Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ: Табиғат тылсым дүние
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Табиғат тылсым
дүние
(дөңгелек стол)
Мақсаты: Балаларды табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға,
қорғауға тәрбиелеу, экологиялық білімділік, ойлау қабілетін,
сауатты сөйлеу дағдысын дамыту.
Көрнекілігі: табиғат тақырыбына арналған нақыл сөздер, букеттер,
альбомдар, кітаптар.
Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Жалпы, табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің
түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.
Халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен
сөздерімен қатар тұрады. Олай болса, бүгінгі дөңгелек столымыз да
табиғат туралы болмақ.
Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді
қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикамыздағы ең күрделі
мәселелердің бірі. Көшпелі тұрмыс кешкен қазақтар өзінің барлық
ақыл ойын табиғатпен байланыстырған. Ал қазір сол көшпелі
қазақтардың ақыл ойын біз сақтап отырмыз ба? Міне бүгінгі
талқыланатын мәселеміз осы.
1-оқушы: Ну орман, жасыл орман, мынау орман,
Далаға қорған болып тұра қалған.
Барлығы баласындай бір-ақ үйдің,
Барлығы жаралғандай бір адамнан.
О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен,
Бүгін менің жиі еңсем.
Осылай да ойланып қой, адамдар,
Жығылмайсың орманыңа жүгінсең
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламыз бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен асып тұрғандай бар тынысын
2-оқушы: Экология қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған
маңызды проблемаға айналды. Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы
бүкіл қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер
түсіне бастады. Біздің өмір сүріп отырған дәуірімізде техникалық
құралдармен қаруланған кейбір елдер мен адамзат баласының жер
планетасын аз уақыттың ішінде құртып жіберуі онша қиындыққа
түспейді. Сондықтан бүкіл әлем халқының ортақ үйі жер планетасын –
адамзат баласы біріге отырып экологиялық апатқа қарсы тұрып, жер
анамызды сақтап қалу бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселе.
3-оқушы: Табиғат алдында өздерін жауапты санаған, барлық
жан-жануарларды киелі санап, өзен, көл жағалауларын таза ұстап,
бұлақ көрсе көзін ашып, жастайынан өз әулеттеріне, балаларының
санасына сіңіріп, бойларын үйреткен.
Табиғат арқылы адам бойына сұлулық пен әсемдік дамыту идеясы қазақ
ағартушылары мен жазушыларының, ақындарының еңбектері мен
өлеңдерінде толық көрсетілген. Мысалы Абай мен Шоқанның, Жамбыл мен
Ыбырайдың, Мағжан мен Сәкеннің, Ілияс пен Қасымның, Кәкімбектің
өлең-жырларынан көркем жазылған табиғат суреттерімен танысып жан
рухына бөленуге болады.
4-оқушы: Қазақ халқының табиғатты, қоршаған ортаны, жан-жануарлар
мен құстарды аялағаны соншалықты, тіпті сонау ашаршылық жылдарының
өзінде үйдің іргесіндегі аққан судың балығына да, ұшқан құсына да,
жүгірген аңына да ешбір зиянын келтірмеген. Көшпенді халық жиі-жиі,
жаз бойы қоныстарын ауыстырып, сол қоныстанған жердің топырағы
тозбасын, өсімдігі өлмесін, шабындығы жапырылмасын деген оймен
әрбір билер халықты жаңа қоныстарға алдын ала бағыт беріп
отырған.
Қазақстан топырағы киелі, жер бетінің шөбін тартсаң, шырыны шығатын
көк майса, жасыл кілем еді. Кеңбайтақ еліміздің барлық
территориясында небары 30% ғана шөлді-шөлейт аймақ болған, ал қазір
ХХІ ғасырдың басында шөлді аймақ 66%-ға жетіп отыр. Ол дегеніміз
халқымыздың көпшілігі табиғатты күтуге, оның табиғи байлықтарын
тиімді пайдалануға әлі де болса үйренбей жатқандығы. Кен орындары,
жер асты байлықтарды алғаннан кейін қалпына келтіріліп,
көгалдандырылмады, қопарылған жердің топырағы жел болса сол
маңайдың барлығын шаңға айналдырып басып жатады. әрбір өскен ағаш
бүгінгі таңда алтыннан да ардақты, оны қалада да, далада да кесіп
жатырмыз, ағаш шабылған жер тазаланбайды. Табиғат аясына –
Қарқаралы, Баянауыл, Бурабай тәрізді немесе өзен, көл маңына
демалуға шыққан топ барлық қоқыс заттарды шашқан бойы қалдырып,
тіпті жаққан отты сөндірмейді.
5-оқушы: Біздегі кемшіліктерді жібермеу, барлығымыздың да
қолымыздан келеді, бірақ көп нәрсені түсіне бермейміз. Адамзаттың
жауапсыз кезеңі бітіп, жауапкершілігі артатын кезеңі жетті.
Енді қазіргі бар табиғат қоры шеңберінде өмір сүруді үйрену және
өндіріс көлемін ұлғайтуды шикізат ресурстары шығынының көлемін
өсіру жолымен емес, аз қалдық беретін және қалдықсыз технологияға
тезірек көшу, кен орны жынысы құрамындағы барлық компоненттерді
комплексті алу мен пайдалану, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану
мен тұтыну, табиғи ортаны ластаудың алдын алатын қалдықсыз
өндірістер мен технологияны енгізу, энергия мен шикізаттың дәстүрлі
түрлерін қазіргі заманғы және таусылмайтын көздермен ауыстыру
негізінде жүргізу қажет. Экономика ғылымы «Қоғам - өндіріс – табиғи
орта» жүйесінің даму проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарына
басшылық ете отырып, мемлекеттің табиғи қорының үнеммен жұмсалуы
және сақталынуы мәселелерімен айналысуы қажет. Экономика және
экология бір-бірімен тығыз байланысты, егер экономика принциптері
экология принциптерімен қайшы келетін болса, қоғамда және адамдар
санасында қарама-қайшылықтар бар деген сөз, одан арылуымыз керек.
Біздің республикамыздың экологиялық жағдайы, айтарлықтай емес.
Көптеген қалаларда атмосфералық ауа зиянды заттармен мөлшерден
артық ластанған. Әсіресе ластанғандарға Алматы, Тараз, Өскемен,
Зырян, Риддер, Теміртау, Шымкент қалалары жатады. Семей өңірінің
топырағының радиоактивті заттармен ластануы адам денсаулығына әлі
де болса әсерін тигізіп келеді. Каспий, Арал бассейндеріндегі
экологиялық жағдай мақтанарлықтай емес. Орал және Іле, Сырдария
және Нұра өзендері өнеркәсіп қалдықтарымен ластанып келеді. Ауыз
су, тыныс алатын атмосфералық ауа, қажетті азық-түліктің неше түрлі
улы қосылыстарымен ластануы адамдардың иммуналдық-гендік жүйесін
бұзатыны белгілі. Бұл өзгерістер адамзат баласына және биосферада
тіршілік ететін барлық тірі ағзаларға мутагендік өзгерістер
туғызады. Биологиялық және экологиялық өзгерістер жер бетінде бола
берсе, биосфераның табиғи теңдігі бұзылып, жер бетіндегі барлық
жан-жануарлар жойылып бітуі мүмкін. Табиғат заңдылығы өте қатал
заң
6-оқушы: Өркениетті дамыған елдерде барлық экологиялық жағдайларға
жауапты түрде қарайды. Завод, фабрика, ТЭЦ-терде түтін шығатын
трубаларына сүзгілер қойылып, қала ішінен шығатын барлық қоқыстар,
қала сыртындағы арнайы салынған пештерде өртеніп, ол басқа пайдалы
іске, бұйымдарға пайдаланылады. Ірі қалалардың көше бойында
желдеткіштер орнатылады, бірнеше экологиялық лабораториялар жұмыс
істейді. Ал біздің басқа қалаларды алмай-ақ қояйық, Қарағандының
өзінің экологиялық жағдайы мәз емес. Ол кімнің кінәсі?
7-оқушы: Естеріңізде болса жақында Теміртау қаласындағы бұрынғы
«Карбид» өндірістік бірлестігі аумағындағы және Нұра өзенінің
табанындағы сынап қалдықтарын Теміртау қаласының іргесіндегі Апан
шатқалына көму туралы жоғары жақтың шешіміне байланысты бірнеше
мәрте қоғамдық тыңдаулар болып, оған Теміртау жұртшылығының
наразылығы баспасөз беттерінде жарияланған болатын. Европа даму
және қайта құру банкісінің қаржысымен жүзеге асырылатын бұл шараны
атқаруды Дания елінің компаниясы мойнына алып, оған тапсырыс беруші
ретінде еліміз атынан Ауылшаруашылығы министрлігіне қарасты Су
ресурстары жөніндегі комитеті тағайындалған еді. Сынап қалдықтарын
көму туралы жоба жасаушылар бірнеше варианттарды салыстыра келіп,
осы Апан шатқалынан полигон ашуға тоқталған. Оған басты себеп
ретінде полигон орналасатын жердің тау жыныстарының құрамы, яғни су
өткізбейтін қасиеті, геологиялық жағдайларының улы затты «жерлеуге»
қолайлы екендігі алға тартылған. Алай да бұған қарсы пікір
айтушылар полигон қаладан небәрі 2,5 шақырым қашықтықта орналасқан,
болашақта қала құрылысы осы бағытта ғана дамитын болғандықтан
ондаған жылдардан соң бұл полигон қала орталығында қалып қояды және
полигонды салу барысында қауіпсіздік талаптары сақталатынына
кепілдік жоқ деген уәждерді айтқан.
Сонымен қоса бұл аумақтың теміртаулықтардың дем алатын, жеке меншік
малдары өрістейтін алқап екені, онда «Белый ключ» бастаған таза
бұлақтар бар екендігі, полигон салынған жағдайда оның бәрі ластануы
мүмкін екендігін айта келіп, улы қалдықтарды қаладан тым болмағанда
15 шақырым алысқа мүмкін болса, адамдар қоныстанбайтын, бос жатқан
құмайт-шөлейт жерлерге орналастыру керек дескен.
Қаламыздағы экологиялық ахуалдың жылдан жылға нашарлап бара жатқаны
жасырын емес. Соңғы жылдары кәсіпорындардың жұмысы жолға қойылып,
жаңадан өндірістер көптеп ашыла бастағалы бері жағдай тіпті қиындап
кетті. Көміртегі тотығы өсіп отыр. Оның үстіне қаламыздың
орталығында улы сынап ошағы, яғни жайлап жарылатын бомба бар. Сынап
- өте улы элемент және адам организмінде біртіндеп жинақтала
беретіндігі де қауіпті. Бұл көптеген адамдардың өмірін қиып отыр.
Біздің қалада күніне 40 адам қайтыс болады екен. Ертең оның саны
140 адамға жетпесіне кім кепіл? Сондықтан да бұл заһарлы уды
қалайда қала аумағынан тысқары тасуымыз керек. Бұл бүгін ғана
туындап отырған мәселе емес.
8-оқушы: Эколог маман Константин Павлов Теміртауда ауаға жыл сайын
400-450 мың тонна зиянды лақтырынды тарайтынын, қала маңындағы
үйлерді орта есеппен 330 миллион тонна түрлі қалдықтар төгілгенін
айта келіп, соңғы жылдары өмірге келген сәбилердің арасында туа
бітті кемтарлықтың және оның салдарынан шетінеу фактілерінің жылдан
жылға жиілеп бара жатқанын тілге тиек етті. Қаланың ауасы негізінен
солтүстік шығыс пен оңтүстік батыстан соғатын жел арқылы
тазартылып, енді солтүстік шығысты Нұрқазған кеніші көлегейлеп
алды, оңтүстік батысты Апан полигоны жаппақшы, сонда халық немен
тыныстамақ? Тәжірибелі Константин Николаевичтің айтуынша, сынап
қалдығын 18 шақырым кері тасымалдап қаланың іргесіне көмгеннен
гөрі, сол тұрған жерінен әрі қарай 3 шақырым ғана тасымалдап
Тегісжол елді мекені бағытында «жерлеген» дұрыс.