Материалдар / Ашық сабақ Тақырыбы: «Бауырсақ» орыс халық ертегісі. Кіші «Құлыншақ» тобы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Тақырыбы: «Бауырсақ» орыс халық ертегісі. Кіші «Құлыншақ» тобы.

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу тілін дамытуға үйрету. 2.Ермексазды үзіп алу және жағу әдістерін пайдалануды қалыптастыру. 3.Ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2021
413
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылы

«Балдырған» бөбекажай балабақшасының тәрбиешісі:

Жылысбаева Лайла Кошкинбаевна

Кіші «Құлыншақ» тобы

Күні: 24.11.2017ж

Тобы: Кіші «Құлыншақ» тобы.

Өтпелі тақырып: «Менің отбасым».

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық».

Бөлімі: Көркем әдебиет, мүсіндеу.

Тақырыбы: «Бауырсақ» орыс халық ертегісі.

Мақсаты: 1.Балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу тілін дамытуға үйрету.

2.Ермексазды үзіп алу және жағу әдістерін пайдалануды қалыптастыру.

3.Ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.

Биллилингвальды компонент: Бауырсақ-колобок, ата-дедушка, әже-бабушка.

Сөздік жұмыс: Бауырсақ, домалақ.

Сәлемдесу.

-Сәлеметсіздерме? Здравствуйте.

-Амандасады

Шаттық шеңбері

Достығымыз берік боп,

Бекітейік қолменен.

Қуанышты шеңберге,

Тұрған жақсы доспенен.

-Балалар шаттық шеңберін іс-қимылмен орындайды.

Кіріспе әңгіме

-Балалар, бүгін бізге қай ертегінің бас кейіпкерлері қонаққа келді, төмен қараңдаршы. (үстел үстіне бауырсақты домалату)

-Бұл ертегіні бәрімізде білеміз, есімізге түсіріп көрейікші.

-Қане балалар онда менің артымнан қайталап көрейікші.

-Бауырсақ ертегісі

Билилингвальды компонент:

-Бауырсақ-колобок. Ата-дедушка, әже-бабушка.

Балалар тәрбиешімен қайталайды.

Сөздік жұмыс:

-Бауырсақ, домалақ.

-Балалар қайталайды.

Тәрбиеші:

-Енді балалар ертегіні есімізге түсіріп көрейікші. Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Шалы кемпіріне бауырсақ пісіруін сұрайды. Кемпір бауырсақ пісіріп, суысын деп терезенің алдына қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезеден секіріп домалай жөнеледі. Жолда қоянға, қасқырға, аюға кездеседі, түлкі бауырсақты жеп қояды. Міне балалар бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды.

-Түлкі қандай? -Жаман, қу.

-Бауырсақты жеп қойғаны аянышты ма? -Ия.

-Ал енді бүгін «Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды, керісінше жақсылыққа кенеледі. Олай болса «Бауырсақ» ертегісін тамашалайық.

Тәрбиеші:

-Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. -Балалар мұхият тыңдайды.

Шал: Кемпір –ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.

Кемпір: Неден пісірейін, ұн жоққой?

Шал: Әй кемпір қойманың түбін қырнап көрсең бауырсаққа ұн табылып қалар.

Тәрбиеші: Кемпір солай істейді, қойма түбін қырнап-қырнап екі уыс ұн табады, оған қаймақ қосып қамыр илеп бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытып қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түседі де, одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса алдынан қоян шығады:

Қоян:

-Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ:

-Жоқ, сен мені жемеші мен саған өлең айтып беремін.

-Мен бауырсақ, бауырсақ,

Атамнанда қаштым.

Әжемненде қаштым,

Ал сене қашу ,

Қиын емес маған.

Тәрбиеші:

-Осылай бауырсақ домалай жөнеледі. Бауырсақ домалап келе жатса алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр:

- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ:

-Жоқ, сен мені жемеші мен саған өлең айтып беремін.

-Мен бауырсақ, бауырсақ,

Атамнанда қаштым.

Әжемненде қаштым,

Қояннан да қаштым,

Қасқыр сенен де оңай құтыламын- деп домалай жөнеледі.

Тәрбиеші: Бауырсақ домалап келе жатса алдынан аю шығады.

Аю:Әй бауырсақ! Мен сені жеп қоямын.



Бауырсақ:

-Жоқ, сен мені жемеші мен саған өлең айтып беремін.

-Мен бауырсақ, бауырсақ,

Мен атамнан да қаштым.

Мен әжемнен де қаштым,

Қояннан да қаштым,

Қасқырдан да қаштым,

Аю сенен де қашамын-деп домалай жөнеледі.

Тәрбиеші:

-Бауырсақ домалап келе жатып түлкіге жолығады.

Түлкі:

-Амансыңба, бауырсақ?

Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы.

Тәрбиеші:

-Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса қыбырын білдірмей жақындай береді.

Түлкі:

-Оңай құтыла алмайсың, менің тапсырмаларымды орында, жұмбақтарымды шешіп көріңдер сол кезде сені жемеймін.

1.Тапсырма.

Қимылды ойын: «Аңдардың қимылын жаса».

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін ажыратып тануға үйрету. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Түлкі: Жарайды бауырсақ мен сені жемеймін, сенің достарың көп екен сау болыңдар балалар! -Сау бол!

Тәрбиеші:

-Балалар түлкінің тапсырмасын орындадық. Енді балалар біздің бауырсағымыз орманда адасып қалыпты оны ата мен әжеге қайтарайық. Ол үшін біз оларға бауырсақ жасап берейікші.

-Ал қане балалар бауырсағымызды жасап болсақ саусақтарымызды сергітіп алайық.

Сергіту жаттығуы

Бас бармағым – атам,

Балан үйрек – әжем.

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кәшкентай бөбек – мен!

-Балалар әр сөзді қайталап, оны қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

-Балалар сендердің алдарыңда қағазға салынған жол бар, сол жолда бауырсақ бейнеленген. Сол бауырсақты ермексазды қолдана отырып, ермексазды үзіп алу және қағазға жағу арқылы бауырсақты бейнелейміз. Ал енді балалар жеңімізді түрейік.

-Ермексазды ауызға салуға болама? -Жоқ болмайды.

-Ал енді балалар ата мен әжеге жасаған бауырсағымызды көрсетіп сыйлайық. Ата мен әже балаларға риза болып рахмет айтып сыйлығын береді.

-Балаларға рахмет айтып ата мен әже қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра біледі.

Игереді: Аңдарды ажыратуды үйренеді.

Қолданады: ермексазды жағу әдісі арқылы қолдана алады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!