400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Тақырыбы: "Мамандықтың бәрі жақсы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру, өз ойларын нақты айтуға үйрету. Әр маман иелерінің киімдерін, құрал-жабдықтарын ажырата білуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дефектолог мұғалімі: Қырықбай Дамира Мұратқызы

Ашық сабақ

Әлеуметтік дамыту

Ш - топ

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты: 1.Білімділік: Әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру, өз ойларын нақты айтуға үйрету. Әр маман иелерінің киімдерін, құрал-жабдықтарын ажырата білуге үйрету.

2.Түзетушілік: Мамандыққа байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой – өрісін, көру, есту арқылы есте сақтауын, көрнекі-бейнелік ойлауын, зейін, қабылдауын, сөздік қорын және әлеуметтік дамыту .

3. Дамытушылық: Балалардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін, сана-сезімін, өзін-өзі ұстауын дамыту.

4.Тәрбиелік: Балаларды жолдастыққа, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым - қатынас жасауды үйрету, шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және  еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құрал-жабдықтар: лэпбук, сюжеттік суреттер, магнитті тақтайша, сиқырлы дорба.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1.Ұйымдастыру кезеңі:

А) Балалармен сәлемдесу, көңіл-күйлерін сұрау?

Шаттық шеңбері: Біздің күлкіміз көңілді,

Жеткізсін жылу мен шаттықты.

Бөліскен жақсығой өмірде,

Қуаныш, мейірім, бақытты.

- Балалар қазір жылдың кай мезгілі?

- Қыстың қанша айы бар?

- Қыстың үш айы бар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

- Балалар бүгін қыстың соңғы күні. Қыстан кейін қандай мезгіл келеді?

- Көктем мезгілі

- Көктемде ауа - райы қандай болады?

- Күн жылына бастайды, қар ериді, ағаштар бүршік атады, құстар жылы жақтан ұшып келеді....

-Жарайсыңдар, балалар!


2.Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

- Балалар бүгінгі сабағымыз «Мамандық иелері» туралы болмақ.

- Балалар сендер мына күнделікті өздерің тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар, ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар, киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар, бізге білім беретін адамдар бар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмді тамақ пісіретін адамдар бар. Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз.

- Балалар мамандықтың түрлері көп: дәрігер, мұғалім, аспазшы, дүкенші, полиция қызметкері, шаштаразшы т.б.

- Әр мамандық иелерінің өзіндік қызметі болады.

- Балалар, біз ауырғанда дәрі беретін, емдейтін апайлар мен ағайларды дәрігер деп айтамыз. Олар ауруханада жұмыс істейді.

- Мұғалім – бізге білім, тәрбие береді. Мұғалім- сендердің білім алуларың үшін, тәлім тәрбие алуларың үшін еңбектенеді. Барлық мамандық иелері осы мұғалімнің алдынан өткен.

- Аспазшы - дәмді тағам пісіретін маман иесі. Аспазшы асханаларда, дәмханаларда жұмыс жасайды.

- Сатушы – дүкендерде бізге қажетті заттарды, киімдерді, азық-түліктерді сататын мамандық иесі.

- Полиция қызметкері- адамдар мен қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандық иесін айтамыз.


1.Ойын. «Қуыршақты киіндір»


Шарты: Балалардың алдына магнитті тақтайшалар қойылады. Қуыршақты әр мамандық иесіне сай етіп киіндіріп, құрал жабдықтарын тауып қоюы қажет.


2.Ойын. “Сиқырлы дорба”

Шарты: Бұл сиқырлы дорбада мамандық иелерінің құрал-жабдықтары бар. Балалар затты алып, сөмкеден шығармай, оның қай мамандыққа жататынын айтуы керек.

Заттар: тарақ, танометр, шприц, қайшы, қаламсап

Сергіту сәті:


Нейрогимнастикалық жаттығу.

Мидың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.Ұсақ және ірі моториканы дамытады. Ақпаратты тез қабылдап, қорытуға көмектеседі. Зейінді шоғырландырады. Есте сақтау қабілетін арттырады.


III. Сабақты жалғастыру:

3. Тапсырма. « Лэпбукпен жұмыс»

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақтың жауабын алдыраныңда тұрған карточкалар арқылы көрсетіп жауабын айтамыз.

1. Тәп-тәтті тамағы, астардың маманы  (аспаз)

2. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам. (полиция қызметкері)

3. Білім нәрін төгеді.

Балаға тәлім береді. (мұғалім)

4. Суық тиіп ауырамыз,

Оны үйге шақырамыз.

Бізді емдеп жазатын

Ол кім? (дәрігер)

5. Өскен шашты жаратпайтын

Қайшысы бар жалақтайтын. (шаштараз)


«Төртіншісі артық» ойыны

Шарты: Балалардың алдына мамандық иелерінің құрал-жабдықтарының суреттері беріледі. Үшеуі бір-біріне сәйкес келеді, ортақ нәрселері бар , ал төртіншісі мүлдем басқа зат. Артығын тауып коршап қоюы қажет. Себебін түсіндіреді.


4 Ойын: «Кім жылдам ойыны»

Шарты: Үстел үстіне мамандық иелеріне байланысты сюжеттік суреттер қойылып, 2 баланы 2 түрлі мамандық иелеріне бөлемін. Балалалар өз мамандықтарына қажетті суреттерді жинауы қажет. Алған суреттерімен не істейтінін айтып, өскенде сол мамандық иесі болғысы келетінін айтады.


VI. Сабақты қорытындылау:

Сабақтан не түйгендерін сұрау.

  • Балалар қандай мамандықтарды білесіңдер?

  • Қане атап беріңдерші. Қай мамандық, мысалы дәрігер не істейді?

  • Жарайсыңдар, сендерге көп рахмет.

  • Үлкен болып өсіп, ел мақтайтын маман иесі болыңдар.

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау. Сабақты қорытып, балалармен қоштасу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.05.2022
598
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі