400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Тақырыбы: "Геоэкологиядағы антропогендік факторлар"

Материал туралы қысқаша түсінік
география пәнінен ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

«Жамбыл политехникалық жоғары колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны







Бекітемін

Оқу ісі жөніндегі

директордың орынбасары

___________Б.С.Доспакова

«____»________2021 жыл









География пәнінен

«Геоэкологиядағы антропогендік факторлар»

тақырыбында

ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі



























Тараз – 2021





Пәні: География

Күні: 16.02.2021 жыл

Тобы: 1ЗУ 20-1

Сабақтың тақырыбы: Геоэкологиядағы антропогендік факторлар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:


10.3.2.4 табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды графикалық түрде жіктеу және ұсыну

10.3.2.5 табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды азайту жолдарын ұсыну


Сабақтың мақсаты:


- Антропогендік факторлардың табиғатқа тигізетін әсерін зерттеу



Табиғатқа антропогендік факторлардың ықпалы

  • Құрлықтағы ормандардың жойылуы

  • Топырақтың қарқынды эрозиясымен антропогендік бұзылуы

  • Антропогендік шөлейттену

  • Табиғи ортаның антропогендік ластануы

  • Жылыжай эффектісінің пайда болуы

  • Қоршаған ортада табиғи айналымдардың бұзылуы

  • Табиғи ортаның өзін-өзі қалпына келтіру қабілетінің төмендеуі


Орман ресурстарының жойылуы:

Орман ресурстары биологиялық ресурстардың маңызды түрі болып табылады. Ормандар мен бұталар 4 млрд.га жерді алып жатыр, яғни құрлықтың 26,8%-ын ормандар алып жатыр. Ағаш сүрегінің қоры 330млрд.м³. Бұл сан ұдайы өзгеріп тұрады. Бүгінгі таңда орманды кесу қарқыны оны қалпына келтіру қарқынынан асып түсуде.

Топырақтың антропогендік бұзылуы және шөлейттену:

Жер ресурстарын пайдаланудағы басты мәселе – топырақтың антропогендік бұзылуы. Ол топырақ құндылығының төмендеуі, топырақтың ластануы, су басу, қайтара тұздану мен батпақтану, жайылымдар өнімділігінің төмендеуі әсерінен болады.

Антропогендік шөлейттену көлемі қазіргі кезде 10 км² аумақты қамтыған, бұл әлемдік жер қорының 8%-ға жуығын құрайды.

Ғалымдардың есептеулері бойынша Жер шарында жылына 70 мың км² құнарлы жер жарамсыз болып табылады. Шөлейттену үдерісі жұтаң топырақ өсімдік жамылғысының маусымдық кезеңдердегі жиі қайталанатын құрғақшылықтар әсерінен болады.


Жаңа тақырыпты пысықтау мақсатында топтық және жеке тапсырмалар орындаймыз.

№1 тапсырма. Топтық жұмыс.

Антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне тигізетін әсерін зерттеу (жергілікті компонент негізінде).

Студент санына байланысты 3 немесе 4 топқа бірігеді. Топ басшысын сайлайды.Студенттерге жеребе бойынша әр топқа 1 мәтін материалдары ұсынылады:

Антропогендік әсер:

атмосфераға;

гидросфераға;

литосфераға;

биосфераға.

Дескриптор:

атмосфераға;

гидросфераға;

литосфераға;

биосфераға әсер ететін антропогендік факторларды анықтайды.

ҚБ: Басбармақ әдісі

2 тапсырма. Топтық жұмыс. «Фишбоун әдісі»
Тапсырма: Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды азайту жолдарын ұсыныңыз.




Дескриптор:

  • Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды анықтайды;

  • Себептерін түсіндіріп талдайды;

  • Олардың алдын-алу жолдарын ұсынады;

  • Қорытынды тұжырым айтады.

ҚБ: формативті бағалау


Бағалау критерииі
-Мәтіндерді талдау арқылы табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды жіктейді;

- Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды азайту жолдарын ұсынады.

Қорытынды:

Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксид|оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.

Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы»
Студенттерге «жетістік баспалдағы» деп аталатын парақша таратылады. Әр студент бүгінгі сабақта жеткен жетістігінің тұсына + белгісін қойып шығады.


Үйге тапсырма :

1.К.Каймулдинова.География.10 сынып.
§15 Геоэкологиядағы антропогендік факторлар. 53-56 бет.

2. Жылыжай эффектісінің климаттың өзгеруіне әсері туралы эссе жазу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
2302
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі