Материалдар / Ашық сабақ ,Тақырыбы: Топырақтың ластану көздері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ ,Тақырыбы: Топырақтың ластану көздері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға қосымша көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2021
1797
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Қаралған» «Бекітемін»

2 ЦӘК мәжілісінде Директордың ӘЖЖ орынбасары

2 ЦӘК төрайымы _______ Құлбалаева А.Е. ______ Құрбанбаева А.Б. «_____» ____________ 2018ж «_____» ____________ 2018ж



Директордың оқу ісі

Жөніндегі орынбасары

___________ Джаумытбаева О.С.

«______» ___________ 2013ж

ЖАЛПЫ КӘСІПТІК ПӘНДЕР АПТАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН

«ЭКОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ





ТАҚЫРЫБЫ:ТОПЫРАҚТЫҢ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ










ПӘН МҰҒАЛІМІ: САУЛЕБАЕВА Г.Қ.














ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ - 2018Ж.

Cабақтың тақырыбы : Топырақтың ластану көздері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге топырықтың ластану көздері топырақ ластануының зардабы, топырақ ластануының жолдары, топырақ ластануының түрлері , деградация туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыра келе, сұрақ-жауап, әр түрлі деңгейлік тапсырмалар негізінде студенттердің бір – бірімен пікірлесе отырып ортақ қорытынды шығаруға, өз ойларын еркін жеткізе білуге баулып, білім- білік дағдыларын қалыптастырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, еліне деген мақтаныш сезімін ояту. Туған өлкесінің, жерінің табиғатын қорғауға баулу, салауатты өмір салтын сақтауға, тапқырлыққа, алғырлыққа, шығармашылықпен жұмыстануға баулып, эстетикалық және патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топтық тапсырмалармен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: Проектор,слайдтар,сыни ойлау стратегиясы тапсырмалары, карточкалар.

Пәнаралық байланыс: Биология, генетика, физика,химия, география, т.б.

Сабақтың ұзақтығы: 80 минут

Студент саны: 27

Өткізілетін орны: 303 кабинет









Сабақтың құрылымы және хронокартасы: 80 минут.


І. Ұйымдастыру: (5 мин)

1) Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

2) Оқушыларды сабақтың жоспарымен таныстыру.

ІІ. Үйге берген тапсырманы тексеру (20 мин)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (25 мин)

ІV. Сабақты қорытындылау (3 мин)

V. Жаңа сабақты бекіту (20 мин)

VІ.Бағалау (3 мин)

VІІ.Сергіту (3 мин)

VІІІ.Үйге тапсырма (1 мин)





















І. Ұйымдастыру:1) Сәлемдесу, студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.

2) Студенттерді сабақтың жоспарымен таныстыру.


«Табиғаттың бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, бәрі шындық, адасу мен жаңылысу тек қана адамда болады»

                                                                                                    Гете.

II. Үй тапсырмасын сұрау

- Ал балалар біз бүгін үй тапсырмаларын сұрау үшін «Бинго» ойынын ойнаймыз.

1. Жердің жоғарғы жағынан гидросфера және атмосферамен шектескен сыртқы қатты қабаты не деп аталады. (Литосфера )

2. Биік таулы аудандарда жер қыртысының қалыңдығы неше км-ге дейін жетеді ? (70-80 км)

3. Жер қабығының жоғарғы бөлімі.

(Шөгінді қабық)

4. Литосфераның жоғарғы бөлігі болып табылатын жер қыртысының 90%-дан астамын құрайтын 8 химиялық элементті ата.

(Оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний)

5. Топырақтану ғылымының негізін салушы ?

(Владимир Владимирович Докучаев )

6. Жердің ішкі құрылысы қандай қабаттардан тұрады?

(Жер қыртысы, мантия, ядро)

7. Тау жыныстары шығу тегіне қарай қандай болып бөлінеді?

(Шөгінді, магмалық, метаморфты)

8. Жер астындағы балқып жатқан отты заттан пайда болған тау жыныстары қалай аталады?

(Магмалық )

9. Шөгінді жыныстар қандай болып бөлінеді? (Органикалық, кесек, химиялық)

2- тапсырма «Өрмекші торы» ойыны

Бұл ойында шеңбер құрып,бір-біріне сұрақ қояды.Ж









«Ребус» шешу





















Сонымен студенттер сендер бұл ребусты шешу арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбың таптыңдар. “Топырақтың ластану көздері”

Топырақтың ластануы — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі.  















Табиғи ластану биосферадағы табиғи процестердің нәтижесінде – топыраққа атмосферадан, литосферадан, гидросферадан әр түрлі химиялық заттардың түсуі арқылы, мысалы, тау жыныстарының желмен ұшуы немесе жаңбыр мен қар сулары арқылы жүреді.

А нтропикалық фокторлар дегеніміз - айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әректінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін  табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер , ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр-түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі.Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бұкіл  тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су айналысының бұзылуы, жердің құнарсыздануы, қуаншылық, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың өзгеру құбылыстары үдей түседі.













Физикалық ластану радиоактивті заттектермен байланысты ластану түрі. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.

Биологиялық ластану — ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқада ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойында сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақта қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.

Химиялық ластану — топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады.

Химиялық ластаушылар

Бірінші топқа топыраққа жоспарлы түрде, белгілі бір мақсатқа бағытгап, қолданылған химиялық заттар жатады. Олар пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұл препараттар шамадан артық мөлшерде болса топырақты ластаушылар болып шыға келеді

Екінші топқа топыраққа сұйық, қатты, газ тәрізді қалдықтармен бірге кездейсоқ түскен химиялық заттар жатады. Бұған топыраққа мал шаруашылығы мен өнеркәсіптен, монша, емдеу-санитариялық және малдәрігерлік мекемелерден ағып шыққан сулар мен нәжіс және зәр араласқан қалдық суларды жатқызуға болады.

Ластану жолдары. Өнеркәсіптік орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8—10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіпорындарының маңында көмірсутек буларының тұнуынан болады. Түсті металл кендерін алу және байыту процестерінен де топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың химиялық ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Соңғы кездері мұнайға байланысты ластану жиі кездеседі.

Топырақ ластануының зардабы:

Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады.

Топырақ мұнаймен ластануы

Мұнаймен ластанған топырақ қасиеті көптеген физико-химиялық өзгерістерге ұшырайды.

Мұнаймен ластанған топырақта көміртегі мен азоттың арасындағы салыстырмалы көрсеткіші жылдам өсіп кетеді,ол топырақтың азот режимін нашарлатады және өсімдіктің тамырымен қоректенуін бұзады, топырақ бөлшектерінің суды сіңіру қасиеті төмендейд. Бұдан басқа,мұнай жерге төгілгенде және топырақ қыртысына сіңе отырып оттегіні ығыстырады,ал оттегі өсімдік және микроорганизмдердің өмір сүруі үшін қажет.

Мұнай кен орындарын пайдалану процестерінде,мұнайды тасымалдап және қайта өңдеу кезінде көптеген әртүрлі қалдықтар түзіледі. Олардың негізгі бөлігін ашық резервуарларда жиналып сақталған мұнай шламдары құрайды. Бұл мұнай шламдары екінші дәрежелі қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар көзі болып саналады. Сондықтан мұнай өндіруші аймақтардағы құрамында мұнайы бар шламдарды қайта өңдеу,қоршаған ортаны қорғау облысындағы негізгі мәселелердің бірі.Соңғы уақыттарда мұнай өнімдерін ыдырату үшін биологиялық әдіс кеңінен пайдалануда. 

Деградация (латынша degradatio – біртіндеп нашарлау, құлдырау) - біртіндеп жағымды қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе жойылуы, құлдырауы.

Топырақ деградациясы- кері әсерлі химиялық және физикалық жағдай салдарынан топырақтың әрбір қасиеттерінің нашарлауы, жойылу.





























Топырақ ластануынан тарайтын аурулар:сіреспе, тырысқақ,батулизм, сальмонеллез,дизентерия, ішек инфекциялары т.б.

Қазақстанда 12 млн жер жел эрозиясына, 5 млн су эрозиясына ұшыраған. 6,5 млн га жайылым әртүрлі деградацияға ұшыраған.

Қазақстан Республикасының топырағының деградациялануының ең басты проблемасы жердің жеке меншікке өтуі.

Дұрыс қолданылмаған агротехника - агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізінде ауыспалы егіс болмауынан және қоректі заттектердің топыраққа жеткілікті түрде келмеуінен гумус мөлшері төмендеп, топырақ құнарлығы бірітіндеп азаюы.

Техногенді шөлдену - адамның өндірістік әрекеттері мен ауа райының өзгеру нәтижесі.

Топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:

  • табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;

  • қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;

  • топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;

  • зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;

  • қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір түрлерінің қолданылуын шектеу;

  • ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен күресу үшін химиялық әдіс.

Жаңа сабақты бекіту.

1-тапсырма:

«Миллион кімге бұйырады» ойыны













1. Топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі.

A) Деградация B) Топырақ эрозиясы

С)Топырақтың ластануы D.) Топырақтың құнарсыздануы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!