Материалдар / Ашық сабақ тақырыбы: Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ тақырыбы: Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа үлгіде жазылған ашық сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2024
44
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы. Оқу-ағарту министрлігі

Н.Исмайлов атындағы №45 жалпы білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Бөлім:

9.4B Өсу және даму

Педагогтің аты-жөні:

Бердишева Ұ.

Күні:

26.04.2024ж

Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: 20 Қатыспағандар саны: -

Сабақтың тақырыбы:

Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.3.3 - адам ұрығының дамуына шылым шегу, алкоголь мен басқа есірткілер әсерінің салдарын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар эмбриогенез факторларын айтып бере алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Жағымды тілек” әдісі арқылы мұғалім оқушыларға жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады және семинарға шашу шашады. Оқушылар конфет түстеріне қарай 3 топқа бөлінеді.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе

7 мин


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

1-тапсырма контекст негізінде тест тапсырмасы орындалады.

Оқушылардың бұрынғы өткен тақырыптардағы білімін қадағалау, қалыптастыру және функционалдық сауаттылығын арттыруға негізделген тест тапсырмалары алынып, талданады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

-Тапсырмаларға жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

15 мин.


Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында видеоролик көрсетіледі

2-тапсырма Инцидент әдісі арқылы беріледі. Алдымен оқушыларға инцидент туралы қысқаша мәлімет беріледі. Оқушылар 15 минут ішінде берілген тапсырма бойынша оқиғаның жай-жапсарын талқылап, пробдема шешу жолдарын қарастырады. 15 минуттан кейін топтар өз ұстанымдарын ортаға салады.

Топтық жұмыс «Инцидент» әдісі

1. Эмбриоуытты заттар дегеніміз не? Эмбриоуытты заттарды азайту жолдары.

2. Ауру бала және ата-ана (қиыншылықтар, ауыртпалықтар). Дені сау ұрпақ туылу мүмкіндігін арттыру шаралары.

3. Алкоголь, никотин мен есірткінің адам эмбрионының дамуына әсерін сипаттаңдар. Саламатты Қазақстан.


Әр топ атынан өздері дайындаған жобасын қорғауға спикерлер шығып, топ алдында сөйлейді. Олар өздері дайындаған слайдтарын немесе плакаттарын қолданады.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

-Тапсырмаларға жауап береді

ИТ


ДК

Сергіту сәті

Мұғалім жұмбақтар жасырады

1. Табаққа түспес,
Қазанға піспес,
Оны ішпей адам өспес.

3. Әрі төсек,әрі үй.

Иесі оның сәби.

4. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? (ана)

3. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім? (әке)

4.Маған да, саған да,
 Жақын туыс бес адам.
 Үш әріптен тұратын.
 Онға оқы, солға оқы
 Өзгермейді еш одан.
 Бәрі-де өз жұртың
 Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)

1.Онда әкем-шешем тұрады,
Ата-әже бауырым.
Бәрі бірге қосылып,
Бір ұғымды құрады.



(Отбасы)



(Ана сүті)



(Бесік)






3-тапсырма

Оқулықта берілген мәтін бойынша тест тапсырмаларын орындатады

Дескриптор: Жалпы - 4 балл.

1. Никотиннің болашақ нәрестенің дамуына әсерін сипаттайды.

2. Ата-ананың, әсіресе ананың жүктілікке дейін және жүктілік кезінде алкогольді ішімдік ішуі мен нәрестенің дамуында орын алатын потология арасындағы байланысты анықтайды.

3. Алкоголь, никотин мен есірткінің адам эмбрионының дамуына әсерін сызба түрінде көрсетеді.

4. Алкогольді ішімдік ішу адам эмбрионының дамуы кезінде дамудың бұзылуына апарып соғатынын мысалдар келтіріп дәлелдейді.



Оқулық, жұмыс дәптерлері.




3-тапсырма

Оқулықта берілген талдау және синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Темекі шегу, алкогольді ішімдік ішу, есірткілік заттарды пайдаланудың адам эмбрионының дамуына кері әсерін төмендетуге бағытталған әлеуметтік, ағарту, педагогикалық және заң шараларының рөлін бағалайды.

2. Қандай жағдайда ата-аналарды ұрпағында туа бітті пайда болған патологияның қалыптасуына жауапты, қай кезде жауапты емес деп есептеуге болады? Жауаптарын негіздейді.



Оқулық, жұмыс дәптерлері.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23






Тексерілді: Н. Ыбырай

















Тест сұрақтары


Ұрыққа теріс әсер ететін факторлар


Физикалық эмбриотоксиндер


Химиялық эмбриотоксиндер


Биологиялық эмбриотоксиндерді ата


Ұлттың денсаулығын сақтаудың маңызды факторы болып табылады

1)

2)

Сыртқы факторлардың зақымдаушы әсері ең ауыр салдарға апарып соғатын екі кезеңді ата

1)

2)

Денсаулығы мықты ұрпақ туу үшін ата-ана тиіс


Ер адамға темекі шегу және алкогольді ішімдіктер ішуді тоқтату ұсынылады


Болашақ ана темекі шекпеуі, алкогольді ішімдік тиіс уақыт аралығы


Эмбриогенездің ерте сатысында түсік тастауға апарып соғуы мүмкін жағдайлар


Анасы жүктілік кезінде алкогольді ішімдік ішсе, онда дамуында дамуында ақауы бар баланың туылу ықтималдығы пайызы


Анасы жүктілік кезінде алкогольді ішімдік ішсе, ондадене массасы өте аз, гипоксия, дамуы баяулаған бала туылу ықтималдығы пайызы


Темекі шеккен анадан туған балада аутизмнің даму тәуекелі неше пайызды құрайды –



Психомоторлық қызметке жауапты ерекше генге әсер етуі мүмін химиялық эмбриотоксин


Жүктілік кезінде алкогольді ішімдік ішкен әйелден қандай бала туылуы мүмкін






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!