Материалдар / Ашық сабақ. Тарихи тұлғалар. 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Тарихи тұлғалар. 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып бойынша өтілетін тарихи тұлғалар және көнерген сөздер бойынша жасалған жақсы қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Сәуір 2024
256
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-сабақ.

Бөлім:

5-бөлім: Тарихи тұлғалар.

Педагогтің аты-жөні:

Сураганова Н.К

Күні:

04.12.2023

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тарихи тұлғалар. Көнерген сөздер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;

6.4.3.1 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Мәтіннің атауын талқылайды және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды;

Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсінеді және ажырата біледі;

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Ой қозғау

Мұғалім оқушыларға заттар мен суреттер топтамасын көрсетіп, тақтада берілген сұрақтарға жауап беруге ұсыныс жасайды.

  1. Мына суреттерде қандай ұқсастық бар?

  2. Қай заттың атауын білесің?

  3. Сабақтың тақырыбын болжау.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Өз ойымен бөліседі.



Оқушылар суреттер арқылы тақырыптыбожап, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Мұғалім оқушыларға заттар мен суреттер топтамасын көрсетіп, тақтада берілген сұрақтарға жауап беруге ұсыныс жасайды.

  1. Мына суреттерде қандай ұқсастық бар?

  2. Қай заттың атауын білесің?

  3. Сабақтың тақырыбын болжау.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31мин.


1-тапсырма:

Мағынаны тану кезеңі

Тыңдалымалды тапсырма:


Оқушылар білетін оқиғаны жасырып, аудиомен тыңдатып, қай оқиға екенін анықтау.

Тарихымыздағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Ол туралы әр адам біледі, қанды және аяусыз қасіретті ұмыту мүмкін емес.

Бүкіл әлем тарихындағы ең қорқынышты әскери қақтығыс. Халқымыз үлкен қиындықтардан өтті. Бұл оқиға 4 жылға созылып, Кеңес Одағында өмір сүрген әрбір төртінші адам көз жұмды. Бұл қиын заманда, КСРО халықтары бірігіп, қиындыққа тойтарыс бере алды. Қазіргі ұрпақ, бізге ашық аспан мен бейбітшілік сыйлаған адамдарға ризашылық білдіруі керек, өйткені олардың жасаған ерлігі болмаса, қазақ халқы өмір сүре алмас еді. Бұл оқиғаға қатысқандардың саны азайып келеді, сондықтан, халқы үшін жанын пида еткен ата-бабаларымызды құрметтейік. Осы оқиға кезінде өз өмірін аямаған қазақтың батырлары өте көп болды. Бұл ерлікті ұмытпағанымыз жөн, себебі тарихын ұмытқан халықтың болашағы жоқ. Бұл адамдардың қаһармандығы, жас ұрпаққа үлгі болады деп сенемін!


Топпен жұмыс.

Аудио мәтінді тыңдап болғаннан соң сыныпты (4-6 оқушыдан) топқа бөліп, әр топ жасырынған оқиғаны тауып, ол туралы шағын мәлімет беруі керек. Топқа А4 қағазы мен маркер беріледі.

ҚБ (әр топ бір-бірін бағалайды)


Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

- мәтіндегі жасырынған оқиғаны табады, сол оқиға туралы ақпарат береді


Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК


2-тапсырма:

«Бірге ойлаймыз» әдісі

Жұптық жұмыс.

Мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау.




Дескриптор:

Жалпы – 2 балл.

-Мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды.

-тапсырманы орындайды

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК.








-3тапсырма.

«Асығым алшысынан түссін» әдісі






Тілдік бағдар..






















































Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:


Тыңдалым тапсырмасы:

Жұптық жұмыс. Мәтінді толық тыңдап болған соң, алдын ала дайындалған ашық және жабық сұрақтарды ажыратып, жауап береді. (интербелсенді тақтамен жұмыс)


ҚБ Асық арқылы бағалау (Алшы, тәйкі, бүк, шік)


Көнерген сөздер

Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген сөздер көнелену дәрежесі мен себебі және қолданылу сипатына қарай өзіндік лексика жүйесін құрайды. Көнеру дәрежесі бойынша:

а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз табу, кежеге– кежегесін кейін тарту);

ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер (бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) болып бөлінеді.

Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер. Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыс, сұлтан, барымта, ақ берен, айбалта). Архаизмдер халықтың күнкөріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ, түмен, асадал, дүрия, патсайы, т.б.). Әйтсе де, қайсыбір көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы, жасақ– жасақшы, төре– төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделікті қолданысқа ие болды. Көнерген сөздер тарихи өзгеріп отыратын лексика-семантикалық құбылыс.



Оқушыларға мәтін беріледі. Мәтіннен көнерген сөздерді тауып, теріп жазу керек.

ҚБ «екі жұлдыз, бір тілек»



Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

-ашық және жабық сұрақтарды ажыратады;

- сұрақтарға жауап береді































































Дескриптор: 2-балл

-мәтіннен көнерген сөздерді табады;

-сөздерді қатесіз теріп жазады;

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!