Латын әліпбиі
Мақсаты:
Латын
әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық
пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және
өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің
құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ
тәрбиелеу.
Дерек
көздер: ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017
жылғы 12 сәуір), бейнежазба, ғаламтор
материалдары.
Сабақтың техникалық
құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта, компьютер.
Барысы
І
Кіріспе бөлім. «Ой шақыру»
Тапсырмалар:
-
Аты-жөнін латын тілінде
жазу.
-
Дидактикалық ойын:
«Жоғалған әріптерден сөз
құрастыру»
-
Топтық жұмыс: « Латын
тілінен аударып, суретін салу»
Мемлекет басшысы «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан
бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта
барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы
тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын
әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай
бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап
өтті. Демек, көп кешікпей егемен
еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі
мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені
жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме,
ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін біздің сыныпта да
бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу»
туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып
отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы
қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет
дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер
айтылып жатыр.
ІІ Негізгі
бөлім. Қазақ тілінің әліпбиі тым
тереңнен тамыр тартатыны белгілі болды. Ендеше алғашқы талқылайтын
сұрақтармен таныс болыңыздар. Латын
әліпбиі, әлемде кеңінен
қолданылады[1][2]. Б.з.б. 7
ғасырдада Римде грек және этрус
әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1
ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай
жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап
жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш
20 әріп болды. Орта ғасырда Латын
әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін
оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын
әліпбиінде 25 әріп бар. Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін
біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз
бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен
қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият
дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық
Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы
латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу
туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу
үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға
ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған
әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы»
заң қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14
желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында:
«Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін
көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі
кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан
бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге
кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір
кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың
болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен
бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін
жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай
туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.
Біздің қазіргі кирилл әліпбиіндегі қазақ тіліміз - Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан,
Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ,
ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады.
Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, қырым, құмық,
татар тілдеріне жақын. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады.
жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи
кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929
жылға дейін Қазақстанда араб жазуы
пайдаланылды.
ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы
ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған,
араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-40
жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу
жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін
қолданып келеді. Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде
және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында -
кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес
Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай
мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған
КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия,
Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты
емес латын жазуын пайдаланады. Еліміздің латын әліпбиіне көшу
ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің
тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі –
тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі
айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып
кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын
нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын
әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын
әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII
ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда
болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Латын әліпбиіне көшудің
қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл
әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден
енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын
әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және
қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа
керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле
ережені бірдей қамтиды – деп айтты. Әрине, ұлт үшін маңызды өзекті
мәселелердің оңды шешілуіне қосып отырған кәсіби білікті
мамандардың пікірлері ескеріліп, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін
жасалу жолдарына қатысты өрбісе және басқа жоғарыда аталған
елдердің тәжірибесіне қарап салыстыра отырып жасалса құба-құп болар
еді. Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар
латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де
латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған, бірақ орыс
графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады
деген ойдамыз. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар
атқарылып отыр. Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың
санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен
ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта
оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады
демекпін.
ІІІ Қорытынды бөлім.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйіні»
«Өтес орта
мектебі»
Бекітемін:_____________
«24» желтоқсан 2017
ж
Тәрбие
сағат
Тақырыбы:
«Латын
әліпбиі»
Өткізген: Балуанбай
Қ
2017
жылы