Материалдар / Ашық сабақ. Тақырыбы:Бөлме өсімдіктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Тақырыбы:Бөлме өсімдіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлме өсімдіктер туралы түсінік беру. Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын , оларды баптап, күту ережелерімен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, табиғатты аялауға, сүюге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
353
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөбекжай әдіскері: Мулдашева М.Ж

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«Нұрбалапан» бөбекжайы МКҚК.

Күні: 19.11.2020

Тобы: «Балдырған» кіші тобы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы:Бөлме өсімдіктері

Мақсаты: Бөлме өсімдіктер туралы түсінік беру. Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын , оларды баптап, күту ережелерімен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, табиғатты аялауға, сүюге үйрету.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,әңгімелеу, сұрақ-жауап,ойын

Қажетті көрнекі құралдар: Бөлме гүлінің суреттері

Тәсілдер кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Cәлеметсіздер ме,балалар!

- Балалар, бәріміз шаттық шеңберін құрып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілеп, қуаныш сыйлайық.

Шаттық шеңбері

Көк аспанда күн күліп

Бірге күлсін бүлдіршін,

Ұл қолында ту жүрсін!

Қыз қолында гүл жүрсін!

Бірге күлсін бүлдіршін.

-Балалар отырады.
-Балалар жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күз айларын атайық?

-Күз айында табиғатта қандай өзгерістер болады?

Сәлеметсіз бе, апай!





Балалар бір-біріне жақсы тілек тілейді.





-Күз

-Үш

-Қыркүйек,қазан, қараша


-Балалардың жауабы

Іздену ұйымдастырушы

Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырайын  шешуін табуға тырысып коріңдер. Мұхият тыңдаңдар.

Жұмбақ:

Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасаң сәні бұзылады.

Бұл не?

Дұрыс. Жарайсыңдар,

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі Жаратылыстану

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері

-Ендеше бүгін біз бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз. Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Олардың көптеген түрлері болады.

-Енді балалар тақтаға назарымызды аударайық, міне, мынау раушан гүлі. Гүлінің түсі қызыл, хош иісті болып келеді екен. Раушан гүлі өте әдемі, бөлмемізді әдемі етіп тұрады. Ал мынау, алоэ өсімдігі. Жапырақтары тікенді болып келген, бірақ тікені қолымызға кірмейді. Алоэның емдік қасиеті бар, дәрі-дәрмек. Егерде, жүгіріп бара жатып, жарақат алған жағдайда осы алоэ кескінін кесіп алып, жарақат алған жерге тигізіп бір-аз уақыт ұстап тұрсақ жазылады екен. Міне, өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екен.

Енді, гүлдің сырт келбетімен танысайық. Тамыры – сабағы – жапырағы – гүлі. Балалар, ендеше осы айтып отырған гүлдеріміз біздің бөлмемізде бар ма?
Ғажайып сәт: Осы мезетте карлсон ұшып келеді.(Үнтаспада жазылған ұшақ дыбысы жіберіледі)

Карлсон:Саламатсыздарма, балалар!

Үйіме, үйлердің шатырымен ұшып бара жатып( қолмен жоғары жаққа көрсетеді ),сендердің терезелеріңнен өте әдемі бөлме өсімдіктерін көріп, жақынырақ көруге келдім. Мен де үйіме гүл өсіргім келеді,бірақ мен күту, баптау ережелерін білмеймін.

-Қарлсон ,сен мұңайма. Балалармен бірге отырып көріп, үйренуіңе болады.

-Ендеше Карлсонға өсінді отырғызу жолын көрсетейік. Балалар, жақсы көріну үшін қасыма, үстелге жақынырақ тұрыңдар.

Практикалық әрекет: Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет. Ыдысты алып, ішіне жай даладағы топырақ емес, құнарлы топырақ саламыз, жақсы өсу үшін. Содан соң, топырақ ортасына құдықша жасап, гүл өсіндісін отырғызамыз (тамырын көрсету). Енді, осы гүлімізді табиғат бұрышына қояйық.

Балаларға сұрақ:

Балалар, гүл отырғызып, тек осылай қоямыз ба екен?

Дұрыс айтасың, балалар егерде біз тамақ ішпесек не болады екен бізге? Әлсізденеміз, ауырып қаламыз екен. Ал, егерде тамак ішсек, күшіміз көп болады, бойымыз өседі. Сол сияқты өсімдіктер адам сияқты тамақ ішпесе, ауырып қалады. Су құйып, күтіп,баптап тұру қажет екен.
Күту ережелері: Гүлдердің жапырақтарының шаңын сулы мақтамен сүртеміз.Жапырақтары ұсақ өсімдіктерді су шашатын ыдыспен бүркеп-шашып жуамыз. Суды жапырақтарына тигізбей топырағына құямыз.

Сергіту сәті

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Жел күшімен шайқалған









- Гүл деп, жауабын табады.






































-Иә,бар



-Сәлеметсіз бе, карлсон!































-Жоқ, гүлге су құю керек.

-Ауырып қаламыз.




Рефлексивті коррекциялаушы

«Гүл жинау» ойыны

Шарты: Жердегі гүлдерді тез-тез жинау

Мақсаты: Жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

-Жарайды, орындарымызға отырайық. -Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміз ұнадыма?

-Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық?

-Гүлдің құрлымы қандай?


-Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?



-Балалар, жаңағы отырғызған гүлімізді Карлсонға сыйлайық. Келісесіңдерме?
Карлсон:

-Рахмет, балалар, сендер әдепті, білімді екенсіңдер. Бөлме өсімдіктері туралы көп мағлұмат алдым, енді менде гүлдерімді күтіп, баптап тұрамын. Сау болыңдар!!!
Балаларды мадақтау









-Иә


-Раушан, алоэ өсімдігімен Тамыры – сабағы – жапырағы – гүлі болады.

- Бізге қуаныш сыйлайды.

Дәрі – дәрмек. Бөлменің ауасын тазартады.



-Иә






-Сау болыңыз!



Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Бөлме гүлінің бөлмеге сән беретінін және дәрі дәрек жасайтынын

Қандай түсініктерді игерді: Гүлдерді суарып,шаңын сүртіп баптап тұру керектігін

Меңгерген дағдыларды мен іскерліктері: Гүл отырғызу әдісін игерді.

Тәрбиешілер: Гиззатова Н.Ж


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!