Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ тәрбие "Тәртіп-тәрбие бастауы, тәртіпсіздік-өміріңнің қас жауы" 4ә сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Тәртіп- тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас-жауы» Тәрбие сағатының мақсаты:
Тәрбиенің өмірлік қажеттілігін
оқушыларға түсіндіру. Тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор
екендігі түсіндіру. Өз ойларын еркін айтуға
үйрету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, құқық бұзушылық жайында
видеолар, суреттер, нақыл
сөздер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. II. Бейнеролик III. Жағдаяттарды шешу
IV.Ұлағатты пікірлер
V. Психологиялық тренинг. VI. ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БАЛА
ТӘРБИЕСІ
VII. Қорытынды.
«Баста таза жаратты, сен таза бол,
Ұқсаң анық айттым ғой, бұл – тура жол.
Мақтан күйлеп, арамнан мал жинасаң,
Орның – тозақ, сорлы сен, айтқаным сол»
Шәкәрім
Саламатсыздар ма оқушылар. Бүгін «Тәртіп- тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас-жауы» атты ашық тәрбие сағатын бастаймыз
Ұл жарытып ас бермес,
Әке өнегесін көрмесе.
Қыз ақылды ескермес,
Ана үлгісін көрмесе ,-деген халық даналығымен тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Тәртіп - латын тілінен аударылған – адамдардың белгілі бір қауымдастығындағы, тіршілік қарекеті саласындағы реттіліктің, жөн-жосықтылық пен ұйымшылдықтың сапалық сипаты; адам мінез-құлқының қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына не әлдебір ұйымның жарғылық талаптарына сәйкестігі. Тәртіп тұлғаның ұстамдылығын, іштей ұйымдасқандығын, жауапкершілігін, өз мақсаттарына бағыну мен қоғамдық нұсқауларға (заңдар, әлеуметтік нормалар, қағидалар) бағынуға әзірлігі мен дағдысын қамтиды.
Оқушылардың тәртібі - оқу орнында белгіленген тәртіпті қатаң және дәл сақтау, өз міндеттерін, мұғалімдер мен оқушылар ұжымының талаптарын мүлтіксіз орындау, өз борышына саналы қарау болып табылады.
Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
-
Адамға ғылымнан бұрын тәрбие беру керек. Тәрбиесіз ғылым зұлымдыққа апарады.
-
Тәрбие - адамға сапалы өмір сүргізеді.
-
Тәрбие - адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен мәнін, ой өрісін қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды танытады.
-
Адам дүниеге келгеннен бастап өмір сүруге, дүние тануға құқылы. Адамның ерік-тілектері, іс-әрекеттері басқа адамның құқығын бұзбауы тиіс.
Тәртіпті бала сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді – дегендей, оқушыларға қойылатын алғашқы сұрағымыз – «Тәртіпке бағын жасыңнан...» деген сөзді қалай түсінесіздер, тәртіп туралы ой – пікірлеріңізді айта отырсаңыздар. (Оқушылар пікірін тыңдау)
https://youtu.be/WV2EHIupaMo?si=z_mo8RKDgex_LqNe
-
«Менің атым -Қожа» фильмінен үзінді көру . 1- бейне көрініс. Қожаның әрекетін оқушылар жиналысында талқылау.
-
- Қожа қандай әрекеттері үшін жазаланып отыр?
-
- Қожаның тәртібі мектепте қандай болған ?
-
- Ұстазы Қожаның тәртібі кімдерге байланысты деп айтты?
-
- Сендер Қожаның жолдасы болсаңдар қандай көмек берер едіңдер?
2-бейне көрініс. Қожаның өзіне- өзі есеп беруі. Бұл бейнеден не түсіндіңдер? - Күн сайын өзіне- өзі есеп беру баланың жақсы азамат болып қалыптасуына оң әсерін бере ме? - Сендер өз өздеріңе есеп бересіңдер ме?
-
- Яғни тәртіпті бала қандай болу керек? Өздеріңді тәртіпті санайсыңдар ма?
Тәрбиеші: Ұлт мұраттарының , ұлы байлықтарының бірі - жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі -тәртіптің құлы, тәртіпті елдің- ұлы»десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазады. -Бәрі де шындық . Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры тәлім- тәрбие ісінде жатыр
-
1) Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?(Қазіргі кезде адам бойынан көбінесе тәртіпсіздік, бірін- бірі сыйламау, адамдарға деген дөрекілік, өтірік айту, сабақтан қашу сияқты жаман әдеттерді байқауға болады )
-
2) Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың ? Кей адамдар өте жалқау болып келеді. Еңбек еткісі келмейді. Ата анасының тапқанын шашады.
Дана :Тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімінен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, «Әке ұлағаты» мен «Ана тағылымын» көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін, елінің болашағын, халқының қамын ойлайтын, жоғын жоқтайтын, парасатты, ой-өрісі кең, дүниетанымы жоғары, жан-жақты, білімді де білікті, ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.
Юсуфхужа: Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиенің табысты болуы ата-аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, ынтымақтастығына, отбасында бір-бірін түсінушілігіне, өзара қарым-қатынасына, көзқарастары мен мақсаттарының бірлігіне байланысты.
Нұрәділ: Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек..
Айару: Баланың жақсылығын да, жамандығын да, жемісі мен жеңісін де көретін ата-анасы! Қай заманда болсын, ата-ананың басты арманы – баласының инабатты, ізетті, еңбексүйгіш, ержүрек, адал, қайырымды болуы. Соған өз балаларын тәрбиелейді. Баланың көп уақыты отбасымен бірге өтеді. Бала дүниеге келген күннен бастап ұлттық тәрбиені санасына сіңіре берсе, өсе келе бала зиянды нәрселерден аулақ болады. Сондықтан да, ата-ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап және қадағалап отырады.
Сабина: Балаңа беске дейін патшаңдай қара, он беске дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң досыңдай бағала – деген бабалар өсиеті бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін ұлттық тәрбие энциклопедиясы болып табылады.
«Адам тәрбиелеу, өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу – азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы» деп В.А. Сухомлинский айтқан.
Келесі кезекте оқушылар ұлағатты пікірлер оқиды:
-
Тәрбиелі – тәртіптің құлы,
Тәртіпті – елдің ұлы. Б.Момышұлы.
2.Тәртіпсіз ел – ел болмас,
Тәртіпке бағынған – құл болмас. (Бауыржан Момышұлы)
3.Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық .(Ғабиден Мұстафин)
4. Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ. С.Сараи
5. Түріне қарама, тәрбиесіне қара. М. Қашқари
6. Тәрбие –адам тағдырын шешетін ұлы іс. Белинский
7.Жақсы жанұяда жазалау деген атымен болмайды. Ал бұл- жанұя тәрбиесінің ең дұрыс жолы. Макаренко.
8. Балаларды тәрбиелеу- еңбек әрі борыш. Достоевский.
9. Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы-сөз. Олжас Сүлейменов.
10. Тәрбие беру мен білім беру-ажырағысыз ұғым. Білім бермей тұрып, тәрбиелеуге болмайды, ал берген әр білімің тәрбиелік ықпал жасайды. Толстой.
Бейнетаспа тәртіпсіздік неге апарады? Назар аударыңыздар.
1.Ойын «Жалғастыр», «Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.
Ұстаз сөйлемнің басын айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) - Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) - Құстарды ...........................(атуға болмайды.) - Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) - Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.) - Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі) - Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) - Үлкеннің тілін...................(алу керек..) - Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) - Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) - Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.) - Тәртіпті .........................(болу керек) - Сабақты……………….. (жақсы оқу керек)
1. Өзіңе көмектескен адамға немесе жолдасыңа не деп айту керек?
- Рахмет
2. Тамақ ішіп болған соң не деу керек?
- Тамағыңыз дәмді екен, рахмет.
3. Біреу өзіңе рахмет айтса не дейсің?
4. Байқаусызда біреуді қағып кетсең не деу керек?
- Кешіріңіз.
5. Сыныпқа кешігіп келсең не істер едің?
- Мұғаліммен, жолдастарыммен амандасып, кешірім сұрар едім.
6. Мектептен, қонақтан қайтқан кезде не дегенді ұмытпау керек?
- Сау болыңыз.
«Ситуациялық сұрақтар»
1. Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың
шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жолдастарының жол шетінде тұрған қарияға қарар түрі жоқ. Жарыстың аты – жарыс. Қанат қарияның жолын кесіп кетті. Қанаттың қылығы дұрыс па? Егер Қанаттың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
2. Үйде отбасыңмен теледидар қарап отырсың делік. Болып
жатқан бағдарлама саған мүлде ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны қатты көргің келіп отыр. Не істер едің?
-
Мектептегі әдептілікке нелер жатады?
Мектептегі әдептілікке мектеп ережесін сақтау, сабаққа кешігіп келмеу, мұғалімдермен, жолдастарыңмен дұрыс амандасу, мектеп мүлкін сақтау, сабаққа дұрыс дайындалып келу, үлкендер мен кішілерге дөрекілік көрсетпеу т.б. жатады.
Амандасу - әдептіліктің басы. Оқушылар, сендер бір –бірлеріңмен, ұстаздармен амандасқанда не деп айтасыңдар?
Әрқашан үлкендерге жастар бірінші болып амандасу қажет. Қол алысып амандасса, қолғабын шешу керек. Әркез инабатты, кішіпейіл бола білу керек. Екі қолыңды қалтаға салып шіреніп тұру - әдепсіздіктің, сыйламағандықтың белгісі.
1-топ. «Бала мен қария» . Әңгіменің мазмұны төмендегідей «Көше бойымен таяққа сүйенген бір қарт келе жатты. Ол әбден қартайғандықтан, бүкірейіп кеткен. Бір бала оған қарсы келе жатты. Әлгі бала оған жақындағанда жол берді. Үлкен адам алғыс білдірді». - Балалар, әлгі бала қандай сөз айтты? - Сәлеметсіз бе, ата, өтіңіз - деді.
2-топ. Әңгіме бойынша көрініс қойылады. Есей, Қарт әже, Бөгде адам Автобуста Есей автобуста отыр еді. Бір аялдамада қарт әжей кірді. Есей орнынан тұрды да «отырыңыз» деді. Әжей Есейге алғыс айтты. Автобус орнынан қозғалғанда Есей байқамай алдындағы адамды итеріп қалды. Әлгі адам ашуланып кетті. Есей «кешіріңіз» деп айтып еді, қайта жадырай қалды.
1. Балалар Есейдің істеген ісі дұрыс па? 2. Есейді әдепті бала деуге бола ма? 3. Есейдің орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер? Әдептілік пе, әдепсіздік пе?
3-топ. Серік партада тамақ жеп отырды. Сыныпқа бір үлкен кісі кіріп, мұғалімнің қайда екенін сұрады. Ал Серік тамағын жеп отырып, кітабын ақтарып, әлгі кісіге білмеймін деп жауап берді. - Балалар, бұл әдептілік пе, әдепсіздік пе? - Қалай жауап беру керек еді?
Барлығымыз Психологиялық тренингке қатысамыз. Бойымыздағы «Жаман қасиеттерден арылайық!» Қағаз таратылады. Жаман қасиетімізді жазып, қара жәшікке жазған қағазымызды саламыз.
ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІ туралы айтады.
Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан баста- лады.. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Бала тәрбиесі ешқандай ұлт таңдамайды, тәрбие барлық ұлтқа қызмет етеді. Алайда, әр елдің балаларының бала тәрбиелеу ісі бір-біріне ұқсамайды.
Австрия. Балаларды тәрбиелеу үшін жан-жақты жолдарды қарастырады. Әлемдегі ең қатал ата-аналар Австрия елінде десек те болады. Балаларына қанша қатал болса да, оларға ойыншықтарды көп қылып алып бергенді ұнатады.
Куба. Бала тәрбиесімен аналар немесе әжелер айналысады. Олардың уақыттары болмаған жағдайда көмектесетін балабақшалар бар. Ал тәрбиешілерді шақырмауға тырысады. Қыз балаларды үй шаруасына икемді етіп тәрбиелесе, ұл балаларды мықты болуға үйретеді. Балалар ата-аналарымен сыр бөліскенді ұнатады.
Германияның балалары. Германия мектептерінде міндетті түрде экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылады. Бұл - ежелден қалыптасқан жүйе. Мысалы, мұғалім бүгін шоколад туралы, оның құрамы жөнінде сабақ өтті ме, онда ертең балалар шоколад музейіне немесе фабрикаға саяхат жасайды. Олар фабрикада өнімнің қалай жасалып жатқанын өз көздерімен көріп, біледі.
Румын балалары. «Үлкендерге құрмет көрсету керек», «ата-ананы жақсы көріп, сыйлай білу керек», сонымен бірге «әрқашан әділ болу» керек. Мұндай өнегелі сөздерді румындықтар балаларына үнемі үйретіп отырады. Ата-әжелері немерелеріне ата-бабаларының тарихын баяндап, румын халқына тән салт-дәстүрлердің берік сақталуына, бағалануына және мұның бәрі тәрбие арқылы іске асуына күшін салады.
Қорытынды:
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білегінен»үзінді оқып
аяқтаймын.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға
Ақыл шырақ, қара түнді ашатын,
Білім жарық, нұрын саған шашатын
Білікті тыңда ақылдың бұлағы
Білімді сөз – шырын жанның құнары
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?
Олай болса, уысыңнан шығарма
Тартар күйік, ет кескендей етінен
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде
Өмірімен қуантады түбінде
« Бір түп раушан өсіріп, алғашқы гүлдің қуанышына бөленудің, гүлді адамға беріп, сол сәттен толғанысты бастан кешудің, жаңа адамды тәрбиелеудегі маңызы, егістік жерді жыртумен, астық өсірумен, ащы тер мен алақандағы күсті және еңбек рақатын танумен бірдей»,- деген В.А.Сухомлинский.
А.С.Макаренько: « Тәртіп – бұл тек қана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу белсенділік, жауапкершілік тәртібі. Тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез – құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырады. Тәртіп ұйымшыл ұжымда дамиды және бекиді. «Тәртіп – бұл ұжымның бет - әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі» - деген сөздерімен аяқтаймыз.
Юсуфхужа: Тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатында мен достарым мен сынып оқушыларын мектепте үзілістерде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қазақтың ұлттық ойыны асық ойындарын ойнауға шақырамын. Және «Бестас» ойыны.