Ашық
сабақ
Үйірме
атауы: Қызылорда облысының білім
басқармасының
«Қазалы ауданы бойынша
білім бөлімінің Оқушылар Үйі»
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны, «Тоғызқұмалақ»
үйірмесі
Үйірме жетекшісі
: Кушербаев
Сатыбалды Бектемирович
Тобы:
Өткізілетін
уақыты:
Сабақтың
тақырыбы: Тактикалық
тәсілдер. Комбинация жасау
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Ойыншының ойын ережесі
тәртібін үйренуін қалыптастыру, математикалық
амалдарды қолданып жазбаша және ауызша есептеу әдістерін үйрету.
Оқушыларды ойын күштеріне жауапкершілікпен қарап, терең есептеуге
бейімдеу;
Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау
қабілеттерін дамыту, қалыптастыру, білімділігі мен ойлау қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік: Ойынды оқушылар арасында
насихаттау, жас ұрпақты ұлттық
құндылықтарымызды қастерлей білуге
тәрбиелеу, әр оқушы бойынан ұлттық
ойынымызға деген қызығушылығын
арттыру;
Сабақтың
типі: Жаңа
сабақ
Пәнаралық
байланысы: Математика
Сабақтың
көрнекілігі: тоғызқұмалақ тақтасы, интерактивті
тақта
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын
сұрау
ІІІ.Жаңа сабақты
түсіндіру
ІҮ. Жаңа сабақты
бекіту
Ү.Үйге
тапсырма
ҮІ.Сарамандылық
жұмыс
ҮІІ.Бағалау
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
-Оқушылармен
сәлемдесу;
-Оқушыларды
түгелдеу;
-Оқушылардың дайындығын
тексеру;
-Назарларын сабаққа
аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын
сұрау.
Ендеше, оқушылар өткен сабаққа
шолу жасайық. Назарларыңызды тақтаға
аударайық. LearningApps
платформасында қайталау сұрақтары
ашылады.
ІІІ.Жаңа сабақты
түсіндіру.
Тоғызқұмалақ ойынының
негізгі ерекшеліктері:
Тоғызқұмалақ ойыны
тарихынан (ролик)
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы
тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18
отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан,
тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған
ойыншыны қостаушы деп аталады. Өз кезегінде
бастаушы №1 отауға түскен 1құмалақты жүреді. Қостаушы №9 отаудағы
жалғыз құмалақты 1отауға салады.
Олай болса, тоғызқұмалақ
ойынындағы отау аттарын қайталайық. LearningApps
платформасында «отау аттары» тапсырмасы
ашылады.
Жүріс жасау
ерекшеліктері:
Жүріс ойыншылар тарапынан
кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе
қарсыластардың келісімімен анықталады.
Жүріс жасау үшін өз
жағыңыздағы отаулардың бірінен бар құмалақтарды қолға алып, біреуін
орнына қалдырып, солдан оңға қарай бір-бірлеп
таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз
отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың
отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың
тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса
(2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз
қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың
жұп санды құмалағы бар отауына түсіп
(3 құмалақтан
басқа), тақ қылса құмалақ ұтып
алынбайды.
Ешбір мақсатсыз, жоспарсыз,
ойламай, өз жағындағы отаудағы құмалақтарды қарсыласына ұтқыза
беруге және отаудағы құмалақтар санын азайтуға болмайды. Сондықтан
отаудағы құмалақтар санына ойынның басынан жауапты қарау
керек.
Ойыншылар ойын барысында
қарсыласына құмалақ алдырмау үшін өз отауларындағы құмалақтардың
санын жұп күйінде ұстап отыруға тырысады. Құмалақтарының саны жұп
болып тұрған отауды «жабық» отау. Ал тақ болып тұрған отауды «ашық
отау» деп аталады. Ойын барысында қарсыласының
құмалақтарын қолмен санауға рұқсат
етілмейді.
Тоғызқұмалақ ойнауға отырған
ойыншы бірден ойланады. «Қай отаудан жүрсем екен?», «ойынды қалай
бастасам екен?», «Құмалақтарды отауларда қалай орналастырсам
екен?», «құмалақтарды тарата бастағанда соңғы құмалақ қай отауға
түседі екен?» сұрақтар туындайды.
Тоғызқұмалақ ойынында ұтымды
жүріс жасау үшін тактикалық тәсілдерді білуіміз керек. Бейнежазбаға
назар аударайық. ( тактикалық тәсілдер туралы ролик
кетеді.
Бүгінгі сабағымызда тактикалық
тәсілдердің ішіндегі ең күрделісі және ең
маңыздысы комбинация арқылы
құмалақ алуға
тоқталамыз.
Комбинация
дегеніміз – көздеген
мақсатқа жылдам жеткізетін бірнеше ойлы жүрістердің
нәтижесі.
Қарсы жақтың әлсіз жерін тауып
комбинация жасау керек.
Комбинация екі кезеңнен
тұрады.
1.Әзірлік
кезеңі
Бұл кезеңде комбинацияны
жасауға қажетті позиция дайындалды немесе тақтадағы дайын
позициядан комбинацияның жолдары
іздестірілді.
2.Мақсатқа жету
кезеңі.
Бұл кезеңде мақсатқа жету үшін
ойын барысындағы тактикалық тәсілдерді қолдана отырып, қарсы жақтың
немесе өз жағының отауларында жатқан құмалақтардың санын өзгерту
қажет.
Комбинация
жасау- “тоғызқұмалақ”ойынында талдауды , алдын ала болжауды,
жүрісті жалықпай есептеуді керек ететін тактикалық тәсілдердің
ішіндегі өз алдына заңдылықтары бар, өте күрделі
процесс.
Ендеше тоғызқұмалақ ойынында
комбинация жасау үшін жүрістерді дұрыс есептей алуымыз
керек.
Тоғызқұмалақ ойынында жүрісті
тез есептеу үшін түйін сандарды білу міндетті.
Олар: 10, 19, 28,
37
Есептеу
жолдары
Бірінші есептеу
жолы
|
Жүріс жасалатын
отаудың соңғы құмалағы дәл қай нөмірлі отауға барып түсетінін
анықтау үшін жазу тәртібі бойынша қағаз бетіне жазылған цифрлардың
арасына қосу белгісін қоямыз.
|
Егер қосынды 10
немесе 10-ға жетпейтін болса қосындыдан 1- ді
шегереміз
|
Мысалы:
214=2+1+4=
= 7 -
1=6
2-отаудың реттік
саны.1+4-отаудағы құмалақ саны. 7-қосынды. 6- шы отауға
барады.
|
Егер қосынды 10 -нан
артық болса, қосындыдан 10-ды шегереміз
|
Мысалы:
713=7+1+3=
= 11 -
10=1
|
Екінші есептеу
жолы
|
Жүріс жасалатын
отаудың соңғы құмалағы дәл қай отауға барып түсетінін анықтау үшін
отаудың рет санына сол отауда жатқан құмалақтар санын
қосамыз
|
Егер қосынды 20 немесе 20 -
дан артық болса, қосындыдан 19 - ды
шегереміз
|
мысалы:
915=9+15=
= 24 -
19=5
|
Егер қосынды 29 -
дан 37-ге дейін болса, қосындыдан 28 - ді
шегереміз
|
мысалы:
824=8+24=
=
32-28=4
|
Егер қосынды 38
немесе одан көп болса, қосындыдан 37-ні
шегереміз
|
Мысалы:
636=
6+36= 42 -
37=5
|
Үшінші есептеу
жолы
|
Егер отауда 10
құмалақ жатса, аттас отауға барып түседі.
|
Егер 19 құмалақ
болса 1 айналым жасап, өз орнына келіп
түседі.
|
28 құмалақ 1, 5
айналым жасап, қарсыластың аттас отауына
түседі.
|
37 құмалақ екі
айналым жасап, өз орнына келіп түседі.
|
Тақтамен
жұмыс. Берілген сандарды
есептеп шығару
315, 712, 524, 217, 819, 921,
737.
ІҮ.Жаңа сабақты
бекіту.
Бекіту
сұрақтары LearningApps
платформасында ашылады.
«Ашық микрофон» әдісімен кері
байланыс жасаймыз. Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа
байланысты ойларын айтады.
Ү.Үйге
тапсырма. Ережелерді жаттап
келу.
Комбинацияны ойын кезінде пайдалана білуге
дайындалу.
Ү.Сармандылық
жұмыс.
Жаңа сабақ түсінікті болу үшін тоғызқұмалақ
тақтасы арқылы ойнап,үйрену.
ҮІ.Бағалау.
Сабаққа жақсы араласып,қатысып отырған оқушыларды
бағалау.