы, сезімі, тілегі, мұраты таза болғанда ғана, сыртқы әлеммен үйлесімділік болады.
Сан Лайт
Соңғы тыныштық сәтi.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

Денелерімізді түзу ұстап, басымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, айналадағы барлық тіршілік иесі аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеміз. Тұла бойымыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып сақтаңдар. Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!