Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ тақырыбы " Өлшеу трансформаторлары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ток және кернеу трансформаторларының құрылысы, жұмыс істеу принципі және жұмыс тәртібімен ағылшын тілінде таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы. Арыс қаласы №17 Колледж шет тіл оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: «Өлшеу трансформаторлары»

Сабақтың мақсаты: Цели урока:

Студенттердің алған білімін әрі қарай дамыта отырып, және электр қондырғыларын дұрыс пайдалануды үйрету, кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру.

Тілдік мақсаты: Сабақ барысындағы primary winding, secondary winding, radiator, тhermosyphon filter, tank, input, voltage measuring transformers, сurrent-measuring transformers сөздерін  қолданысқа енгізу арқылы студенттердің сөздік қорын молайту.

Білімділігі:

Ток және кернеу трансформаторларының құрылысы, жұмыс істеу принципі және жұмыс тәртібімен таныстыру.

Дамытушылығы:

Студенттердің кәсіби дағдысын қалыптастыруға, бірлесіп жұмыс орындауға тәрбиелеу, өз бетімен ізденіске, ұсынған материалды талдауға икемдеу, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі:

Студенттердің техникалық ойлау, есте сақтау зейінін, қызығушылығын дамыту және тәжірибемен ұштастыру, құрылғының түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:Теория (жаңа материалды үйрену)

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:CLIL,BOPPPS, сыни тұрғыдан ойлау, миға шабуыл.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, TKR  интерактивті модулі, бейне материалдар, көрнекі құралдар, слайдтар,жұмыс дәптерлері, рефлексия

Пәнаралық байланыс:

«Физика», Электр жабдықтарын монтаждау, Өндірістік оқыту

 

Әдебиеттер:

1. Малиновский В. Н. Электрлік өлшемдер. М. Энерго атом баспа, 1988ж.;

2. Малиновский В. Н., Цепляев К. Н Электрлік өлшемдер (Зертханалық жұмыстармен). М. Энергоатомбаспа, 1981ж.;

3.Ж.Жәнібеков, Б.Дурманов  Электрмонтер. Фолиант баспасы,2010ж

 

Сабақтың барысы/ Ход занятия/Procedure of the lesson

 

І. Ұйымдастыру бөлімі/Организационный момент

Топты 3 топқа бөлу, студенттермен амандасу, түгендеу, сабаққа бейімдеу, қолайлы атмосфераны құру.

Оқытушы: Good morning, dear students! I’m glad to see you! Sit down, please.

Оқытушы: How are you?

Студент: We are fine, thank you. And you?

Оқытушы:I’m OK. Thank you.

Оқытушы: Who is on duty today?

Студент: I am

Оқытушы: Who is absent today?

Студент: ___is absent. (___ and __ are absent.)

Оқытушы: So, students, let’s start our lesson and Are you ready for the lesson?

Студент: Yes, we are. We are ready for the lesson.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау /Опрос домашнего задания/Homework revue
«
Ұяшықтарды ашу»
Тақтаға 9 ұяшыққа өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беріледі, әрбір топ 3 сұрақ таңдау арқылы  әр студент немесе топ болып жауап береді . Қызығушылығын артыру мақсатында сыйлықтар таратылады.
 

 

Трансформатор дегеніміз не?

What is a transformer?
Ең алғаш трансформаторды кім ойлап тапқан?

Who invented the first transformer?
Трансформатордың қандай түрлері бар?

What types of transformers are there?
Трансформaторда қолданылатын реленің түрі?

What type of relay is used in the transformer?



What is it?

Құрылғының қызметі қандай?

What is the function of the device?

Қандай қызмет атқарады?

What is its function?

ΙΙΙ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Explaining the new topic:
Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында  студенттерге ағылшын тіліндегі алфавит  және  цифрлар жазылған кағаз таратылады. Студенттер алфавиттің реттік саны арқылы сабақтың тақырыбын ағылшын тілінде табады және қазақ және орыс тіліне аударады

 

 

13
5
1
19
21
18
13
5
14
20
20
18
1
14
19
6
15
18
13
5
18
19
Тақырыбын тапқан соң тақтаға бір студент жазады.

Сабақтың тақырыбы: «Өлшеу трансформаторлары»

Тема урока: «Измерительные трансформаторы»

Theme of the lesson:« Measurement transformers»

Сабақтың мақсаты: Цели урока:

Студенттердің алған білімін әрі қарай дамыта отырып, электр қондырғыларын дұрыс пайдалануды үйрету, кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру.

Сабақтың жоспары:

  1. Трансформатор тақырыбына жалпы түсінік

An overview of the topic of transformers.

2. Ток өлшеуіш трансформаторы. Current meter transformer.

3. Кернеу өлшеуіш трансформаторы. Voltage measuring transformer.

Сабақты түсіндіру мақсатында интерактивті модуль арқылы бейне материал көрсетіледі.  Джигсо әдісі арқылы әрбір топқа қосымша материал жазылған қағаздар таратылады.  Студенттер оқып шығып, түсінігін басқа топқа айтады, қалғандары тыңдап отырады.

1ТОП Аударма жұмысы.

Трансформатор дегеніміз – айнымалы токты  жиілігін өзгертпей бірінші реттік кернеуді екінші реттік кернеуге түрлендіретін электростатикалық құрылғы. Трансформатордың жұмыс жасауы электромагниттік кұбылысына негізделген.

Қарапайым күштік трансформатор магнит өткізгіштің стерженінде орналасқан екі орамадан және ферромагнитті материалдан орындалған магнит өткізгіштен тұрады

 Біріншілік деп аталатын ораманың бірі U1 кернеуінде айнымалы ток Г көзіне қосылған. Екіншілік деп аталатын басқа орамаға Zн тұтынушы қосылған. Трансформатордың біріншілік және екіншілік орамаларына бір-бірімен электрлік байланысы болмайды және бір орамадан басқа қуат электромагнитті жолмен беріледі. Осы орамада орналасқан магнит өткізгіш орамалар арасында индуктивті байланысты күшейту үшін қызмет етеді.

Трансформаторлар электр энергиясын аса қашыққа жеткізуге және сол энергияны тұтынушылардың арасына бөлшектеп таратуда ең көп қолданылатын құрылғы.

Электр энергиясы көзінің желісіне жалғанған орам бірінші реттік деп аталады да, энергияны тұтынушыға жеткізетін орам екінші реттік деп аталады. Әдетте бірінші реттік орам мен екінші реттік орамдағы кернеу бірдей болмайды.

Егер бірінші реттік кернеу екінші реттік кернеуден аз болса, онда трансформатор жоғарлатқыш деп, ал егер алғашқы кернеу екінші кернеуден көп болса, трансформатор төмендеткіш деп аталады. Қалаған трансформаторды жоғарлатқыш етіп те, төмендеткіш етіп те пайдалануға болады. Кернеуді ұлғайту үшін жоғарлатқыш трансформаторлар, кернеуді азайту үшін төмендеткіш тансформаторлар қолданылады.

2ТОП. Аударма жұмысы.

Ток өлшеуіштік трансформатордың кірмелік орамасы желілік сымға тізбектей  жалғанады, яғни тогын өлшейтін деп отырған сымның тогы кірмелік орамамен жүруі керек. Сондықтан ток өлшеуіштік трансформатордың кірмелік орамасы жуан сымнан жасалады да орам саны өте аз болады.Ал, шықпалық ораманың орам саны тогы  1А  немесе 5 А болатындай етіп жасалады. Оған амперметр және вольтметр мен санауыштың токтық орамалары жалғанады. Амперметрдің және ваттметр мен санауыштың токтық орамаларының кедергілері өте аз болатындықтан шықпалық орама қысқа тұйықталу қалпында істейді деп айтуға болады.

 

Ток трансформаторының схемасы

Трансформация коэффициенті

 

Мұндағы I2 – шықпалық ораманың тогы (әдетте барлық токтық трансформаторларда ол  5-ке тең).

Токтық трансформаторлардың құжатында олардың түрі, мысалы, ТПЛ -10 (мұндағы цифр кірмелік орама жалғанатын тізбектің кернеуін көрсетеді), кірмелік ораманың номиналды тогы, дәлдік класы, осы дәлдік класындағы шықпалық орама тізбегінің кедергісі және массасы көрсетіледі.

Әдетте кернеу өлшеуіштік трансформатор үш фазалы болса, ток өлшеуіштік трансформатрлар бір фазалы болады. Сондықтан үш фазалы тізбектің тогын өлшеу үшін үш токтық трансформатор қойылады.

Токтық трансформатордың шықпалық орамасының орам саны көп болатындықтан бос жүріс кезінде онда үлкен ЭҚК пайда болады. Сондықтан өлшеуіш аспаптарды ағытқан және олар ағытулы тұрған кезде сақтық үшін шықпалық ораманы қысқа тұйықтап қою керек және ол әрқашанда жерлестірілген болуы керек.

3ТОП. Аударма жұмыстар

Кернеу өлшеуіштік трансформаторлар бір фазалы немесе үш фазалы болады. Төмен кернеулі өлшеуіштік трансформаторлар ауамен тікелей қатысып салқындайды, ал жоғары кернеулі өлшеуіштік трансформаторлар май құйған құтыға салынып, май арқылы салқындатылады. Кернеу өлшеуіштік трансформатордың кірмелік орамасы желінің кернеуіне жалғанады да, ал шықпалық орамасына төмен кернеулі вольтметр немесе ваттметр мен электр энергиясын санауыштың кернеулік орамалары жалғанады. Сондықтан кірмелік ораманың орам саны көп болады да, ал шықпалық ораманың орам саны кернеуі әдетте 100 В болатындай етіп алынады

Кернеу трансформатордың сызбасы

Кернеу өлшеуіштік трансформатордың трансформация коэффициенті

 

Электр желілерінің кернеулеріне сәйкесті 0,38 кВ/100 В, 6/100, 10/100 мәндерге ие болады. Әдетте өлшеуіштік трансформаторларда кірмелік ораманың кернеуі киловольтпен, ал шықпалық ораманың кернеуі вольтпен көрсетіледі.

Кернеу өлшеуіштік трансформаторлардың құжатында кірмелік және шықпалық орамаларының кернеулерінен басқа оның өзекшесі бойынша дәлдік класы және қуаты көрсетіледі.

 

Жаңа терминдерді модуль арқылы қарап, оқытушымен бірге  қайталайды.

 

Қазақ тілінде
Орыс тілінде
Ағылшын тілінде
Бірінші орама
Первичная обмотка
primary winding
Екінші орама
Вторичная обмотка
secondary winding
Ра

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.04.2022
591
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12