Ашық сабақ. Тақырыбы: "Негізгі пішіндер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Тақырыбы: "Негізгі пішіндер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Негізгі геометриялық пішіндермен (домалақ, үшбұрыш, шаршы) таныстыру. Пішіндерді тануға, көрсетуге, атауға үйрету, салыстырып және ажырата білуге, пішіндерге ұқсас заттарды көріп, топтастырып білуге үйрету. Бұрыштарды санай отырып, пішіндердің түрлерін анықтауға үйрету. Пішіндерге ұқсас бейнелермен сәйкестендіруге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы


Дефектолог мұғалімі : Нұрсеит Мәншүк Тәкенқызы


Сабақ: Қарапайым математикалық ұғымдар

Сабақ түрі: Жаңа сабақ. Жеке жұмыс

Тобы: I «Б»

Сабақтың тақырыбы: «Негізгі пішіндер» (домалақ, үшбұрыш, шаршы)

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Негізгі геометриялық пішіндермен (домалақ, үшбұрыш, шаршы) таныстыру. Пішіндерді тануға, көрсетуге, атауға үйрету, салыстырып және ажырата білуге, пішіндерге ұқсас заттарды көріп, топтастырып білуге үйрету. Бұрыштарды санай отырып, пішіндердің түрлерін анықтауға үйрету. Пішіндерге ұқсас бейнелермен сәйкестендіруге үйрету.

2.Түзетушілік: Балалардың заттық-әрекеттік ойлауын, қиялын, зейін тұрақтылығын, шоғырлануын, көру, есту арқылы есте сақтауын, қабылдауын, салыстыру, жалпылауға, сөздік қорын және қолдың ұсақ моторикасын, қарапайым математикалық ұғымдарын дамыту.

3.Дамытушылық: Балалардың сабаққа, заттарды салыстыра білуге деген қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін, сана-сезімін, өзін-өзі ұстауын дамыту.

4.Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті, нейрогимнастика, ойындар, мадақтау, қорытындылау.

Көрнекі құралдар: пішінді макеттер, қорапшалар, суреттер, пішінді поезд, материалдар.



САБАҚ БАРЫСЫ

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, көңіл-күйін сұрау.

Шаттық шеңбері: Сәлемдесейік иіліп,

Жылы жүзбен жымиып.

Қызығы мол сабақта,

Ойнайық та күлейік.

Ал енді осындай көтеріңкі көңіл-күймен сабағымызды бастайық.

- Жандос қазір біз сабағымызды бастамас бұрын, бүгінгі сабағымыз туралы видеороликты тамашалап алайық.

Негізгі бөлім:

- Жандос, біз бүгін «Негізгі пішіндермен» домалақ, үшбұрыш, шаршы пішіндерімен танысатын боламыз.

- Мынау пішін «домалақ» деп аталады.

- Қалай аталады екен? Қане бірге қайталайықшы?

- Домалақ пішінінің бұрыштары болмайды. Домалақ пішін допқа ұқсайды екен, себебі доп секілді домалай алады.

- Ал мынау пішін «үшбұрыш» деп аталады.

- Қалай аталады екен? Қане бірге қайталайықшы?

- Үшбұрыштың үш бұрышы, үш қабырғасы болады. Қане санап көрейік: бір, екі, үш. Үшбұрыш домалай алмайды, өйткені бұрыштар бөгет жасайды. Үшбұрыш пішіні пирамидаға ұқсайды.

- Ал мынау пішін «шаршы» деп аталады.

- Қалай аталады екен? Қане бірге қайталайықшы?

- Шаршының төрт бұрышы, төрт қабырғасы болады. Қане санап көрейік: бір, екі, үш, төрт. Ал шаршы пішінге текше ұқсайды екен.

- Саған барлығы түсінікті болса, қане ойынымызды бастайық.

1. Ойын. «Пішінді вагондар» 

Шарты: Бала поезд жолында кездескен пішінді кедергілерді вагондағы өз орнына тізу керек.

Сергіту сәті: Нейрогимнастикалық жаттығу.

Мидың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.Ұсақ және ірі моториканы дамытады. Ақпаратты тез қабылдап, қорытуға көмектеседі. Зейінді шоғырландырады. Есте сақтау қабілетін арттырады.

Сабақты жалғастыру:

- Жандос, қарашы мұнда қызықты ойын тұр екен. Қане, осы ойынды ойнап көрейік.

2. Ойын. «Пішінге ұқсас суретті тап»

Шарты: Балаға үш түрлі «домалақ, үшбұрыш, шаршы» пішінді қорапша беріледі. Суреттерде әр түрлі пішіндерге ұқсас бейнелер көрсетілген (доп, алма, күн, пирамида, үйдің шатыры, балмұздақ, текше, терезе, теледидар). Әр бейне қай пішінге ұқсас келсе, сол пішінді қорапшаға салу керек.

3. Ойын: «Қимылды ойын»

Шарты: Бала үлгіге қарап аталған пішінге жүру арқылы сол пішінді ажыратып, таба білу қажет.



Сабақты қортындылау.

- Жандос біз бүгінгі сабақта негізгі пішіндермен таныстық. Енді сол пішіндерді ажырата аламыз ба?

- Түрлі қызықты ойындар ойнадық. Саған бүгінгі сабақ ұнадыма?

- Баланы мақтап-мадақтап, бағалау.







































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2022
772
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі