Материалдар / Ашық сабақ тақырыбы: Азот және оның қосылыстары

Ашық сабақ тақырыбы: Азот және оның қосылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
988
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:Азот және оның қосылыстары, аммиак, аммоний тұздары
Оқып үйренудің негізгі мақсаттары: Азот және оның қосылыстарымен таныстырып, аммиак, аммоний тұздарын білу, үйрену.
Оқып үйренудің нәтижелері:
  • Азот және оның қосылыстарын біледі;
  • Аммиакты, аммоний тұздарын біліп, тани алады;
  • Сұрақ-жауап арқылы тақырыптың мәнін баяндайды;
  • Өз ойларын еркін білдіреді.
  • Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:Кәмпиттер көмегімен топқа бөлу, сұрақ – жауап, слайд көрсету, миға шабуыл, топтық жұмыс, жұптық жұмыс
    1.Сабақ барысы:

    2.Мұғалімнің іс-әрекеті3.Оқушының іс-әрекеті4.Уақыт 5.Дерек көздері
    1.Ұйымдастыру кезеңі.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.



    Бір – бірлеріне жақсы тілектерін айтады


    1мин


    Оқулық.Периодтық кесте.



    2.Сабаққа эпиграф сөз.Химия – қиын білім оқымасаң,Қызығып,ойға ештеңе тоқымасаң.Жас өрен, тұнып тұрған химия ғойІшкен ас, киген киім бақыласаң...



    3.Топқа бөлуТүрлі-түсті картон қағаздан жасалған торттың ішіндегі кәмпиттердің көмегімен топқа бөлу.



    Оқушылар торттың ішіндегі әр түрлі кәмпиттерді таңдау арқылы топтасады. Азот тобы: ақ кәмпиттер. аммиак тобы: көк кәмпиттер.


    1мин


    Әр түрлі кәмпиттер
    4.Бағалау критериясының параметрін айту:
  • Азоттың периодтық жүйеде орналасуын білу.
  • Электрондық конфигурациясын жазу.
  • Азот қосылыстарын білу.




  • Оқушылар берілген параметрлерге назар аударады.













    Бағалау парақшасы
  • Топтық ережесімен танысу.
  • 5.Сабақ құрылымы

    Топтық ережені орындау. (Алтын ереже)



    6.Өткен сабақты пысықтау.

    7.Миға шабуыл: «Сұрақ сенен жауап менен» әдісі.Сұрақ-жауап.








    Оқушыларға тапсырмасымен конверт таратылады. Ішінде есептері мен сұрақтары болады.








    7мин








    Сұрақтар жинақтамасы



    8.Жаңа тақырыптың мағынасын ашу.

    Интербелсенді тақтадан слайд көрсету(азот және оның қосылыстары, аммиак, аммоний тұздары).






    Интербелсенді тақтадан слайд көреді, талқылайды.






    2мин






    Интербелсенді тақта.
    «Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы:1.Азот 2.Аммиак



    Топпен жұмыс істеу барысында азот, аммиак және аммоний тұздары мағынасын ашады. Яғни оның периодтық жүйеде орналасуын, азоттың қосылыстарын, аммоний тұздарын біліп, қасиеттерін білу тиіс.Әр топ мүшелері алғашқыда өз бетінше, сосын жұптасып, кейіннен топтасып бірлесе отыра берілген материалды игереді, қорғайды. Азот тобына азот жайлы жалпы мәлімет беруін, ал аммиак тобына амиак жайлы мәлімет беруін айттым. Олар оны үш тілде атын атады.


    15мин


    Плакаттар. Маркерлер.
    Сергіту сәті:Тұздарды бояу.Әр топқа бір қорап тұз, түрлі түсті бор және цилиндр беріледі. Олар осы тұзды түрлі-түске бояп, цилиндрге құяды.3минЦилиндр, түрлі-түсті бор, ақ қағаз.
    Алған білімдерін қолдану. «Есеп шығару»

    Әр топқа қағазға жазылған тапсырма беріледі. Олар нитрат және аммоний иондарын анықтауға арналған сапалық реакцияларға сәйкес реакция теңдеулерін тақтаға жазады.1)азот тобы:нитрат ионына сапалық реакция.2)аммиак тобы:аммоний ионына сапалық реакция15минҮлестірме қағаздар
    Кері байланыс Сабақта қандай сұрақтар қамтылды және не үйрендік?

    Оқушылар не үйренгенін,нені үйренгісі келетінін стикерлерге жазады. Оларды тақтада ілініп тұрған ағашқа іледі.


    2мин


    Стикерлер. Ағаш суреті салынған плакат.
    Бағалау.Бағалау дескрипторы бойынша бағалау.

    Бағалау критерилері арқылы бір-бірін бағалайды. Бағалау шәкілі бойынша ұпай сандарын көрсетеді.


    1 мин
    4-11 ұпай «3»12-19 ұпай «4»20-25 ұпай «5»
    Түсініктеме: Осы «Азот және оның қосылыстары, аммиак, аммоний тұздары» тақырыбы бойынша өтілген сабақ бойынша мен оқушыларға бірқатар білім көздерін бердім. Мұнда мен кәмпиттер көмегімен топқа бөлу әдісін, сұрақ – жауапты, слайд көрсетуді, миға шабуылды, топтық жұмысты, жұптық жұмысты қолдандым. Ұйымдастыруды әдеттегідей, ынтамақтастық атмосферасын құрудан бастадым. Балалар бір-біріне жылы-жылы лебіздерін айтты. Оқушылар түрлі-түсті картон ішіндегі сан түрлі кәмпиттерді таңдау арқылы топқа бөлінді: азот және аммиак тобы. Үйге берілген тапсырманы сұрау барысында миға шабуыл әдісін қолданып, конверттегі тапсырмаларды екі топқа бөліп таратып бердім. Онда оқушылар ауызша сұрақтарға жауап беріп, ал жазбаша сан есептерді тақтаға шығарып жазды. Одан ары мен жаңа тақырып төңірегінде оқушыларға интербелсенді тақтадан «Азот және оның қосылыстары, аммиак, аммоний тұздары» тақырыбын түсіндіру аясында слайд көрсеттім. «Ойлан-жұптас, бөліс» стратегиясында оқушылар берілген тапсырма бойынша азот тобы азотқа байланысты жалпы мәліметтерді жазса, ал аммиак тобы сол аммиакқа байланысты жалпы мәліметтерді плакаттарға орындап, постер ретінде қорғап шықты. Олар мұнда Ал сергіту сәті ретінде олар тұзды бояу тәсілін қолданды. Яғни бұл химия сабағының физика сабағымен де байланысы бар екенін көрсетті. Алған білімдерін қолдану аясында оқушылар берілген тапсырма бойынша азот мен аммоний ионына сапалық реакция теңдеулерін тақтаға жазып шықты. Кері байланыс кезінде оқушылар өздерінің сабақта не үйренгенін, нені тағы үйренгісі келетін, сабақтың ұнаған жерлерін стикерге жазып білім ағашына ілді. Ал сабақтың соңында оқушылар бағалау парағы бойынша өздерін бағалап, мен ол бағаларға келісетінімді журналға қойып, келіспейтінімді ауызша айтып, тиесілі бағаларын қойыа шықтым. Оқушылар өткен сабаққа көңілдері толды деп ойлаймын. Бұл өткен екінші сабағымда оқушылар бұрыңғыға қарағанда әлдеқайда үйреніп, төселіп қалғанын байқадым. Алайда келесі сабақта бұдан да қызықтырақ өтуге тырысамын.
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ