Ашық сабақ "Тәрбие бастауы отбасында"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Тәрбие бастауы отбасында"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы жайлы ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәрбие бастауы-отбасында»

Тақырыбы: Отбасы – тәрбие бастауы
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Әдісі: Сұрақ - жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу.
Көрнекілігі: Үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер,
баяндамалар, плакаттар.

Нақыл сөздер:
1. «Анаң - асыл қазынаң, әкең - асқар тау».
2. «Ата - ананың міндеті - тәрбиелеу және жақсылықты үйрету».
3. «Бала - біздің болашағымыз»
4. «Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады».
5. «Бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі».
6. «Балаға сіңірген ата - ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды.

Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле - өлгенше сусындайтын махаббат.
Ғабиден Мұстафин



Қазақ халқының қалыптасқан салт-санасы, әдет дәстүрлері-ғасырлар идеологиясы. Олардың түсінік- нанымы әлемдік санамен ұласып, ғарыштармен ұштасып жатады. Әр халық ұрпақсыз болмайды. Әр адам жетпеген арманға, шығатын биікке тек қана ұрпағымен жетуді мақсат етіп, үміт артады.

Осы қағиданы мықты ұстанған халық баланың болашағын тәрбиеден бастайды, сонан соң ғана ұлт тілін, тарихын, бабалар мұрасын,аналар тілегін орындау үшін білім мұхитына сапар шегеді.Халықтың кейінгі ұрпағына қалдырған тәрбие үлгілерін тек кешегі, күні өткен десек мықты қателесеміз.Тәрбие өнегелері-үзіліп қалмайтын үрдіс, ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жалғасып мәңгі жасайтын құбылыс.Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты-ата-бабалардың үлгі өнегесі,ақыл-кеңесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздік-дербестікке ұмтылысы. Бұл алдан күткен арманы,ойға алған негізгі мақсаты.

Қазақ өмірі-тәрбие оқулығы.

Қазақ халқының үй-іші тәрбиесіне таңданған орыс жазушысы,этнограф В.И.Даль 1832 жылы күнделігіне, әділеттілік іздеп шаршаған, бірақ қайрат-жігерін жоғалтпаған, сұңғақ бойлы, әдемі қыз Мәуленді көріп : «Мидай дала, ешбір мектеп, кітап жоқ айнала қараңғылық, бірақ Мәулен өте ғажайып тәрбиеленген»-деп жазып қойған.

М.О.Әуезов : «Бала ата-ананың тағылымымен » -өседі деген.

Ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы мен жаманды таниды дағы, сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» (19-шы қара сөзінен)



Топқа бөліну

Отбасы жайлы мақал — мәтелдер қиындылар бойынша топқа бөліну. Мұғалім қиындылар таратады.

Оқушылар мақал — мәтелдер құрап, 2 топқа бөлінеді. «Әке-асқар тау, шеше- жағасындағы бұлақ, бала- баурайындағы бұлақ», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тоң пішер», «Қызың жақсы болса — аспандағы жұлдызың, ұлың жақсы болса -жағаңдағы құндызың», «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің».



«Әке мен бала әңгімесі » көрініс. «Ой қозғау». Сұрақ-жауап Оқушыларға көрініс көрсетеді. Оқушылар көріністі көріп, негізгі түйінді ойларды жазып отырады, топтар бір — біріне сұрақ дайындайды.



Әрбір топ «Отбасы –тәрбие бастауы» тақырыбы бойынша пікір айтады

3 топқа кеспе қағаз беріледі.

1. Отбасы бақыты деген ол?

2. Білім алуға сендерге жауапты кім деп ойлайсыңдар?

3. Бақыт дегеніміз не?

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес. Бала жат қылықтарға бой алдыруы мүмкін.



ҮІ. Бейне ролик көрсетіледі. Оз ойларын айтады.





Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің,

жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала

алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді.

Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

V. Постармен жұмыс: Ата-ана мен баланың қарым-қатынас ережелерін құрастыру.



Қорытынды:

Отбасының бақыты үшін не керек? деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк алмаға жазып, ал отбасы жағдайын бұзатын ойларыңызды сары алмаға жазып ілулі тұрған алма ағашына апарып жапсырыңыз.



Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі. Сары алма көп болса, отбасында қауіп – қатер, жайлай бастағаны. Ал көк алма көп болса сіздің отбасыңызда бақыттың орнағаны, сыйластық, бақыт, адалдық.



Үлкендер бата бергенде көктеп көгерер, ұрпақ жай деп жатады. Отбасы бақыты үшін мына өздеріңіз жазған жақсы ойлардың барлығы керек.



Біз сіздермен жанұядағы ата – ана мен оқушы арасындағы қарым қатынастың түрлі жақтарын, жан – жақты талқылауға тырыстық. Отбасы – ұшқан ұя., жылылықтың. Жылулықтың мекені. «Отбасы атауының» Мәніне терең үңілер болсақ оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы жаттығуын»

Тілек айта отырып, жүргізейік. Бір – бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерімізбен бөлісіп, ойларыңызбен бөлісіу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2021
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі