Материалдар / Ашық сабақ тақырыбы: Ардақты ат 4"А" сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ тақырыбы: Ардақты ат 4"А" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
стаздармен тәжірбие алмасуға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
462
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: Аралбаева А.Е.

Күні: 22.12.2020ж.

Мұғалімі: Аралбаева А.Е.

Сыныбы: 4 «А»

Оқушылардың саны: 15

Тақырыбы: Ардақты ат 16

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Адалдық, ақкөңілділік, татулық

Мақсаты: Оқушыларға адамның жақсы және жаман қасиеттері туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға татулықпен жұмыс жасаудың мәнін ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылар бойындағы ақкөңілділік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адал болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Т – ережесі:

Тәртіп.

Талап.

Тыныштық.

Тазалық.

Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

“ Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

2. Үй тапсырмасы.

1. №15 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №16, «Қайырымдылық» ертегісін оқып келу.

Сұрақтар:

Есіркеген Көкжал итімен бірге не себепті сапарға шықты?

Сапар кезінде Есіркеген қандай қайырымдылықтар жасады?

Есіркегенді қандай адам деуге болады? Неліктен?

Жан-жануарлар ризашылықтарын қалайша білдірді?

«Жақсы адам ісімен жақсы» деп айтудың мәні неде?

Өзің айналаңа қайырымдылық жасап жүрсің бе? Айтып бер.


3. Сабақтың дәйексөзі.

Адал адамның аты арып,
Тоны тозбас.

Нақыл сөз.

Сұрақтар:

Адал адам дегенді қалай ойлайсыз?

Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

«Екі дос және қария» аңыз әңгімесі.

Бір ауылда Арман және Сауран деген екі дос тұрыпты.

Бір күні олар бірге отырып, ұлы ерліктер жасау туралы армандайды, соның арқасында олардың есімдері ғасырлар бойы жоғалмайды деп отырғанда, сырқат кәрі көрші әйел оларға су әкеліп беруін өтінеді.

Арман маңызды іспен айналысып отырғандықтан, ұсақ-түйекпен айналысуға уақытым жоқ дейді. Ал Сауран болса үнсіз орнынан тұрады да, су әкеліп береді. Осы әңгімеден соң көмек беру үшін күнде кедей әйелдің үйіне баратын болыпты.

Тағы бірде достар төбе басында отырса, оларға қария келеді де, тамақ сұрайды.

- Бөгет жасама, - дейді оған Арман, - сен бар болғаны қария ғанасың, ал мен болсам жарық дүниедегі адамдардың бәрін қалай тамақтандыруды ойлап отырмын.

Ал оның досы болса орнынан тұрып, киіз үйден нан әкеліп, оны қарияға берді. Қария Сауранға алғысын айтады да, былай дейді:

- Қалтасы тесік жан ғана кедей емес. Кімнің жан дүниесі бос болса, сол кедей. Өзі туралы осылай ойлаған адам ұлы емес, айналасындағыларға қөп жақсылық жасаған адам ғана ұлы адам бола алады.

Сірә, Арман сияқты жігіт қайдағы бір қарияның сөзін тыңдаушы ма еді? Ол күні бойы қайткенде жақсы және ұлы адам болатыны, қайырымдылығы мен қамқорлығына қалай алғыс айтатыны жайында айтумен болды.

Ал Сауранның бос сөйлеп уақыт кетіруге мұршасы болмады. Ол қарттар мен ауруларға көмектесті, өтіп өтіп жатты. Достардың біреуі мылжың. Ал Сауран өзінің жастығына қарамастан, қарттармен ақылдасып отыратын ең сыйлы адамның бірі болды. Қайырымды да, ақылды , даңқы алысқа тарады. Адамдар тіпті оның атына орай бір тауды соның атымен атаған дейді.

Сұрақтар:

1. Не үшін адамдар Арман туралы ұмытып кетті?

2.Сауранның қай істері үшін ел оны құрметтейтін болды?

3. Екі дос туралы пікіріңіз?

4. Әңгімеден не түсіндіңіз?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

4 – тапсырма.

Адамгершілік қасиеттердің мәнін ұғып алыңдар. Өздерің қалаған адамгершілік қасиеттің біріне сипаттама жазыңдар.


6.Топпен ән айту.

Әрқашан дайынбыз

Өлеңін жазған Серікбай Оспанұлы

Әнін жазған Әшірхан Телғозиев

Сенеміз еңбектің күшіне,

Қайда да алда боп дәйім біз.

Үлкенге, құрбыға, кішіге,

Көмекке әрқашан дайынбыз!

Гүл егіп, дән сеуіп қойнауға,

Тек жақсы оқимыз дәйім біз,

Туған жер өзіңді қолдауға,

Қорғауға әрқашан дайынбыз!

Құрыштай ініміз, ағамыз,

Нұрлы Отан, күніңбіз, айыңбыз.

Аяулы, ардақты анамыз,

Ісіңе әрқашан дайынбыз!


7. Үй тапсырмасы.

1. №16 – сабақ. 6– тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №17, «Асыранды қаздар» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!